«Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін қайталау

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру;

8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі анықтамаларын білу және ұғымдарын ажырату;

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;

8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау;

8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;

8.1.2.4 бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;

8.1.2.5 құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

8.1.2.6 нақты сандарды салыстыру;

8.4.1.1 функциясының қасиеттерін білу және оның графигін салу;

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табу және функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Иррационал және рационал сандарды анықтау;
  • Нақты сандарды салыстыру;
  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;
  • Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіру
  • функциясының қасиеттерін есеп шығаруда қолдану;

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Иррационал және рационал сандарды анықтайды;
  • Нақты сандарды салыстырады;
  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады;
  • Квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіреді
  • функциясының қасиеттерін есеп шығаруда қолданады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін өрнекті түрлендіруде қолдануын түсіндіреді;

Пәнге қатысты лексика және терминология:

нақты сандар жиыны; рационал және иррационал сандар; шектеусіз периодты (периодсыз) ондық бөдшек; квадрат түбір;

арифметикалық квадрат түбір; қосындының түбірі және түбірлердің қосындысы; көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі; бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі; санның квадрат дәрежесінің түбірі; иррационал өрнек; түбір астындағы өрнек;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

иррационал санды ... түрінде жазуға/ұсынуға болмайды; иррационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану нәтижесінде...; иррационал сандардың қосындысы ... болады;

иррационал сандардың көбейтіндісі ... болады; көбейткішті түбір таңбасы алдына шығару үшін ...; көбейткішті түбір астына алу үшін ... ; иррационал өрнектің мағынасы болады, егер ... ; түбір астындағы өрнекті жай көбейткіштердің көбейтіндісі түрінде жазуға болады, ... ; бөлшек бөліміндегі иррационалдықтан арылу үшін ... .

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Тарихпен байланыс мұғалімнің археология ғылымы туралы түсінік беру арқылы жүзеге асады, бұл сөз тесттік тапсырманың кілт сөзі ретінде алынады.

Бастапқы білім

Оқушылар «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімін 1-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-8 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Оқушылар мұғаліммен бірге бөлімнің негізгі теория бойынша сұрақтарды қайталайды:

  • Қандай сандар нақты сандарға жатады?
  • Қандай сандар рационал деп аталады? Иррационал ше?
  • Квадрат түбір деп не аталады? Арифметикалық квадрат түбір ше?
  • функциясының негізгі қасиеттерін атаңыз.
  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін атаңыз.
  • Квадрат түбірі бар өрнектерге қандай түрлендірулер жүргізіледі?

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4-9

Сабақтың ортасы

8-16 мин

16-23 мин

23-39 мин

  • Практикалық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға функциясының графигін салу дағдысын дамытуға арналған тапсырмаларды ұсынады.

Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар слайдтағы дайын жауаптар арқылы өзін-өзі бағалауды жүргізеді.

  • Деңгейлік тапсырмаларды орындау.

Оқушыларға нұсқа бойынша тапсырмалар ұсынылады, бірінші нұсқа – жеңіл, екінші – орта, үшінші – күрделі. Оқушылар өздері қиындық деңгейін таңдайды, тапсырмаларды өз беттерімен орындайды. Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалайды, кері байланыс береді.

Бағалау критерийлері:

Оқушы

  • Бөлшектің бөліміндегі иррационалдықтан дұрыс арылады;
  • Квадрат түбірі бар өрнектердің мәнін дұрыс есептейді;
  • Құрамында квадрат түбірі бар өрнектердің берілген айнымалының мәнінде дұрыс табады;
  • Құрамында квадрат түбірі бар алгебралық өрнектерді дұрыс ықшамдайды.
  • «Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер» бөлімі бойынша тест.

Оқушыларға жеке жұмыс ретінде тест тапсырмасы ұсынылады, ол арқылы оқушылар бөлімді жан-жақты қайталай алады.

Тесттің әр жауабы үшін белгілі бір әріп сәйкес келеді. Егер тестті дұрыс орындап, оларға сәйкес әріптер жазылып алынса, онда кілт сөз пайда болады. Бұл сөз ежелгі халықтың тұрмыс-тарихын, мәдениетін сақталған мұра арқылы зерттейтін ғылымның аты шығады.

Дұрыс жауап: АРХЕОЛОГИЯ.

Археология – тарихи пән, нақты деректер арқылы адамзаттың тарихын зерттейді

Презентация

Слайд 10

Презентация

Слайд 11-12

Қосымша 1

Қосымша 2

Презентация слайд 13

Сабақтың соңы

    • мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация слайд 14

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу