Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.
Пән: математика Мектеп: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері (11 сағ) Дата: Мұғалімнің аты-жөні: Класс: Оқушы саны: | |||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 9.4.2.1 мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару; | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаттары | мәтінді есептерді теңдеулер жүйелері арқылы шығару; | ||||||||||||||||
Бағалау критерий лері | Оқушы төмендегі критерийлерді орындаса, оқу мақсаттарына жетеді:
«пайызға» қатысты мәтіндік есептерді шешеді | ||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқытудың тілдік мақсаты Пәнге қатысты лексика мен терминология есептің математикалық моделі, өнім, айырмашылық, үлесі(концентрация), пайыздық мөлшер, баға құны Диалогқа қажетті тіркестер: Басты мәлімет пен мәндердің анықталуы Математиканың сәйкес бөлімін таңдау Сәйкес формула мен теореманы таңдау Қажет болса бірлікті ескеру Сәйкес есептеуді анықтау Есептеу нәтижелерін жүргізу Мәселе мәтініне сәйкес жауапты көрсету | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - құрмет; оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынастың қатар-құрбыға деген сыйластық пен үлкенге деген ізеттіліктің негізі екендігін ұғыну; - ынтымақтастық; топтық жұмыста өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау; - ашықтық; топпен жұмыста өз пікірін ашық айту және топ мүшелерінің пікірін тыңдай білу; - еңбек және шығармашылық; берілген тапсырмаларды орындауда еңбек етудің маңыздылығын ұғынып, шығармашылық қабілетін шыңдау білу; - өмір бойы білім алу; түзудің өмірде, тұрмыста қолданысы арқылы білімінің өмірлік қажеттілігін түсіне білу. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар |
|
| |||||||||||||||
Бастапқы білім | Сызықтық теңдеулер, теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері | ||||||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||
Миға шабуыл 3 минут 5 минут 10 минут 7 минут
10 минут 3 минут 2 минут Екінші сабақ: 2 минут 5 минут 5 минут 5 минут 3 минут 15 минут 3 минут | Алғашқы ұйымдастыру бөлімі. Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылар білімін актуализациялау.
-Мәтіндік есептерді шешу алгоритмін айтыңыз. -Математикалық модельдеу дегенді қалай түсінесіз? -Жұмысқа байлынысты есептерді шешуде нені маңызды деп есептейсіз? -Концентрацияға байланысты есептердің математикалық моделін құрудың жалпы теңдеуін жазыңыз.
Алдыңғы меңгерілген білімді қайталау мақсатында оқушыларды үш топқа бөлу. Топтық жұмыс ұсыну 1-топ: «Қозғалысқа» байланысты есеп, №119. 2-топ: «Жұмыс өнімділігіне» байланысты есеп, №120. 3-топ: «Шеңбер бойымен қозғалысқа» байланысты есеп,№ 10. (тренажер) Дескриптор:
Жетістік критерийлері оқушыларға таныстырылады. Топ оқушылары есепті шешу жолдарын презентациялайды. Мұғалім тапсырма жауабының дұрыстығын бақылайды. Топ оқушылары өз пікірлерімен бөліседі.
Оқушыларға жалпы тапсырма, бір оқушы тақтада орындауы мүмкін. Жұмысшы белгіленген уақытта белгілі бір мөлшерде деталь дайындады. Егер ол детальдарды күнделікті он деталь артық дайындаса, онда ол жұмысты 4,5 күнге ерте аяқтаған болар еді. Егер 5 детальды кем даярласа, онда 3 күн кешігіп аяқтар еді. Жұмысшы қанша деталь және неше күнде даярлады? Дескриптор:
Мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын қадағалайды. Оқушыларға кері байланыс беру, олардың рефлексиясын тыңдау. Сабақ тақырыбы мен мақсатын қайта еске түсіру. Мағынаны ашу кезеңі Оқушыларға сұрақтар қою арқылы алдыңғы білімді еске түсіру Сұрақтар:
Мүмкін жауаптар: «Шеңбер бойымен қозғалысқа» есептер шығару кезінде төмендегі жағдайларды ескеру қажет: А) Екі объект шеңбердің бір нүктесінен бір уақытта қозғала отырып, бірінші рет біреуі екіншісін қуып жетсе, онда сол сәттегі олардың жүріп өткен қашықтығының айырмасы шеңбер ұзындығына тең. В) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен әртүрлі бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары формуласымен есептеледі. С) Егер екі объект радиусы R болатын шеңбер бойымен V1 және V2 тұрақты жылдамдықтармен бір бағытта қозғалатын болса, онда олардың кездесу уақыттары ( формуласымен есептеледі. Ұ Мұғалім басшылығымен тақтада орындау Мысал: №110 Дескриптор:
Тапсырманың орындалуын талдау, қолданылған формуланы негіздеу. ЖЖ Оқушыларға жұпта орындауға тапсырма беру. №113-№119 Дескриптор:
Мұғалім бақылауымен жұптар бір бірін бағалайды. Тақырыпты қорытындылау. | РРТ Алгебра,9 класс. Ә.Н.Шыныбеков Рустюмова И.П. пособие по математике 549 бет Шыныбеков Ә.Н. алгебра, 9 класс | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 минут | Үйге тапсырма: №127, №121 Рефлексия:
| Шыныбеков Ә.Н. алгебра, 9 класс | |||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Қосымша 2
Топтық жұмысты бағалау парағы
Жетістік критерийлері: | талпынды | жетті | Қорытынды | |||
| ||||||
|
1 топ тапсырмасы
Тоғанда 2000 қызыл балық бар, олардың жартысы уылдырықпен. Балықшыға сегіз қызыл балық аулауға лицензия берілді. Ауланған сегіз балықтың ең болмағанда біреуінің уылдырықпен болуының ықтималдығы қандай?
2 топ тапсырмасы
Екі дос кезекті демалыстарының бірінде төрт күнге аңшылыққа шығуды жоспарлады. Бірақ бұлдырық (тетерев) құсты аулау тек жаңбырсыз күндері мүмкін. Сол кезде олар екеуі бір күнде 15 бұлдырық аулайды. Жаңбырсыз ашық күннің болу ықтималдығы 0,25. Аңшылық нәтижесінде олардың 15 бұлдырық аулауларының ықтималдығы қандай?
3 топ тапсырмасы
Волейбол чемпионатына 18 команда қатысты. Жеребе нәтижесінде барлық командаларды 9 командадан екі топқа бөлді. Әдетте бес команда көшбасшылық жасайды. а) Барлық көшбасшы командалардың бір топта болу ықтималдығы қандай? в) Екі көшбасшы команда бір топта, ал қалған үш команда басқа топта болуының ықтималдығы қандай?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды