«Квадрат теңдеулер» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: «Квадрат теңдеулер» бөлімін қайталау

Сабақ түрі: Қайталау сабағы

Оқу мақсаты:

8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын білу;

8.2.2.2 квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату;

8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу;

8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану;

8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;м

8.2.2.5 түріндегі теңдеулерді шешу;

8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;

8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

Сабақ мақсаттары:

Оқушылар:

  • Квадрат теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шешу: формулалар көмегімен, Виет теоремасы көмегімен, толық квадратты бөліп алу арқылы.
  • Квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу (биквадрат теңдеулерғ бөлшек-рационал теңдеулер);
  • Мәтіндік есептерді квадрат және бөлшек-рационал теңдеулер көмегімен шешу.

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
  • Қайталау.
  • Практикалық мазмұндағы есептерді шығару.
  • «Квадрат теңдеу» тақырыбы бойынша тест.
  • «Квадрат және бөлшек-рационал теідеулер» тақырыбы бойынша өздік жұмыс.
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

 

 

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Теорема. Егер х1 және х2 – квадрат үшмүшенің ах2 + bx + c түбірлері болса, онда

ах2 + bx + c = а(х - х1)(х - х2 ).

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу сұлбасы:

  • Бөлшектердің ортақ бөлімін табу.
  • Теңдеудің екі жағын да ортақ бөлімге көбейту.
  • Алынған теңдеуді шешу.
  • Түбірлердің ішінен ортақ бөлімді нөлше айналдыратын сандарды алып тастау.

Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

 Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.

 

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді іс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.

 

Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар

 Базалық деңгей

  • Бөлшекті қысқартыңыз
  • Теңдеуді шешіңіз

 Күрделі деңгей

  • квадрат теңдеудің түбірлерін есептемей-ақ, табыңыз .
  • а-ның қандай мәнінде квадрат үшмүшесін сызықтық көбейткіштерге жіктеуге болады.
  • Теңдеуді шешіңіз

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

 Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

 Тапсырмалардың жауаптары өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады. Тапсырмалардың жауаптары слайд презентацияларында жазылған.

 Қосымша 1 жауаптыр.

 Кілт сөз – НИКЕЛЬ.

 Қосымша 2 жауаптыр.

 Нұсқа 1.

  • 1) нақты түбірлері жоқ. 2) 25.
  • 4; 5.
  • 6.
  • .

 Нұсқа 2.

  • 1) нақты түбірлері жоқ. 2) 0,6 және 2.
  • 3; 4.
  • -11.
  • .

Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.

 

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Н. Шыныбеков – 3-издание. – Алматы: «Атамұра», 2012. 288 с.

Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Е. Абылкасымова – Алматы: «Мектеп», 2008. 144 с.

Алгебра. 9 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 21-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2014.

Алгебра. Дидактический материал 9 класс. Учебное пособие для 9 классов 12-летних школ. Алматы «Мектеп», 2011 Авторы: В.Е.Корчевский, А.А.Малая, Я.С.Первушина



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу