Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Сабақ жоспары

Пән: математика Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері (11 сағ)

Дата: Мұғалімнің аты-жөні:

Класс: Оқушы саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

 9.4.2.1

мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

Сабақтың мақсаттары

мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

 Бағалау критерий

 лері

Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді:

  • мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі
  • мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
  • ресурс бойынша тапсырманы орындайды

«пайызға» қатысты мәтіндік есептерді шешеді

Тілдік мақсаттар

 

Оқытудың тілдік мақсаты

Пәнге қатысты лексика мен терминология

есептің математикалық моделі, өнім, айырмашылық, үлесі(концентрация), пайыздық мөлшер, баға құны

Диалогқа қажетті тіркестер:

Басты мәлімет пен мәндердің анықталуы

Математиканың сәйкес бөлімін таңдау

Сәйкес формула мен теореманы таңдау

Қажет болса бірлікті ескеру

Сәйкес есептеуді анықтау

Есептеу нәтижелерін жүргізу

Мәселе мәтініне сәйкес жауапты көрсету

 Құндылықтарды

 дарыту

- қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;

- құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну;

- ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау;

- ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу;

- еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау білу;

- өмір бойы білім алу; түзудің өмірде, тұрмыста қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу.

Пәнаралық байланыстар

Пән

Химия, биология, экономика

Кезең

Жұмысқа байланысты есептер

Бастапқы білім

Сызықтық теңдеулер, теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Бірінші сабақтың басы

1 минут

5 минут

2 минут

2 минут

Сабақтың басталуын ұйымдастыру.

Оқушылардың сабаққа қатысы мен дайындығын қадағалау.

Оқушылар зейінін шоғырландыру:

Уақыт – физикалық және психикалық процесстердің өтуі, өзгерістің болу мүмкіндігі туралы шарттар. Шартты салыстырмалы шама материяның қозғалу шамасы. Уақытты белгілеу үшін, әдетте t – әріпі қолданылады. Tempus латын тілінен аударғанда уақытты білдіреді.    Жұмыс – адамның іс-әрекеті; белгілі бір құндылықты жасау үшін немесе басқа адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жасалатын процесс.    Өнімділік – уақыт бірлігінің ішінде белгілі бір өнім жасап шығару қабілеті.    

Оқушылармен бірге сабақ мақсатын айқындау:

- Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен жұмыстанамыз?

- Бұл тақырып бойынша қандай тапсырмалар болады деп ойлайсыздар?

- Сонымен, бүгінгі сабақтың мақсаты «Пайызға» байланысты қолданбалы есептерді шығаруға үйрену.

Қайталау:

  • Қолданбалы есептерді қалай шешеміз?
  • Мәтіндік есептің математикалық моделі дегеніміз не?

Тірек білімдерді еске түсіру

Үлестірме қағаздар

білімланд

Сабақтың ортасы

3 минут

4 минут

15минут

6 минут

Бірінші сабақтың соңы

2 минут

Екінші сабақтың басы

5 минут

15 минут

15 минут

- Мәтін есептер әр түрлі, олардың ішінде пайызға байланыстылары да бар. Жалпы, күнделікті өмірде жұмыс,өнімділік ұғымы қайда қолданылады?Сондықтан біздер күнделікті өмірде кездесетін есептерден бастаймыз.

Twig-bilim.kz: Математика- «Алгоритмдер әлемді қалай өзгертеді?» Фильм көрсету

Жұппен есептер шығару

Дескриптор:

  • мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі
  • мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
  • ресурс бойынша тапсырманы орындайды

«жұмысқа» қатысты мәтіндік есептерді шешеді

Ж Мұғалім бақылайды, жауаптарды тыңдап, бағалау

Жеке жұмыс

Дескриптор:

  • мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі
  • мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
  • ресурс бойынша тапсырманы орындайды

«жұмысқа» қатысты мәтіндік есептерді шешеді

Кері байланыс

-сабақ бойынша қандай сұрақтар бар?

-не түсініксіз болды?

Оқушылар зейінін шоғырландыру:

Жұмысқа байланысты есептерді шешу алгоритмін еске түсіру

Жеке жұмыс

Білімланд сайтынан есептер шығару

Дескриптор:

  • мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі
  • мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
  • ресурс бойынша тапсырманы орындайды

«жұмысқа» қатысты мәтіндік есептерді шешеді

  • нәтижесін есеп шартына байланысты түсіндіре алады

Жауабы интерактивті тақтада көрсетіледі және оқушылардың жұмыстары бағаланады

Топтық жұмыс

№18,№19,№20. Есептерді топпен шығару. Тақтада презентациялау.

Дескриптор:

  • мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі
  • топпен мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;
  • ресурс бойынша тапсырманы орындайды

«бірлескен жұмысқа» қатысты мәтіндік есептерді шешеді

  • нәтижесін есеп шартына байланысты топпен түсіндіре алады

twig-bilim.kz/film/how-algorithms-change-the-world-6044/

Қосымша 1

Рустюмова И.П. Тренажер

288 бет, И.П. Рустюмова

Сабақтың соңы

2 минут

3 минут

Үйге тапсырма: №15-№17. И.П. Рустюмова

Рефлексия:

Бүгінгі сабақта білдім ...

Бүгінгі сабақта үйрендім …

Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларға қолдау көрсету бағытында дұрыс пікірлерін мақұлдап, сұрақтар арқылы жетелеп отырамын. Қабілеті жоғары оқушыларға тереңдетілген деңгей есептерін беремін және сыныптастарының қойған сұрақтарына ойын негіздеп, айқын жауап беру міндетті деп жоспарлап отрымын.

Сұрақ-жауап арқылы бағалау, бірінші сабақ соңында өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Екінші сабақ соңында бағалау критерийлері бойынша қалыптастырушы бағалау болады.

АКТ қолдануда уақыт шектеулігін ескеру, бөлме температурасына бағдар жасап отыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу