Квадрат теңсіздіктер. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақ №78 Квадрат теңсіздіктер (Парабола әдісі)

Мектеп: №178 лицей

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқан оқушы саны:

Қатыспаған оқушы саны:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.2.8 квадрат теңсіздіктерді шешеді;.

Сабақтың мақсаты

Тақырып аясында берілген есептерді шығара алады, яғни теориялық алған білімін практикада қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Оқушылар осы тақырып бойынша білу, түсіну, талдау, қолдану, анализ, синтез ойлау дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

Тілдік мақсат

Осы тақырыпқа қатысты терминдерді үш тілде меңгереді, қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі әдебиеттердегі материалдарды меңгере алады. Ол үшін мынадай сөздіктер қолданамын.

Қазақша

Русский

English

Теңсіздік

неравенства

Inequality

Ашық интервал

Открытый интервал

The open interval

Жабық интервал

Закрытый интервал

The closed interval

Жартылай ашық интервал

Полуоткрытый интервал

The half-open interval

Түбір

ноль

Zero

Таңба белгісін салу

Нарисуйте табличку

Draw the sign chart

Теңсіздіктер жүйесі

Система неравенств

System of inequalities

Шешімдерінің қиылысуы

Пересечения решении

Intersection of the solution

Құндылықтарды дамыту

Болашаққа бағдар: Рухани жаңғырудың 6 негізгі бағыты - бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, Туған жер бағдарламасы, латын әліпбиіне көшу, «100 жаңа оқулық» аясында патриоттыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Геометрия, тұрмыста қолдана алу

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақста, интернет ресурстары (сайттар, видеолар, есептер), таратпа материалдар, көрнекі-демонстрациялық құралдар, фигуралар

Бастапқы білім

 Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Басы

2 минут

Ұйымдастыру сәті

Үй жұмысын тексеру

Математикалық логикалық есептер беру арқылы «Миға шабуыл»

Жаңа тақырыпты баяндау

20 минут

 

Анықтама:

2+вх+с>0, aх2+вх+с<0, aх2+вх+с0, aх2+вх+с0 түріндегі теңсіздіктер квадрат теңсіздіктер деп аталады.

мұндағы а,в,с – сандар және ах-айнымалы.

Квадрат теңсіздікті шешу үшін aх2+вх+с квадрат үшмүшесінің таңбасы қалай өзгеретінін білу қажет.

Квадрат теңсіздік парабола әдісі немесе интервалдар әдісі арқылы шешіледі.

Бүгін біз парабола әдісімен танысамыз.

х-тің кез келген мәнінде aх2+вх+с квадрат үшмүшесінің таңбасы қалай өзгеретінін анықтайық.

Ол үшін бірінші коэфф-т және дискриминант таңбаларына байланысты квадрат үшмүше графиктерінің орналасуын қарастырайық.

І жағдай. a>0, D>0 үшін

х1 және х2 – екі түбір болады, тармақтары жоғары бағытталған, нақтылық үшін х1<x2 деп алайық.

Егер х2<х<х1 болғанда, aх2+вх+с>0 және х1<х<х2 болғанда aх2+вх+с <0 екенін график арқылы байқауға болады.

a<0, D>0 үшін

алдыңғыдан айырмашылығы – тармақтарының төмен бағытталуы. Демек, х1>х>х2 болғанда aх2+вх+с <0 және х2>х>х1 болғанда aх2+вх+с>0 орындалады.

Анықтама:

2+вх+с>0, aх2+вх+с<0, aх2+вх+с0, aх2+вх+с0 түріндегі теңсіздіктер квадрат теңсіздіктер деп аталады.

мұндағы а,в,с – сандар және ах-айнымалы.

Квадрат теңсіздікті шешу үшін aх2+вх+с квадрат үшмүшесінің таңбасы қалай өзгеретінін білу қажет.

Бірінші коэфф-т және дискриминант таңбаларына байланысты квадрат үшмүше графиктерінің орналасуын қарастырайық.

ІІ жағдай: 1) a>0, D=0 үшін

х12=-

у= aх2+вх+с –ның графигі абсцисса осін х = - нүктесінде жанайды және Ох осінен жоғары орналасқан. Сондықтан aх2+вх+с>0 теңсіздігі х-тің х = - мәнінен басқа кез келген мәнінде орындалады. Ал aх2+вх+с <0 теңсіздігінің шешімі болмайды.

2) a<0, D=0 үшін

у= aх2+вх+с –ның графигі абсцисса осін х = - нүктесінде жанайды және Ох осінен төмен орналасқан. Сондықтан aх2+вх+с<0 теңсіздігі х-тің х = - мәнінен басқа кез келген мәнінде орындалады. Ал aх2+вх+с >0 теңсіздігінің шешімі болмайды.

ІІІ жағдай: 1) a>0, D<0 үшін

Бұл жағдайда квадрат үшмүшенің нақты түбірлері жоқ және у= aх2+вх+с –ның графигі Охосінен жоғары орналасқан, яғни абсцисса осімен қиылыспайды. Сондықтан

2+вх+с >0 –х-тің кез келген мәнінде орындалады

2+вх+с<0-нің шешімі болмайды.

2) a<0, D<0 үшін

2+вх+с<0- х-тің кез келген мәнінде орындалады

2+вх+с >0 -нің шешімі болмайды.

 

 Кесте. ( Оқушылар мен бірге жағдайларды талдай отырып толтыру)

2 -4ас

Теңсіздіктер

D

D0

D0

ах2 + вх + с

а

ах2 + вх + с

а0

ах2 + вх + с

а

ах2 + вх + с

а0

Топпен жұмыс

15 минут

Теңсіздікті шешіңдер: х²-6x+9>0.

Тақтадағы жазба

Оқушының ауызшы түсіндірмесі.

1) у= х²-6x+9

Функцияны жазамыз.

2) у=0 х²-6x+9=0

Х1= X2 =3

Функцияның нөлдерін табамыз.Ол үшін теңсіздіктің оң бөлігін 0-ге теңестіреміз.

Түбірлерін Виет теоремасына сүйеніп табамыз.

3) а > 0

Ох осінің бойынан 3 санын белгілейміз.

Бұл нүктел параболаның Ох осін қияты нүктесі.Параболаның тармағы жоғары бағытталған деп есептеп схемалық графигін саламыз.

Жауап: шешімі жоқ

.

2) № 552(1) және №553(1) екі оқушы қатарынан тақтада түсіндірмесіз орындайды,ал қалған оқушылар өз беттерімен дәптерге орындайды.Болған соң тексеру,сұрақтарға жауап беру.

3) Бір оқушы тақтада х²-4х+7≤0 теңсіздігін талдап шешеді.

    • у= х²-4х+7
    • у=0 х²-4х+7=0 D= 16-28=-12<0 Түбірі жоқ.
    • а>0

Жауап : Түбірі жоқ

Соңы

3 минут

Сабақты бекіту

Рефлексия. Оқушылар келесі сөйлемдерді толықтырады:

Мен білдім …

Қызықты болды…

Қиындық тудырды…

Мен тапсырманы орындадым…

Мен енді…

Сабақтан мен не алдым…

Үйге тапсырма: №555,556 (155 бет).

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету жұмыстары.

Тапсырманы толық дұрыс орындаған оқушыларды марапаттау

Нұсқаулықпен жүргізіледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Бағалау критерийі

Балл

Дескрипторлар

А

(max 5)

Білу

0

1

2

3

4

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

Квадраттық теңсіздіктердің коэффициенттерін анықтай алады

Квадраттық теңсіздіктердің қанша түбірі болатынын анықтай алады

Берілген сандардың теңсіздіктің шешімі болатынын таба алады

Квадраттық функцияның графигін қолданып теңсіздікті шешеді

5

Квадраттық теңсіздіктердің шешімін жаза алады

В

(max 6)

Түсіну

0

1

2

3

4

5

6

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

Квадраттық теңсіздіктердің ерекшелігін анықтай алады

Квадраттық теңсіздіктердің түрлеріне сипаттама бере алады

Квадраттық теңсіздіктердің формулаларына түсініктеме беріп, айырмашылығын көрсетеді

Айнымалының мүмкін болатын мәндер жиынан таба алады

Квадрат теңсіздіктерді шешуде графиктік тәсіл арқылы шешудің тәсілдерін қолдана алады.

Квадраттық теңсіздіктердің қасиеттерін пайдалана отырып теңсіздікті шеше алады

С

(max 5 )

Қолдану

0

1

2

3

4

Тапсырма бойынша берілген критерийлерді орындай алмады

Квадрат теңсіздіктерді шешудің әдістерін есептер шығаруда қолдана алады

Квадрат теңсіздіктің айнымалының кез-келген мәнінде теңсіздікті тура теңсіздікке айналатынын дәлелдей алады.

Айнымалының кез келген мәнінде квадрат үшмүшенің оң немесе теріс мәндерді қабылдайтынын анықтай алады

Теңсіздікті шешуде тиімді тәсілдерді қолдана отырып, өрнектерді ықшамдау арқылы теңсіздіктің шешімін анықтай алады.

5

Теңсіздіктің шешімін графиктік тәсіл арқылы жаза біледі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу