Статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма бойынша ақпаратты талдау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма бойынша ақпаратты талдау
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы
Оқу мақсаты: 8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
- Статистикалық кесте бойынша ақпаратты талдау;
- Жиілік алқабы бойынша ақпаратты талдау;
- Гистограмма бойынша ақпаратты талдау.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
- Қайталау сұрақтары.
- Өздік жұмыс.
- Уәжді көтеру сәті. «Білген пайдалы»
- Диаграмма бойынша ақпаратты талдауға Рisa тапсырмаларын орындау.
- Жеке жұмыс.
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Көп жағдайда ақпарат диаграммалар/графиктер түрінде беріледі. Солардың негізгілеріне тоқталып өтейік:
- бағанды диаграмма,
- дөңгелек диаграмма,
- гистограмма,
- жиілік алқабы.
Бағанды диаграммаларды статистикалық зерттеу нәтижесінде уақыт аралығында немесе деректер үлестірімінің өзгеріс динамикасын көрсету кезінде қолданады.
Зерттеу таңдамасының бөліктерінің арасындағы қатынасты көрнекі түрде көрсету үшін дөңгелек диаграмма қолданылады.
Интервалдық қатарларды гистограмма көмегімен көрсетеді. Гистограмма баспалдақ тәріздес фигура болы келеді, олар тізбектей қосылған тіктөртбұрыштардан тұрады.
Гистограмма – статистикалық деректерді графиктік түрде көрсетудің тәсілі. Ол бұйымдардың немесе үрдістің өлшемдерінің жеке өзгеріс параметрлерін көрсетеді.
Әрбір баған алынған диапазондағы параметрлердің пайда болу жиіліктерін көрсетеді, ал бағандар саны – таңдалған диапазондар санын көрсетеді.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Кейбір тапсырмаларды орындау барысында оқушыларға калькуляторды қолдануды ұсыну дұрыс болар, ондай тапсырмалар презентацияда суретімен көрсетілген.
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
Кестеде баскетбол ойыншыларының бойлары туралы ақпарат берілген:
- Ең ұзын баскетболшының бойынын ұзындығын анықтаңыз;
- Барлық баскетболшылардың орташа бойын анықтаңыз;
- Баскетболшылардың бойларының өзгеріс ауқымы неге тең?
- Неше баскетболшының бойы ортадан жоғары болып келеді?
- Қатардың медианасын табыңыз.
Күрделі деңгей
Олимпиадалық құрамаға енетін спортшылардың бойы туралы ақпарат берілген:
- Спортшылардың бойларының өзгеріс ауқымы неге тең?
- Бойлары 186-195 см болатын спортшылар барлық спортшылардың қандай бөлігін құрайды?
- Неше спортшының бойы 181 см-ден жоғары?
- Бойлары 185 см-ден кем болатын спортшылар барлық спортшылардың қандай бөлігін құрайды?
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Өздік жұмыстың нәтижелерін ескере отырып, мұғалім 8.3.3.3 мақсаттары бойынша оқушылардың жетістік деңгейлерін анықтайды.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары сабақ презентациясында келтірілген. Ол өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. Элементы статистики и теории вероятностей. 7-9 классы. Макарычев Ю. Н., Миндюк Н. Г. / Под.ред. Теляковского С. А. 3-е изд. - М.: Просвещение, 2005. - 78 с.
Алгебра и начала математического анализа. 10-11 классы. Мордкович А.Г. Учебник. — 10-е изд., стер. — М.: Мнемозина, 2009. — 399 с.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?