file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

«Квадрат теңдеулер» бөлімін қайталау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8-сыныптағы алгебра курсын қайталау

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Квадрат теңдеулер» бөлімін қайталау

Cабақтың түрі

Қайталау сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.1 квадрат теңдеудің анықтамасын білу;

8.2.2.2 квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату;

8.2.2.3 квадрат теңдеулерді шешу;

8.2.2.4 Виет теоремасын қолдану;

8.2.1.1 квадрат үшмүшенің түбірі ұғымын меңгеру;

8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;

8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;м

8.2.2.5 түріндегі теңдеулерді шешу;

8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешу;

8.2.2.7 квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу;

8.4.2.1 мәтінді есептерді квадрат теңдеулердің көмегімен шешу;

8.4.2.2 мәтінді есептерді бөлшек-рационал теңдеулердің көмегімен шешу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Квадрат теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шешу: формулалар көмегімен, Виет теоремасы көмегімен, толық квадратты бөліп алу арқылы.
  • Квадрат теңдеулерге келтірілетін теңдеулерді шешу (биквадрат теңдеулерғ бөлшек-рационал теңдеулер);
  • Мәтіндік есептерді квадрат және бөлшек-рационал теңдеулер көмегімен шешу.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Квадрат теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шешеді: формулалар көмегімен, Виет теоремасы көмегімен, толық квадратты бөліп алу арқылы.
  • Биквадрат теңдеулерді шешеді;
  • Бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді;
  • Мәтіндік есептерді квадрат теңдеулер көмегімен шешеді;
  • Мәтіндік есептерді бөлшек-рационал теңдеулер көмегімен шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар: квадрат теңдеулерді әртүрлі тәсілдермен шешуін түсіндіреді, мәтіндік есептердің математикалық моделін құруды түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Квадрат теңдеу, дискриминант, квадрат теңдеудің түбірлері, биквадрат теңдеулер, бөлшек-рационал теңдеу.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат теңдеуді шешу үшін ...

... түріндегі теңдеу квадрат теңдеуге келтіріледі.

Бөлшек-рационал теңдеуді шешу үшін ....

Бөлшектің бөлімін нөлге айналдыратын сандарды түбірден алып тастаймыз.

Егер ... квадрат теңдеудің түбірлері болса, онда ... жіктелуі дұрыс болады.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Географиямен байланыс мұғалімнің Қазақстан территориясында (Мұғалжар таулары) табылатын металл (никель) туралы ақпаратты ұсыну арқылы жүзеге асады. Бұл металдың аты тест тапсырмасының кілт сөзі ретінде алынады.

Бастапқы білім

Оқушылар «Квадрат теңдеулер» бөлімін 1-тоқсанда өтіп кеткен.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-8 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

  • Қайталау.

Оқушылар мұғаліммен бірге бөлімнің негізгі теориялық сұрақтарын қайталайды.

«Тұжырымды аяқта»:

  • Квадрат теңдеу деп ... түріндегі теңдеу аталады.
  • Квадрат теңдеудің түбірлері ... формуласы көмегімен табылады.
  • Квадрат теңдеудің түбірлерінің саны ... тәуелді.
  • Келтірілген квадрат теңдеу деп ... түріндегі теңдеу аталады.
  • Квадрат теңдеу толық емес деп аталады, егер …

Осыдан кейін мұғалім Виет теоремасын еске түсіреді, квадрат үшмүшенің көбейткіштерге жіктеу формуласын, сонымен қатар, квадрат теңдеулероге келтірілетін теңдеулерді шешуді қарастырады.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Сабақтың ортасы

8-16 мин

16-23 мин

23-39 мин

  • Практикалық мазмұндағы есептерді шығару.

Оқушылар мұғаліммен бірге квадрат теңдеулерді құру арқылы шығарылатын есептерді шығарады.

Есеп 1. Темір қаңылтырдан қақпағы жоқ қорап жасау көзделді. Суреттегі барлық өлшемдер сантиметрмен берліген. Қораптың формасы параллелепипед тәріздес және оның көлемі 48 куб сантиметр. Темір қаңылтырдың өлшемдерін табыңыз.

Есеп 2. Үйдің баспалдағының ұзындығы 5 метрге тең. Баспалдақ табанынан үйдің қабырғасына дейінгі қашықтық қабырға биіктігінен 1 метр кем. Үйдің биіктігін табыңыз.

  • «Квадрат теңдеу» тақырыбы бойынша тест.

Мұғалім тест тапсырмасын орындауды ұсынады. Тапсырмалар жеке орындалады.

Тест сұрақтарының әрқайсысына әріп сәйкес келеді. Егер барлық тапсырмаларды дұрыс орындап, оларға сәйкес әріптерді жазып алса, онда Қазақстанда табылатын металдың аты шығады.

5. «Квадрат және бөлшек-рационал теідеулер» тақырыбы бойынша өздік жұмыс.

Оқушыларға нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Мұғалім оқушылардың жұмыс істеуін бақылайды, сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Тапсырма аяқталғаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын критерий бойынша бағалайды және кері байланыс береді.

Бағалау критерийі:

Оқушы

  • Квадрат теңдеудің түбірлерін формулалар көмегімен дұрыс табады;
  • Квадрат теңдеуді толық квадратты бөліп алу арқылы дұрыс шығарады;
  • Есептің шарты бойынша бөлшек-рационал теңдеуді дұрыс құрады;
  • Бөлшек-рационал теңдеуді дұрыс шешеді.

Презентация

Слайд 10-11

Қосымша 1

Презентация

Слайд 12

Қосымша 2

Сабақтың соңы

    • мин

6. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады:

 Бүгін мен білдім …

 Маған қызықты болды …

 Маған қиын болды …

 Мен ... тапсырмаларын орындадым.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация слайд 13

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 21 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу