Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадраттық функция

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадраттық функцияны салуды қайталайды, квадраттық функцияның осьтермен қиылысуын, төбесін табу тәсілдерін қайталайды, квадраттық функцияны зерттейді және қолданбалы есептерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Функция теңдеуі бойынша графикті анықтайды;
  • Квадраттық функцияның осьтермен қиылысу нүктелерін табады;
  • Параболаның төбесін табады;
  • Квадраттық функцияның графигін салады;
  • Квадраттық функциямен сипатталатын қолданбалы есептерді шығарады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды;

- коэффициенттеріне байланысты квадраттық функциялардың графиктерінің орналасуын пайымдайды;

Пәнге қатысты лексика және терминология:

- квадраттық функция;

- парабола;

- парабола төбесі, парабола тармақтары;

- симметрия осі;

- функцияның нөлдері;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- парабола тармақтары ... бағытталған;

- график Ох осінен ... (жоғары, төмен) орналасқан;

- квадраттық функцияның графигі Оу осін ... (жоғары, төмен) қиып өтеді, себебі ... 0-ден (<, >);

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Физикамен, экономикамен байланыс – квадраттық функциямен сипатталатын үрдістерге байланысты есептер арқылы жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар «Квадраттық функция» бөлімін 3-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Мұғалім оқушылардың квадраттық функция, парабола қисығы, оның тармақтарының бағыты, жалпы формуласы жайлы оқушылардың естеріңе түсіреді. Осы ауызша сыныппен қайталауды жүзеге асырғаннан кейін, квадраттық функцияны салу және зерттеу әдістеріңе көшеді.

Презентация

Слайд 1

Сабақтың ортасы

5-10 мин

15-20 мин

20-30 мин

30-38 мин

  • Квадраттық функция графигінің негізгі нүктелері

Мұғалім оқушыларға параболаны салуда қажетті нүктелерді қайталап өтеді. Оларды табу тәсілдерін де қарастырады. Олар:

1) осьтермен қиылысу нүктелері және оларды табу тәсілдері;

2) параболаның төбесі және оны табу тәсілдері.

Бір мысалды презентациядағы слайд бойынша қайталағаннан кейін, оқушылар бүкіл сыныппен слайдтағы келесі 3 тапсырманы орындайды. Мұндағы тапсырмалар сәйкестендіруге, көп таңдауы бар сұрақтарға жауап беруге арналған.

4. Ақиқат немесе Жалған.

Бұл тапсырмада оқушылар слайдта көрсетілген тұжырымдар және графиктер бойынша оның ақиқат немесе жалған екенін айтады. Тапсырмалар бүкіл сыныппен ауызша талданады. Мұғалім оқушылардың жауаптары әртүрлі болғанда немесе сұрақтар болғанда талдау жасайды, қосымша түсініктемелер келтіреді.

5. Квадраттық функцияның графигін салу.

Мұғалім оқушыларға жұпта кестені толтыруды ұсынады. Бұл кестеде оқушылар квадрат үшмүше түрінде берілген өрнекті көбейткіштерге жіктейді, толық квадратты бөліп алады және сол арқылы параболаның негізгі нүктелерін анықтайды. Осы кестені толтырғаннан кейін оқушылар әр берілген функцияның графигін тұрғызады.

Мұғалім оқушылардың жұмысын белгіленген критерийлерге сәйкес бағалайды, сонымен қатар, жұптық жұмыс кезінде әрбір оқушының үлесін бақылайды.

Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге дұрыс жіктейді немесе көбейткішті көпмүше түрінде дұрыс жазады;

- Квадрат үшмүшеден толық квадратты бөліп алады немесе толық квадраты бөлінген өрнекті көпмүше түрінде жазады;

- параболаның осьтермен қиылысу нүктелерін анықтайды немесе қиылысу нүктелері арқылы көпмүшені жазады;

- параболаның төбесін анықтайды немесе берілген төбенің координатасы арқылы көпмүшені жазады.

6. Қолданбалы есептер

Мұғалім оқушыларға топта қолданбалы есептерді шешуді қайталауды ұсынады. Бірінші тапсырманы орындау үшін мұғалім физика курсынан белгілі ақпаратты оқушылардың естеріңе түсіреді. Оқушылар квадраттық функция бойынша есептің мәнмәтініне сұрақтарға жауап береді.

№1. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- Квадраттық функцияның максималды мәнін табады;

- квадарттық функцияның Ох осімен қиылысу нүктесін табады.

№2. Тапсырманың дескрипторы: Оқушы

- Квадраттық функцияның максималды мәнін табады;

- Квадраттық функцияның өсу және кему аралықтарын табады;

- Квадарттық функцияның мәндерін салыстырады.

Презентация

Слайд 2-5

Презентация слайд 6-13

Қосымша 1

Презентация слайд 14

Қосымша 2

Презентация

Слайд 15-16

Сабақтың соңы

    • мин

7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу