Статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма бойынша ақпаратты талдау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Статистика элементтері

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма бойынша ақпаратты талдау

Cабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.3.3.4 статистикалық кестемен, алқаппен, гистограммамен берілген ақпаратты талдау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Статистикалық кесте бойынша ақпаратты талдау;
  • Жиілік алқабы бойынша ақпаратты талдау;
  • Гистограмма бойынша ақпаратты талдау.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Статистикалық кесте бойынша ақпаратты талдайды;
  • Жиілік алқабы бойынша ақпаратты талдайды;
  • Гистограмма бойынша ақпаратты талдайды.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар ауызша статистикалық кесте, жиілік алқабы, гистограмма бойынша ақпаратты талдайды.

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Деректерді жинау/жүйелеу/қабылдау/көрсету/ұсыну

Бастапқы деректер

Сызықтық график/жиілік кестесі/жиіліктердің интервлдық кестесі/гистограмма/дөңгелек диаграмма/жиілік диаграммасы (алқабы), кумулята (кумулята қисығы), жинақталған жиілік кестесі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Біз х туралы деректерді жинадық.

Біз деректерді келесі тәселмен жинадық: … .

Біздің бастапқы деректеріміз көп болғандықтан, бізге оларды класстарға бөлуге тура келді.

Осыдан кейін бізге деректерді жиіліктер диаграммасы/алқабы түрінде ұсынуды жөг көрдік.

Ох осі ретінде ... алынады.

Оу осі ретінде ... алынады.

Жинақталған жиілік … көрсетеді.

Жинақталған жиілікті есептеу үшін ...

Кумулята қисығы деп ... атайды.

Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға үйрену, жағдаятты талдау, жаңа шарттарға бейімделу, мәселені қою және шешім қабылдау, топта жүмыс істеу, өзінің жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыру білігі.

Пәнаралық байланыстар

Экономикамен байланыс экономикалық мазмұнды есептерді шешу кезінде орын алады, әсіресе Жапон экономикасында қолданылатын «Гистограмма әдісі» туралы мұғалім тарапынан түсіндіру барысында.

Бастапқы білім

Жалпы жиынтық, кездейсоқ таңдама, вариациялық қатар, варианта, абсолютті және салыстырмалы жиілік, жиілік кестесі, жиілік алқабы, дөңгелек диаграмма. Жиіліктің интервалдық кестесі. Гистограмманы салу. Жинақталған жиілік.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2 мин

2-5 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою.

Мұғалім оқушылармен сәлімдесіп, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады. Кейін мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын» айқындайды, сабақ аяғына қарай күтілетін нәтижелерді айтады.

2. Қайталау сұрақтары.

Мұғалім оқушылардан сұрақ-жауапты келесі сұрақтар арқылы жүргізеді:

  • Деректердің абсолютті жиілігі нені көрсетеді?
  • Деректердің салыстырмалы жиілігі нені көрсетеді?
  • Деректердің жинақталған жиілігі нені білдіреді?
  • Жинақталған жиілікті қалай табуға болады?

Презентация

Слайд 1-2

Презентация

Слайд 3

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-18 мин

18-25 мин

25-38 мин

3. Өздік жұмыс.

Мұғалім оқушыларға тапсырмаларды орындауды ұсынады. Оқушылар жеке жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға көмек көрсетпейді. Тапсырманы аяқтағаннан кейін мұғалім оқушылардың шешімін бағалайды, типтік қателерін белгілей отыра, кері байланыс береді. 8.3.3.3 оқу мақсатына жету бойынша қорытынды жасайды. Бағалау критерийлері қосымша 1-де берілген.

4. Уәжді көтеру сәті. «Білген пайдалы»

Мұғалім қысқаша оқушыларға экономикадағы «Гистограмма әдісі» туралы айтады. Қазіргі таңда ақпаратты талдай білу өте маңызды болып табылатынын тағы айта кетеді.

Әдіс авторы: А.М. Гэри (Франция), 1833 ж.

  • Әдіс қолданысы. Үрдістің тұрақтылығы мен нақтылығы қажет болған жағдайлардың барлығында қолданылады, сонымен қатар, өнімнің сапасы, өндірістің көрсеткіштерін бақылауда да қолданылады.
  • Гистограмма – ол сапа бақылауының статистикалық құралдарының бірі. Жапон ғалымдары мен инженерлерінің кеңесі 1979 ж гистограмманы сапаны бақылау әдістерінің жеті әдістерінің біріне енгізді.
  • Әдіс мақсаты. Болып жатқан үрдісті бақылау және қиындықтарды айқындау, олардың алдын алу.

5. Диаграмма бойынша ақпаратты талдауға Рisa тапсырмаларын орындау.

Мұғалім оқушыларға Рisa халықаралық бақылауы туралы айтады, одан кейін жұпта бірнеше тапсырманы орындауды ұсынады.

Жұмысты орындап болғаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге шешімді тексереді.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Дөңгелек диаграмма түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Гистограмма түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді;

6. Жеке жұмыс.

Оқушыларға жеке жұмыс үшін тапсырмалар беріледі.

Мұғалім оқушылардың тапсырманы орындауын бақылайды, қажеттілігінше оларға сұрақ қояды, дұрыс шешімге бағыттайды, консультациялық көмек көрсетеді, оқушыларға кері байланыс береді.

Тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар мұғаліммен бірге қорытынды жасайды. Мұғалім дұрыс орындалған тапсырмаларды көрсетеді, оқушылар өзін-өзі бағалауда іске асырады.

Бағалау критерийлері

Оқушы

  • Статистикалық кесте түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Жиілік алқабы түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді;
  • Гистограмма түрінде берілген ақпаратқа сәйкес сұрақтарға дұрыс жауап береді.

Презентация

Слайд 4

Қосымша 1

Презентация

Слайд 5

Презентация

Слайд 7-9

Қосымша 2

Презентация

Слайд 10-13

Қосымша 3

Сабақтың соңы

    • мин

7. Сабақты қорытындылау. Рефлексия.

Мұғалім сабақтың мақсаттарына оралып оқушылардың жетістік деңгейлерін талқылайды.

Келесі сабақтарды дұрыс жоспарлау үшін оқушылар рефлексиясы ұйымдастырылады:

Үй тапсырмасы ретінде оқушыларға қосымша деңгейлік тапсырмаларды ұсынуға болады, олар әдістемелік нұсқаулықта берілген.

Презентация

Слайд 14

Стикерлер

Сабаққа берілген әдістемелік ұсыныстар

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу