Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудас Дина

Сынып: 8

Сабақ 3

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Мәтіндік есептерді шешу

Сабақтың түрі

Білімді қолдану сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.2.3

қолданбалы есептерді шығару үшін квадраттық функцияны қолдану

8.4.3.1 есеп шарты бойынша математикалық модель құру

Сабақтың мақсаты

Квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадрат функцияның қасиетін біледі

Қолдану

Есептерді шығару үшін квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қолданады

Анализ және синтез

Берілген есепті шығару үшін квадрат функцияның қандай қасиеттерін қолдану керектігін талдайды

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар нақты есепте квадраттық функцияның графигі мен қасиеттерін қалай қолдануға болатынын түсіндіреді.

Пәндік лексика және терминология

  • квадрат функция
  • функция
  • функция мәні
  • аргумент
  • аргументтің мәні
  • ең үлкен / ең кіші мәні

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

  • ең үлкен / ең кіші мәнге парабола төбесінде ие болады

Құндылықтарды дарыту

Құрмет құндылығын бір-бірін тыңдау, түсіну, ой бөлісу арқылы; ынтымақтастық құндылығын жұппен жұмыс, топтық жұмыс арқылы; ал еңбек және шығармашылық құндылығын өздігімен жұмыс жасау, басқалардың жұмысын бағалау арқылы жүзеге асады

Пәнаралық байланыс

Проблемалық есеп ретінде география пәнімен байланысты көпір туралы есеп шығарады және физика пәнімен байланысты допты лақтыру туралы есеп қарастырылады.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат функцияның қасиеттерін біледі, оларды квадрат функцияның графигі арқылы анықтай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Амандасу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына тоқталу.

1-2 слайдтар

Сабақтың ортасы

5 мин

10 мин

10 мин

15 мин

«Үндемес» ойыны өткен материалды еске түсіру мақсатында тест түрінде өткізіледі. Әр оқушының қолына бағдаршам тәріздес сигналдық карта беріледі. Оқушылар тапсырманы орындап, дұрыс жауапқа сәйкес түсті көтереді. Мұғалім жауабын көрсетеді. Қате орындалған тапсырма болса, бірден сол тапсырманы тақтада талдап, кері байланыс беріледі.

  • Параболаның төбесінің координатасын табыңыз:

  • формуласымен берілген функцияның графигін таңдаңыз.
  • параболасының симметрия осі болатын түзудің теңдеуін жазыңыз.
  • функциясының мәндер облысын табыңыз.
  • функциясының ең кіші мәнін табыңыз.

Жауаптары:

  • Сары
  • қызыл
  • жасыл
  • сары
  • жасыл

Жалпы сыныпқа ұсынылатын есеп

Оқушыларға проблемалық есеп беріледі. Олар жұпта талдай отырып, өз идеяларын ұсынады. Кейін оушылардың ойларын біріктіре отырып, қорытынды шығарылады. Оқушылармен диалог құра отырып тақтада есеп шығарылып көрсетіледі.

Мәлімет:

Алтын қақпа көпірі – АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы аспалы көпір. Бұл көпір инженер Йозев Штраустың жобасымен жасалған. Көпір құрылысы 1933 жылы басталып, 4 жылдың ішінде аяқталды. 1937 жылы ашыла салысымен 2 рекорд орнатты. Бірі – ең ұзын көпір, екіншісі – ең биік көпір.

Тапсырма:

Екі мұнараның арақашықтығы 1280 метр және мұнараның жол бетінен биіктігі 160 метр. Кабель мұнаралар арасындағы жолдың қақ ортасын жанап өтеді. Мұнарадан 200 метр қашықтықта орналасқан кабель қандай биіктікте орналасады?

Алғашқы бекіту тапсырмалары

Топпен жұмыс

Сынып 3 түрлі топтарға бөлінеді. Әрбір топқа 1 тапсырмадан беріледі. Оқушылар өздіктерінен шығарып, топта талдап, бір-біріне түсіндіреді. Кейін әр топ мүшелерінен 1 оқушыдан алынып 3 оқушыдан тұратын жаңа топ құралады. Осы топта әрбір топтан келген оқушы өз тобының есебін, шешу жолын түсіндіреді.

1-топ тапсырмасы. Суретте көрсетілгендей жол парабола пішінді арка астымен өтеді. Арканың ең биік нүктесі 5м. Жолдың ені - 10 м және биіктігі - 4 м. Арканың моделі болатын квадраттық функцияны жазыңыз.

2-топ тапсырмасы. Өзен арқылы бөгет салған кезде, оны көбінесе парабола түрінде салады. Айталық бөгет суретте көрсетілгендей салынсын. Парабола теңдеуін жазыңыз.

3-топ тапсырмасы. Егер көпірдің ұзындығы 400 метр және мұнараның биіктігі 75 метр болса, онда көпір композициясы қандай квадраттық функцияның кескіні болады?

Жеке жұмыс

Оқушыларға бірінші тапсырма таратылады. Оқушылар өздіктерінен орындайды, кейін қабырғадағы дұрыс шешу жолымен салыстырады, өзін-өзі тексереді. Жауап дұрыс болған жағдайда екінші тапсырманы орындайды.

1. Дене вертикаль бағытта жоғары қарай v0 (м/с-пен) бастапқы жылдамдықпен h0 (м-мен) биіктіктен лақтырылды. t (с-пен) уақытына тәуелді h (м-мен) биіктік h = -0,5gt2 + v0+ h0 формуласымен өрнектеледі. h0= 20, v0 = 15, g = 10 жағдайы үшін h-тың t-ға тәуелді функциясын құрыңыз, графигін салыңыз. График бойынша табыңыз:

а) Дене қанша уақыт бойы жоғары қарай көтерілген?

б) Қанша уақыт ол төмен түскен?

в) Дене қандай биіктікте ең жоғары биіктікке жетті?

г) Неше секундтан кейін ол жерге құлады?

д) Қанша уақыт аралығында дене 20 метрден жоғары болды?

2. Көпірдің пішіні – парабола. Оның ені 10 м, ал оның ең биік нүктесі жерден 6 м биіктікте орналасқан. Жүк көлігінің биіктігі 4,5 м, ені 3 м. Симметрия осі бойынша жол екіге бөлінеді. Яғни көліктер қарама-қарсы бағытта жүреді. Жүк көлігі өзінің бөлігімен жүру қажет. Жүк көлігі көпірдің астынан өте ала ма? Жауабыңызды негіздеңіз.

3-12 слайдтар

Қызыл, жасыл сары түсті сигналды карталар

13-15 слайдтар

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия

1.Нені білдім? Нені үйрендім?

2.Қай есеп оңай болды? Қай есеп қиын болды, неге?

Немен жұмысты жалғастыру қажет?

3.Қай есеп сізді қызықтырды? 

Үй жұмысы:

Дене вертикаль жоғары бағытта лақтырылды. t секунд өткеннен кейінгі дененің жер бетінен биіктігі (h, метр) келесі теңдеумен берілген:

a) 1,5 секундтан соң дененің жер бетінен биіктігін есептеңіз.

b) Бастапқы биіктікті табыңыз

c) 2 + 10t – 5t2 өрнегін a – b(t – c)2 түрінде жазыңыз.

d) Дененің жер бетінен максимал биіктігін жазыңыз.

e) Дене лақтырылғаннан кейін T секунд өткенде жерге жетеді.

T-ның мәнін есептеңіз. Жауабыңызды дәл беріңіз.

16 слайд

17 слайд

Қосымша 3

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау сабаққа тапсырма таңдалған жүргізілді. Қабілеті жоғары оқушылар барлық есепті дұрыс орындайды, сыныптастарын көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау жүргізіледі. Мұғалім сыныпты аралап жүріп ауызша кері байланыс береді.

Сынып бөлмесі желдетіледі. Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу