Рационал теңсіздік. Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 4 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Рационал теңсіздік. Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді қолдану | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Аралықтар әдісін қолданып бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешеді. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар бөлімнің негізгі терминдеріне сүйене отырып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешуді ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология Квадрат теңсіздік бөлшек-рационал теңсіздік сан осі функцияның нөлдері аралық бос жиын Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Функцияның нөлдерін сан осінде белгілейік. Функцияның әрбір аралықтағы таңбаларын қарастырайық. Таңбалардың кезектесу заңдылығын пайдаланып, теңсіздіктің шешімін анықтайық. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, топта жұмыстану дағдысы. Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу дағдысы алгебра және математикалық талдау пәндерін оқығанда қажет болады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңсіздіктерді, бүтін-рационал теңсіздіктерді шеше алады. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 6 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Үй тапсырмасын тексеру Екі шеңбер Оқушылар үй дәптерлері мен қырандаштарын алып, бірі ішінде, бірі сыртында орналасқан екі шеңбер болып тұрады. Ученики «ішкі шеңбердегі» оқушылар үй тапсырмасындағы а) теңсіздігінің шешімін айтады, ал «сыртқы шеңбердегі» оқушылар мұқият тыңдап, дәптерлеріне белгіл қойып, талқылау соңында өз ойларын айтады. Кейін ішкі шеңбер сағат тілі бойымен бір адамға жылжиды. Енді «сыртқы шеңбердегі» оқушылар б) теңсіздігінің шешімін айтады, ал «ішкі шеңбердегілер» тыңдайды, белгі қояды, кейін шешімдері жөнінде өз ойларын айтады. Осылайша басқа тапсырмалар да тексеріледі. Мұғалім сыртынан бақылап, сұрақтар қою арқылы қажет бағытқа бағыттайды. | Презентация 1-2 слайдтар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 10 мин 8 мин | Сыныппен жұмыс Оқушыларға теңсіздігін қалай шешеміз деген сұрақ қойылады. Мұғалім оқушылардың әртүрлі ойларын тыңдайда, қолдайды. Талқылау барысында оқушылар бөлшек-рациионал теңсіздіктерді шешкенде бөлшек-рационал теңдеулер сияқты теңсіздіктің екі жағында айнымалысы бар өрнекке көбейтуге болмайды деген қорытындыға келулері керек, мысалы, бөлшектің ортақ бөлімі алдын-ала оң немесе теріс сан екені айтылмаса, олай жасауға болмайды. Кейін шешім слайдта көрсетіледі, оқушылардан шешімді барлық сыныпқа түсіндірулерін сұрау керек, оқушылар шешімін дәптерлеріне жазып алады. Жұппен жұмыс Оқушылар екі теңсіздікті бір-біріне кезектесе түсіндіре отырып жұпта шешеді. 1. Теңсіздіктерді шешіңіз: Теңсіздіктерді шешіп болған соң оқушыларға шешу үлгісі мен бағалау үшін дескрипторлар беріледі. Дескрипторлар: - Теңсіздікті түріне келтіреді (теңсіздік таңбасы маңызды емес) - Бөлшектің алымы мен бөлімінің түбірлерін табады - Сан осінде аралықтың таңбаларын дұрыс анықтайды - Теңсіздіктің шешімін жазады Мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушылардың жұмысын, жұпта талқылауды бақылайды, ауызша комментарийлер береді. Жеке жұмыс 2. Берілген теңсіздіктердің ең болмағанда екеуін шешіңіз: | 3 слайд 4 слайд Қосымша 2 5 слайд Қосымша 1 Қосымша 2 6 слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 10 мин | Үй тапсырмасы 3. Теңсіздіктерді шешіңіз: Дескрипторлар - Теңсіздікті түріне келтіреді (теңсіздік таңбасы маңызды емес) - Бөлшектің алымы мен бөлімінің түбірлерін табады - Сан осінде аралықтың таңбаларын дұрыс анықтайды - Теңсіздіктің шешімін жазады Сабақты қорытындылау «Алтын ережелер» Оқушылар бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешудің бес ережесін жазады. Кейін оқушылар 3-4-тен топтарға бірігіп, өздері жазған ережелерді талқылайды, бес маңызды ережені таңдап алып, постер дайындайды. Постерлер келесі сабақта талқыланады. | Қосымша 2 7 слайд | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Теңсіздіктерді шешуді оқушылар жұпта талқыланады, сонда қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптасына көмектесе алады. | Оқушылар жауап үлгісін пайдаланып өз жұмыстарын бағалайды. Мұғалім сыныпты аралап жүріп ауызша комментарийлер береді. | Сынып бөлмесі сабақ алдында желдетіледі. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды