Статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма бойынша ақпаратты талдау. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.
Қосымша 3.
Тапсырма 1. Фирма майлылығы әртүрлі сүтті шығарады. Бір айлық сатылым көлемі суретте көрсетілген.
- Ең көп сатылатын сүт түрін анықтаңыз;
- Ең аз сатылатын сүт түрін анықтаңыз;
- Егер барлық сорттағы сүттердің сатылым көлемі 40000 литр болса, онда майлылығы жоқ сүттің сатылым көлемі неге тең?
- Егер барлық сорттағы сүттердің сатылым көлемі 40000 литр болса, онда майлылығы ең жоғары сүттің сатылым көлемі неге тең?
Тапсырма 2.
Диаграммадағы нүктелер айдың 7-і мен 24-і аралығында болған алюминий бағасы көрсетілген. Горизонталь ось бойынша ай күндері, вертикаль ось бойынша бір тонна алюминийдің бағасы.
- Берілген уақыт аралығындағы алюминийдің ең төмен бағасы болған күнді анықтаңыз;
- Берілген уақыт аралығындағы алюминийдің ең жоғары бағасы болған күнді анықтаңыз;
- Берілген уақыт аралығындағы алюминий бағасының өзгеріс ауқымын анықтаңыз;
- Қай уақыт аралығында алюминий бағасы тез құлдырады?
Тапсырма 3.
Инновациялық технологиялар көрмесіне 50 компанияның өкілдері келді. Диаграммада осы компаниялардың жұмысшыларының санының үлестірімі көрсетілген. Горизонталь ось бойынша компания жұмысшыларының саны, вертикаль ось бойынша берілген жұмысшылар саны бар компания саны көрсетілген.
Компаниялардың қанша пайызында 50 адамнан артық жұмыс істейді?
Тапсырма 4.
Математикадан жазбаша емтихан нәтижелері келесі статистикалық кестеде берілген, мұндағы варианта – жиналған балдар саны.
Варианта | 2 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Абсолютті жиілік | 5 | 3 | 2 | 11 | 9 | 4 | 5 | 1 |
Салыстырмалы жиілік | 0,125 | 0,075 | 0,05 | 0,275 | 0,225 | 0,1 | 0,125 | 0,025 |
Салыстырмалы жиілік (%) | 12,5 | 7,5 | 5 | 27,5 | 22,5 | 10 | 12,5 | 2,5 |
- Емтихан нәтижелерінің арасында ең жиі кездесетін ұпай қандай?
- Неше адам емтихан тапсырды?
- 7 және одан артық ұпай жинаған оқушылар санын анықтаңыз.
- 9-10 ұпай жинаған оқушылар үлесі неше?
- Егер 5 ұпайдан кем алған оқушылар «қанағаттанарлықсыз» деп есептелсе, онда осы бағаға тапсырған оқушылардың үлесін табыңыз.
Бағалау критерйлері
Оқушы
- Статистикалық кесте түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- Жиілік алқабы түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді;
- Гистограмма түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?