8 - сыныптағы алгебра курсын қайталау. Алгебра, 9 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A бөлім: Квадрат теңдеулер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

8 - сыныптағы алгебра курсын қайталау

Сабақтың түрі

Практикум сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешеді;

8.2.2.4 Виет теоремасын қолданады;

8.5.2.1 квадрат теңдеулердің қөмегімен мәтіндік есептерді шешеді;

8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді

 Сабақ мақсаттары

Квадрат және квадрат теңдеуге келтірілетін теңдеулерді шешу

 Бағалау

 критерийлері

  • Толық квадрат теңдеуді шешуде жалпы формуланы қолданады;
  • Толымсыз квадрат теңдеуді шешеді;
  • Квадрат теңдеуді шешуде Виет теоремасын қолданады;
  • Бөлшек-рационал теңдеуді квадрат теңдеуге келтіріп шығарады;
  • Квадрат теңдеудің көмегімен мәтіндік есептерді шығарады

 Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика мен терминология: квадрат үшмүше; квадрат үшмүшенің түбірі; квадрат теңдеу; екінші дәрежелі теңдеу; толық және толымсыз квадрат теңдеулер; келтірілген квадрат теңдеу; бірінші немесе басты коэффициент, екінші коэффициент немесе х-тің коэффициенті, бос мүше; дискриминант; екімүшенің квадратын бөліп алу; рационал теңдеу; биквадрат теңдеу; бөлшек-рационал теңдеудің мүмкін мәндер жиыны; бөгде түбір.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: теңдеудің сол жақ бөлігін екімүшенің квадраты түріне келтірейік; ... квадрат теңдеудің дискриминанты деп аталады; берілген квадрат теңдеудің... (түбірлер саны) түбірі бар, өйткені ... ; кез келген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін ... арқылы өрнектеуге болады; берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы бірдей, өйткені ... ; берілген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбасы әр түрлі, өйткені .. ; берілген түбір бөгде түбір, өйткені ... .

 Құндылықтарды

 дарыту

Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу.

 Пәнаралық

 байланыстар

География

 АКТ қолдану

 дағдылары

Тақырыпты талдау барысында Microsoft PowerPoint бағдарламасын қолдану

Бастапқы білім

Квадрат түбір және арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын білу, квадрат түбірлерді таба алу, иррационал өрнектердің мәнін есептеу, бүтін және иррационал өрнектерді ықшамдау дағдылары.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұ

7 минут

1. Сыныпты ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

2. Сабақтың мақсаты мен жетістік критерийлерін оқушылармен бірге талқылау.

3. Оқушылармен «Идеялар қоржыны» атты әдісті қолданып бүгінгі қарастырылатын оқу мақсатына тиісті анықтама, термин, ереже тағы басқа білетіндерін парақшаға жазып қоржынға салу сұралады (парақшаға оқушы аты-жөні жазылады). Мұғалім бір-бірден парақшаны ала отырып есімі жазылмаған оқушыдан алынған парақшадағы тұжырымдамаға толық сипаттама беруін сұрайды.

1 – 2 слайд

Сабақтың ортасы

Ө және М

5 минут

Ж

25 минут

Білу және түсіну

Оқушыларды үстел үстінен парақшаны таңдауды сұраймын. Тандалған парақшадағы квадрат теңдеудің түрін ескере отырып сыныптағы оұушыларды жұптастырамын (келтірлген және келтірілмеген квадрат теңдеуі бар екі оқушы бәр жұп болып отырады). Бос орындарды толтырыңыз.

Теңдеулер

Дискриминантты зерттеу

Түбірлер саны

1

2

3

4

5

6

7

8

Қолдану. Жұптық жұмыс

Тапсырма 1. теңдеуінің және түбірлері болсын. Теңдеудің түбірлерін таппай-ақ,. өрнегінің мәнін табыңыз.

Оқушылар есептің мәтіні бойынша математикалық модель құрастыруы, теңдеуді шешуі және жауабын есептің шартына сәйкес жазуы қажет.

Тапсырма 2. Жас инженер Арман Ермеков «Жас жанұя» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жаңа пәтер алды. Ол балалар бөлмесінің еденіне ковролан төсеуді ұйғарды. Ол үшін ұзындығы енінен екі есе үлкен тіктөртбұрыш тәрізді ковролан сатып алды. Шеберлер ковроланды еденге төсеу үшін оның енінен 30 см және ұзындығынан 1 м 20 см кесіп алды. Егер Ермеков пәтеріндегі балалар бөлмесінің ауданы 17,36 м2болса, осы бөлмеге қойылатын плинтустың ұзындығы қандай болуы керек?

Оқушылармен бөлшек-рационал теңдеулерді шешу алгоритмін еске саламыз. Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу дағдыларын нығайту үшін әрбір теңдеуге Қазақстандағы облыс аты сәйкес келетіндей тапсырманы орындауды ұсынамын. Оқушылар теңдеулерді шешіп, облыстар атауын мәтіндегі көрсетілген түбірдің орнына қойып, өз елі туралы ақпарат алады.

Тапсырма 3. «Ауданы ең үлкен () облыс»;Ауданы ең кіші

() облыс; Тұрғын саны ең көп облыс; Тұрғын саны ең аз() облыс; Қазақстандағы ең биік нүкте - Хан-Тәңірі шыңы орналасқан () облыс; Қазақстанда ең төмен температура тіркелген () облыс(-570 С)».

Теңдеу

Облыс атауы

Атырау

Маңғыстау

Ақмола

Оңтүстік Қазақстан

Алматы

Қарағанды

Тапсырмаларды орындап кез келген жұптар өзара дәптермен алмасып бір-бірін бағаладй.

№ 1 дидактикалық материал

№ 2 дидактикалық материал

Сабақтың соңы

Ұ

3 минут

1. Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: карточканың сыртына сабақтың мақсатын жазу керек.

- Мен түсінген жоқпын ....

- Мен үшін өте күрделі ...

- Мен бәрін түсіндім және орындай аламын ...

2. Бағалау. Оқушылар бір-бірін ауызша критерий бойынша бағалайды.

3. Кейбір оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі.

4. Үйге тапсырма: дескриптор құрып мәтін есепті шешу сұралады.

Екі бригада жұмыс жасап 8 сағат көлемінде жер жыртты. Егер екінші бригада бірінші бригадаға қарағанда 12 сағатқа артық жұмыс жасау керек болса, онда әр бригада жеке жұмыс жасағанда жерді қанша уақытта жыртады. [6]

№ 3 дидактикалық материал

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақ барысында өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына класс оқушыларның сенімді болуы жоспарланған.

Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін.

Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу туруына назар аудару. Сабақ барысында кішікірім денені шынықтыруға арналған жаттығуларды жүргізу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу