Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы. Алгебра, 8 сынып, презентация. 3 сабақ.


Жиілік алқабы, жиілік гистограммасы

Бекіту сабағы

Оқу мақсаты

8.3.3.2 жиіліктердің интервалдық кестесінің деректерін жиіліктер гистограммасы арқылы беру

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

Интервалдық кестедегі деректер бойынша гистограмманы салады және гистограмма бойынша интервалдық кестені толтырады.

Қайталау

- Гистограмма дегеніміз не?

- Жиілік етіп гистограммада нені аламыз?

- Жиілік тығыздығы дегеніміз не?

- Қандай жағдайларда гистограмманы жиілік тығыздығын қолданбай салуға болады? Қандай жағдайларда болмайды?

Тапсырма: Орманды алқапта 59 қайын бар. Олардың биіктіктері жақын метрге дейін жуықталып, кестеге толтырылған:

3 қатені табыңыз

1-қате: бағандар арасы бос болмауы тиіс;

2-қате: интервалдар шекаралары дұрыс анықталмаған, дұрысы: [4,5; 9,5), [9,5;12,5), [12,5;15,5), [15,5;18,5), [18,5;28,5), өйткені қайын биіктігі үзіліссіз шама, ол 5-9м болса, ол жуықтаумен алынғандықтан [4,5;9,5) болады.

3-қате: Бұл интервалдық қатар және осы қатар интервалдары әр түрлі болғандықтан ортината осі жиіліктермен емес, жиілік тығыздығы болуы тиіс.

Гистограммада сенбі күні дүкенде сатылған кітаптар жайлы ақпарат берілген:

а) Гистограммадағы ақпаратты қолданып, кестені толықтырыңыз.

b) Кестедегі ақпаратты қолданып, гистограмманы толықтырып салыңыз.

№1. Алмас өз сыныбындағы оқушылардан олардың жұма сайын компьютер ойнауға жұмсайтын уақыты туралы сауалнама жүргізіп, нәтижелерді гистограммада көрсетті. 8 оқушы ойынға 10 мен 15 сағат аралығында, 6 оқушы 10 сағатқа дейін уақытын жұмсайды.

а) Осы ақпаратты қолданып, гистограмманы толықтырып салыңыз.

b) Алмас қанша оқушыдан сауалнама алған?

№2. Гистограммада балалардың суды ішуге жұмсалған уақыты көрсетілген. Ешбір оқушы 40 секундтан артық жұмсаған емес.

110 оқушы 12,5 секундқа дейін суды ішуге уақыт жұмсады.

Неше оқушы 21 секунд немесе одан артық уақыт жұмсады?

№3. 100 оқушы тест тапсырды. Олардың осы тестті орындауға жұмсалған уақыты төмендегі кестеде көрсетілген.

Бүгін мен білдім

Маған қызықты болды

Маған қиын болды

Мен ... тапсырмаларын

орындадым.

Сабақ қорытындысы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу