Гистограммамен берілген ақпаратты талдау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4B Статистика элементтері | Мектеп: | |||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Гистограммамен берілген ақпаратты талдау. | |||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 8.3.3.4 Статистикалық кестемен, гисторгаммамен берілген ақпаратты талдайды; | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Берілген ақпаратты статистикалық кесте арқылы гисторгаммасын тұрғызып талдау жасай алады; | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Берілген ақпаратқа статистикалық кесте арқылы гисторгаммасын тұрғызып талдау жасай алады; | |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Бөлім бойынша лексика және терминология реттелген қатар; қатар элементі; бас жиын; нұсқалық; вариациялық қатар; статистикалық қатар; таңдама; жиілік; абсолюттік жиілік; салыстырмалы жиілік; жинақталған жиілік; жиілік кестесі;салыстырмалы жиілік кестесі; деректер жинау;деректерді көрсету(беру); Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
салыстырмалы жиілікті есептеу үшін .....санына.... бөлу қажет. | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Бір-бірін тыңдау, кезекпен сөйлеу, өз ойын нақты жеткізу, дәлелдер мен мысалдар келтіру, өздігінен үйренуге талпыну, академиялық шыншылдық, топтық және жұптық жұмыстарда ашық болу. | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, әлеуметтану. | |||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Excel бағдарламасы. | |||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Сандар қатарының құлашын, модасын, медианасын және арифметикалық ортасын таба алу. Диаграммаларды салу және оқу. | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 минут | 1. Сыныпты ұйымдастыру. Оқушылармен сәлемдесу. Сынып тазалығына назар аудару. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Үй жұмысын тексеру. Қиындық тудырған есептерді тақтада бірге талқылау. Сабақ мақсаты мен бағалау критериілерін бірге анықтау. | «Статистикалық сипататамалар» 2017-2018жыл. 8 сыныпқа арналған нұсқаулық | ||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы ЖЖ 5 минут Ұ 20 минут ЖЖ 11 минут | І. Қайталау – оқу анасы, қайталау тапсырмалар:
және «орта мәні 6,2-ге тең». Кестедегі бос орынды толтырыңыз. 2.Кездейсоқ сандар генераторы 1 – 5 аралығындағы 10 сан шығарды. Эксперимент нәтижесі бойынша жиіліктер кестесі құрылған: а) Жиіліктер полигонын құрыңыз. в) Салыстырмалы, жинақталған жиілік кестесін құрыңыз. ІІ. Түсіну және білу. Гистограмма - категорияларға топтастырылған интервалды-деңгейлік мәліметтерді көрсететін тізбектелген тік бұрыштардан тұратын схемалық жиіліктің бөлінісінің бейнеленуі.
а) Аудандағы 25-30 жас аралығындағы тұрғындар санын; в) Аудандағы 35 жасқа дейінгі тұрғындар санын; с) Қай жас аралығындағы тұрғындар тобы ең үлкен. Жұптық жұмыс
a) 10-20 жас аралығында жолаушылар саны; b) 20 жасқа дейін жолаушылар саны; c) Жолаушылардың ең көп кездесетін жас аралығы. ІІІ. Жеке жұмыс 3. Гистограмма қаланың әскерге шақырылушылардың бойы (см) бойынша сипаттамасы. Бойы, см Гистограмманы пайдалана отырып, анықтау керек: а) бойы 185-190 см әскерге шақырылушылардың саны; б) бойы 175 (ескергенде)см әскерге шақырылушылардың саны; в) шақырылушылардың жалпы санын анықтаңыз. 4. Облыс мекемелерiнiң бiр жұмысшысы еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмi (өткен жылмен салыстырғанда % есебiмен) жөнiнде мынадай таңдалым деректерi берiлген.
1)кестенi интервалдық салыстырмалы жиiлiк кестесiне ауыстырыңдар; 2) гистограммасын салыңдар. | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс 2 минут | 1. Жинақтау. Оқушылар өздері сұрақтар құрастыру арқылы «иә» немесе «жоқ» стратегиясы арқылы жауап беру. 2. Бағалау. Оқушылар өзін-өзі ауызша критерий бойынша бағалайды. 3. Оқушыларға мұғалім тарапынан кері байланыс беріледі. 4. Үйге тапсырма: 1.Қандай да бiр дискреттi кездейсоқ шаманың басты жиынтығынан мынадай таңдалым алынған: 5, 3, 7, 10, 5, 5, 2, 10, 7, 2, 7, 7, 4, 2, 4. Жиiлiк алқабын, гистограммасын салыңыз. 2.Қандай да бiр дискреттi кездейсоқ шаманы зерттеу барысында 40 тәуелсiз бақылаулар нәтижесi төмендегiдей болды: 10, 13, 10, 9, 9, 12, 12, 6, 7, 9, 8, 9, 11, 9, 14, 13, 9, 8, 8, 7, 10, 10, 11, 11, 11, 12, 8, 7, 9, 10, 14, 13, 8, 10, 9, 7, 10, 9, 8, 12. Салыстырмалы жиiлiк кестесі, салыстырмалы жиілік полигоны мен гистограммасын салыңыз. | «Статистикалық сипаттамалар» 2017-2018жыл. 8 сыныпқа арналған нұсқаулық
| ||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Деңгейлік тапсырамалар кезінде оқушылардың қастарына барып тапсырмаларды орындауын бақылап, сұрақтары болса жеке жауап беріп бағыттап отырамын. Сызбаны дұрыс салуын қадағалаймын. Жұмысты жылдам әрі дұрыс орындаған, жеке жұмысты толық әрі нақты орындаған оқушыларға дербес қолдау көрсетіп отырамын. | Тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын. А деңгейіндегі тапсырмаларды қатесіз бағалау критерийіне сай ұпайларын алған оқушылардың барлығы да бүгінгі сабақ мақсатына жеткенін, Ал В мен С деңгейіндегі тапсырмаларды орындаған оқушыларға ерекше мақтап барлығыңда сол деңгейге жетулеріңе мүмкіндік бар екенін айтып өтемін. | Сыныпта парта мен орындықтардың оқушы денсаулығына зиян келтірмейтіндей етіп орналастырылуына басты назар аударамын. Сызу және жазу құралдарымен қауіпсіз жұмыс жасау техникасын ескертемін | ||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?