Рационал теңсіздік. Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4А Теңсіздіктер | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Рационал теңсіздік. Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа материалды меңгеру | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.9 рационал теңсіздіктерді шешу | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Аралықтар әдісін қолданып бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешеді. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар бөлімнің негізгі терминдеріне сүйене отырып бүтін-рационал теңсіздіктерді шешуді ауызша түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология Квадрат теңсіздік бөлшек-рационал теңсіздік сан осі функцияның нөлдері аралық бос жиын Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Функцияның нөлдерін сан осінде белгілейік. Функцияның әрбір аралықтағы таңбаларын қарастырайық. Таңбалардың кезектесу заңдылығын пайдаланып, теңсіздіктің шешімін анықтайық. | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, топта жұмыстану дағдысы. Сабақтың мазмұны арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешу дағдысы алгебра және математикалық талдау пәндерін оқығанда қажет болады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңсіздіктерді, бүтін-рационал теңсіздіктерді шеше алады. | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 1 мин 13 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды, осы сабақта бөлшек-рационал теңсіздіктерді шешудің әдісімен танысатынларын түсіндіреді. Оқушыларды топқа бөлу үшін әртүрлі кәмпиттерді қолдануға болады. Оқушылар пакеттен кәмпитті суырып алып, әрбір түрі бойынша топтарға бөлінеді. Білімді жаңғырту Бұрын өткен тақырыпты қайталау үшін тұжырымдарды үш топқа жіктеу керек: ӘРҚАШАН дұрыс, КЕЙДЕ дұрыс, ЕШҚАШАН дұрыс емес. Әрбір топқа карточкалар жинағы мен ӘРҚАШАН, КЕЙДЕ, ЕШҚАШАН бағандарынан тұратын кесте таратылады. Оқушылар топта талқылап, карточкаларды сәйкес ұяшықтарға орналастырады. Тұжырым: теңсіздігі х-тың кез келген мәнінде дұрыс. (ӘРҚАШАН) өрнегі тек оң мәндер қабылдайды. (КЕЙДЕ) х –тың бірдей мәнінде және өрнектерінің таңбалары қарама-қарсы болады. (ЕШҚАШАН) теңсіздігінің шешімі мен теңсіздігінің шешімі бірдей. (ӘРҚАШАН) Егер теңсіздіктің екі жағын да х-ке көбейтсек, онда теңсіздік таңбасы сақталады. (КЕЙДЕ) Егер теңсіздіктің екі жағын да х-ке көбейтсек, онда теңсіздік таңбасы өзгереді. (КЕЙДЕ) Дескрипторлар - Тұжырым қай топқа жататыны дұрыс анықталған - Тұжырымның қай уақытта дұрыс болатыны нақтыланған Мұғалім жұмысты тексеру үшін талқылау ұйымдастырады: слайдта тұжырым көрсетіледі, топтар өз қорытындыларына негізделе отырып тұжырым қау уақытта дұрыс (әрқашан немесе кейде) екенін көрсетеді немесе тұжырымның дұрыс еместігін түсіндіреді. | Презентация 1-2 слайдтар 3 түрлі кәмпиттері бар пакет Қосымша 1 3-10 слайдтар | |||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 17 мин | Жаңа материалды меңгеру Оқушылармен бірге қандай теңсіздіктер бөлшек-рационал болатынын талқылау ұйымдастырылады. Оқушыларға теңсіздікті шешу ұсынылады: Оқушылар х –тың бірдей мәнінде және өрнектерінің таңбалары бірдей болатыны жөнінде қорытындыны қолданып, берілген теңсіздіктің орнына мына теңсіздікті шешуді ұсынулары мүмкін: Бұл теңсіздікті шешу үшін аралықтар әдісі қолданылады. Шешу әдісін жалпылау: х айнымалысының кез келген мәнінде ( және ) функцияларының нөлдерін санамағанда) көбейтіндісінің және бөліндісінің таңбалары бірдей болады, сондықтан және теңсіздігінің шешімдері сәйкес келеді. Жаңа материалды бекіту Жұппен жұмыс Оқушылардың әрқайсысына екі бөлшек-рационал теңсіздіктің біреуін шешу ұсынылады: Кейін оқушылар бір-біріне өз есептерінің шешімін түсіндіреді: біреуі түсіндіргенде екіншісі көршісінің шешіміне қарамай жұбының түсіндіргенін дәптеріне жазып отырады. Осыдан кейін оқушылар теңсіздіктерді өздері шешіп, жауапты көршілерімен салыстырады. Теңсіздіктерді шешіңіз: Дескрипторлар: - Бөлшектің алымы мен бөлімінің түбірлерін табады - Сан осінде таңбаларды дұрыс қояды - Теңсіздіктің шешімін жазады Мұғалім сыныпты аралап жүріп, оқушылардың жұмысын бақылайды, жұппен жұмыстарына ауызша комментарийлер береді. Қосымша тапсырма С деңгейі 2. Теңсіздікті шешіңіз | 11 слайд Қосымша 2 Қосымша 3 | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы 3. Теңсіздіктерді шешіңіз: Дескрипторлар: - Бөлшектің алымы мен бөлімінің түбірлерін табады - Сан осінде таңбаларды дұрыс қояды - Теңсіздіктің шешімін жазады Рефлексия Нені жақсы орындадыңыз? Не қиындық тудырды? Неге ол қиын болды? Оны қалай орындадыңыз? | Қосымша 3 12 слайд | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Оқушылардың шешімдері жұпта талқыланады, сонда қабілеті жоғары оқушылар басқа сыныптасына көмектесе алады. | Мұғалім сыныпты аралап жүріп ауызша комментарийлер береді. | Оқушылар сабақ бойы іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды