Алгебра курсын қайталау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-сыныптағы алгебра курсын қайталау | Мектеп: | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||
Сынып: 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | |||||
Сабақ тақырыбы | Алгебра курсын қайталау | ||||||
Cабақтың түрі | Қайталау сабағы | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | |||||||
Сабақ мақсаттары | 8-сынып алгебра курсын қайталау
| ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы
| ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар сәйкес терминлогияны қолданып, есепті шешу жолын түсіндіреді. Пәнге қатысты лексика және терминология: Квадрат теңсіздік, квадрат теңсіздікті шешу, квадраттық функция, парабола, парабола тармақтары, функция нөлдері, интервалдар әдісі, теңсіздіктер жүйесі, теңсіздіктер жиынтығы, аралықтардың қиылысуы, аралықтардың бірігуі. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Квадрат теңсіздікті ... әдісі көмегімен шешуге болады; Теңсіздіктер жүйесін шешу, ол - .... Теңсіздіктер жүйесін шешу үшін ... Осы шешімдердің қиылысуын табамыз. Теңсіздіктер жиынтығын шешу дегеніміз, ол ... Теңсіздіктер жиынтығын шешу үшін ... Осы шешімдердің қиылысуын табамыз. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Биологиямен байланыс мұғалімнің авитаминоз ауруы туралы түсініктеме беруі арқылы жүзеге асады, бқл атау тест жұмысының кілт сөзі ретінде алынады. | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар Алгебра курсы бойынша барлық оқу мақсаттарын оқып шыққан. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы 0-2 мин 2-7 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою. Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады. 2. Қайталау. Оқушылар мұғаліммен бірге 8-сынып алгебра курсы бойынша шолу жасайды. Оқушылар тізбектей негізгі ұғымдарды, формулаларды келесі бөлімдер бойынша атайды:
| Презентация Слайд 1-2 Презентация Слайд 2 | |||||
Сабақтың ортасы 7-20 мин 20-39 мин | 3. Өздік жұмыс. Оқушыларға нұсқалар бойынша тапсырмаларды орындау ұсынылады. Оқушылар жеке жұмыс жасайды. Мұғалім оқушылар жұымысын бақылайды, сұрақтар қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, кеңес береді. Дайын жауаптар арқылы оқушылар жұпта өзара бағалау жүргізеді, мұғалім оқушылардың жауабын критерийлерге сәйкес бағалайды және кері байланыс береді. Бағалау критерийі: Оқушы
4. 8-сынып алгебра курсы бойынша қорытынды тест. Оқушыларға тест тапсырмалары ұсынылады, оның көмегімен олар бөлімді жан-жақты қайталай алады. Тесттің әр жауабы үшін қандай да бір әріп сәйкес келеді. Егер барлық тапсырмалар дұрыс орындалған болса, онда кілт сөзді табуға болады. Дұрыс жауап: АВИТАМИНОЗ. Авитаминоз немесе Адәруменділік - дәруменнің толық жетіспеушілігі. Тағамдағы витаминдердің аздығынан организмдегі зат алмасу процесінің бұзылуынан болатын ауру. Мәселен , «С» витаминінің жетіспеуінен қызыл иек тканінің, ауыз шырышты қабығының қанауынан т. б. белгілерден байқалады. Ел арасында мұндай кеселді құрқұлақ деп те атайды. | Қосымша 1 Презентация Слайд 3-9 Қосымша 2 Презентация слайд 10 | |||||
Сабақтың соңы
| 5. Сабақты қорытындылау. Рефлексия. Мұғалім сабақ мақсаттарына қайтып оралады, олардың жетістіктерінің деңгейін айтады. Келесі сабақтарды жоспарлау мақсатында оқушыларға сұрақтар қойылады: •Бүгін мен білдім … •Маған қызықты болды … •Маған қиын болды … •Мен ... тапсырмаларын орындадым. Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады. Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген. | Презентация слайд 11 Стикерлер Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар | |||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады. Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады. Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз. | Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау. Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады. | Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?