Екі айнымалысы бар сызықтық емес теңдеулер және олардың жүйелері. Алгебра, 9 сынып, қосымша материал.


Жұптық жұмыс

1.Екі экскаватор бір уақытта жұмыс істеп жер жұмыстарын 3 сағ 45 мин орындайды. Егер олар жеке жұмыс істесе бірінші экскаватор дәл осы жұмыс көлемін екінші экскавторға қарағанда 4 сағатқа жылдамырақ істейді. Егер олар осы жұмыс көлемін жеке жасаса әрбіреуі қанша уақыт жұмсайды?

2. Екі бригада бірігіп жұмыс істеп 18 күнде автокөлік жолын жөндеуден өткізу керек болды. Шындығында, жұмысты бірінші бригада бастап, екінші бригада аяқтады. Нәтижесінде жол жөндеу 40 күнге созылды, бірінші бригада өз жұмыс уақытында барлық жұмыстың өздеріне атқарылған бөлігін толық орындады. Егер олар жеке-жеке жұмыс жасаса неше күнде жөндеу жұмысы бітер еді?

3. Екі комбайын бірігіп жұмыс істеп тапсырманы 6 сағатта бітіре алады. Т Егер бірінші комбайн тапсырманы жалғыз жасаса ол екінші комбайннан 5 сағатқа жылдамырақ жасайды. Бірінші комбайн жалғыз жұмыс жасаса тапсырманы неше күнде аяқтайды?

Үй жұмысы

1.Артель жұмысты 20 күнде орындады. Егер артелде 4 адамға көп болса және жұмыс күні 1 сағатқа артық болса, онда жұмыс 10 күнде орындалар еді. Ал егер артелде 1 адам кем және жұмыс күні 1 сағатқа қысқарса, орындалар жұмыс 30 күнге созылады. Алғашқыда артелде неше адам болды және олардың жұмысты жасау ұзақтығын табыңыздар.

2. Екі бригада бірлесе жұмыс жасап тапсырманы 8 сағатта орындайды. Бірінші бригада жалғыз жұмыс жасаса екінші бригадаға қарағанда 12 сағат жылдамырақ орындайды. Егер бірінші бригада тапсырманы жалғыз орындаса неше сағатта аяқтар еді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу