Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Алгебра, 9 сынып, презентация. 2 сабақ.


Сабақтың тақырыбы:

Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару

мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару;

Сабақ мақсаты:

Бағалау критерийлері:

мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;

ресурс бойынша тапсырманы орындайды;

концентрация,жұмыс өнімділігі, шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді.

1. Сұрақтар қою:

-Мәтіндік есептерді шешу алгоритмін айтыңыз.

-Математикалық модельдеу дегенді қалай түсінесіз?

-Жұмысқа байлынысты есептерді шешуде нені маңызды деп есептейсіз?

-Концентрацияға байланысты есептердің математикалық моделін құрудың жалпы теңдеуін жазыңыз.

Топтық жұмыс

1-топ: «Концентрацияға» байланысты есеп, №125.

2-топ: «Жұмыс өнімділігіне» байланысты есеп, №122.

3-топ: «Шеңбер бойымен қозғалысқа» байланысты есеп,№128.

Жетістік критерийлері:

мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі;

мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;

концентрация,жұмыс өнімділігі, шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді;

Дұрыс жауапты таңдай алады. (егер екі түбір болса)

Есеп шығару

Жұмысшы белгіленген уақытта белгілі бір мөлшерде деталь дайындады. Егер ол детальдарды күнделікті он деталь артық дайындаса, онда ол жұмысты 4,5 күнге ерте аяқтаған болар еді. Егер 5 детальды кем даярласа, онда 3 күн кешігіп аяқтар еді. Жұмысшы қанша деталь және неше күнде даярлады?

Жетістік критерийлері:

мәтіндік есепті шешу алгоритмін біледі;

мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;

жұмыс өнімділігіне қатысты мәтіндік есептерді шешеді;

Дұрыс жауапты таңдай алады.

Шеңбер бойымен қозғалысқа есептер шығару.

Сұрақтар:

Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығы туралы не айтуға болады?

Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары қалай есептеледі?

Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары қалай есептеледі?

«Шеңбер бойымен қозғалысқа» есептер шығару кезінде төмендегі жағдайларды ескеру қажет:

А) Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығының айырмасы шеңбер ұзындығына тең.

В) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары 2πR/(v1+v2 ) формуласымен есептеледі.

С) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары 2πR/(v1-v2 ) , (v1>v2) формуласымен есептеледі.

Мысал:

Велотректе ұзындығы 60м болатын шеңбер бойымен бірқалыпты және бір бағытта екі велосипед жылжып келеді. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда шеңберді 5 секунд бұрын толық айналым жасайды. Сонымен қатар велосипедтер әрбір 1 минут сайын кездеседі.

Жетістік критерийлері:

мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;

ресурс бойынша тапсырманы орындайды;

шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептің түрін ажырата алады;

шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді;

Есеп шешімінің шартты қанағаттандыратындығын зерттейді.

Жұптық жұмыс

№1.29. және № 1.28.

Жетістік критерийлері:

мәтіндік есептердің математикалық моделін құра алады;

ресурс бойынша тапсырманы орындайды;

шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептің түрін ажырата алады;

шеңбер бойымен қозғалысқа қатысты мәтіндік есептерді шешеді;

Есеп шешімінің шартты қанағаттандыратындығын зерттейді.

Рефлексия

Үй жұмысы:

№128. Шыныбеков Ә.Н. алгебра, 9 класс



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу