Квадрат түбір және иррационал өрнек. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат түбір және иррационал өрнек

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Иррационал сан ұғымын қайталайды;
  • Квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады;
  • Иррационал өрнектерді түрлендіреді;
  • Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылтады;

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Иррационал және рационал сандарды анықтайды;
  • Иррационал өрнектерді ықшамдайды;
  • Квадрат түбір қасиеттерін сандық өрнектерді есептеуде қолданады;
  • Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылтады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- сандардың иррационалдығын дәлелдей біледі;

- квадрат түбірдің қасиеттерінің тұжырымын пайдаланып өз шешімін түсіндіреді;

- иррационал сандар қасиеттері түсінігіне негізделген сандар туралы талқылау жүргізеді;

Пәнге қатысты лексика және терминология:

нақты сандар жиыны; рационал және иррационал сандар; шектеусіз периодты (периодсыз) ондық бөдшек; квадрат түбір;

арифметикалық квадрат түбір; қосындының түбірі және түбірлердің қосындысы; көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі; бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі; санның квадрат дәрежесінің түбірі; иррационал өрнек; түбір астындағы өрнек;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

иррационал санды ... түрінде жазуға/ұсынуға болмайды; иррационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану нәтижесінде...; иррационал сандардың қосындысы ... болады;

иррационал сандардың көбейтіндісі ... болады; көбейткішті түбір таңбасы алдына шығару үшін ...; көбейткішті түбір астына алу үшін ... ; иррационал өрнектің мағынасы болады, егер ... ; түбір астындағы өрнекті жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазуға болады, ... ; бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу үшін ... .

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Геометриямен байланыс – қабырғалары иррационал сандар болатын үшбұрыштың, трапецияның, параллелограммның аудандарын табуда, Пифагор теоремасын қолданып белгісіз қабырғаның ұзындығын табуда жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін 1-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылардың квадрат түбірді есептеп, оның жауабымен сәйкестендендіруге кіші топтарда «Тарсия» бағдарламасымен әзірленген тапсырманы ұсынады. Мұнда оқушылар квадрат сандарды естеріңе түсіріп, олардың жауаптарын табады.

Презентация

Слайд 1-2

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

5-10 мин

10-28 мин

28-38 мин

  • Иррационал сан ұғымын қайталау.

Мұғалім оқушылардан нақты сандар, рационал және иррационал сандар анқытамаларын еске түсіруін ұсынады. Кейін әртүрлі сандарды Венн диаграммасына сәйкес орналастыруға тапсырманы ұсынады. Оқушылар бұл тапсырманы жұпта орындайды. Содан кейін берілген сандардың иррационал немесе иррационал емес екенін анықтайды.

4. Квадрат түбірлерге амалдар қолдануды қайталау.

Мұғалім оқушылардың естеріңе квадрат түбірдің қасиеттерін түсіреді:

Осыдан кейін оқушылар кіші топтарда квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып, түбірлерді көбейтуге, көбейткішті түбір астына/астынан енгізуге/шығаруға қайталау тапсырмаларын орындайды. Бұдан кейін түбірлерді қосуға, квадрат түбірлері бар жақшаларды ашуға, ұқсас мүшелерін біріктіруге, ықшамдауға да тапсырмалар мұғалім тарапынан оқушыларға ұсынылады.

№1. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- Квадрат түбір қасиетін қолданып, өрнекті ықшамдайды;

- Квадрат түбірлерді көбейтеді;

- Өрнекті квадрат түбір астынан шығарады;

- Өрнекті квадрат түбір астына енгізеді.

№2. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- Квадрат түбірі бар өрнектерді қосып ықшамдайды;

- Құрамында квадрат түбірлері бар жақшаларды ашып ықшамдайды;

- Қабырғаларының ұзындықтары иррационал сан болатын үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың, трапецияның ауданын есептейді.

5. Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан арылу.

Мұғалім оқушылармен бірге бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту тәсілдерін қайталайды. Оқушылар ұсынылған тапсырмаларды жұпта орындайды. Мұғалім оқушыларға қиындық туған сәтте көмек береді. Оқушылардың типтік қателері бүкіл сыныппен талқыланады. Мұғалім қажеттілігінше тақта алдында жұмысты орындауды ұйымдастыра алады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

№3. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту тәсілдерін біледі;

- Бөлшекті дұрыс иррационал санға көбейтеді;

- Квадрат түбірлері бар сандарды дұрыс көбейтеді;

- Құрамында квадрат түбір бар өрнектерді дұрыс ықшамдайды.

Презентация

Слайд 3-5

Қосымша 2

Презентация слайд 6-16

Қосымша 2

Презентация

Слайд 17-20

Сабақтың соңы

    • мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу