file loc phone login_m arrow_left arrow_right author ca cat compl coms del down fav fav_del fav_m fav_m_del fb gp left like login mail od reply right search sort sort_down sort_m sort_up tw up view vk ya

Мәтіндік есептерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 4 сабақ.


1 тапсырманың шешімін түсініңіз. Қалған тапсырмаларды өздіктеріңізден шығарыңыз

 1 Норманд терезесі тіктөртбұрыштан және жоғарғы жағы жарты шеңберден тұрады. Сәулет құрылысында бұл терезе көп қолданысқа ие. Терезенің периметрі P-ға тең. Жарық неғұрлым көп түсу үшін оның өлшемдері қандай болу керек?

 Шешуі.

 x – тіктөртбұрыштың табаны, ал y – биіктігі болсын, онда . Тіктөртбұрыштың биіктігін былай жазайық:

 . бұдан, терезе ауданы мына формуламен берілетін шығады:

 

 Аудан квадраттық функция болып табылады, ең үлкен коэффициенті теріс сан. Бұдан ең үлкен мәнді мынадай болғанда қабылдайтыны шығады: немесе.

Жауабы: терезенің өлшемі .

2) Фирма шикізат сақтау үшін жаңа қойма саламыз деп шешті. Қойманың биіктігі 4 м. Сыртқы қабырғасын қаптауға арналған материал осындай биіктіктегі ұзындығы 36 метр қабырғаны жабуға жетеді. Көлемі ең үлкен болу үшін қойманың (пішіні тікбұрышты параллелепипед) өлшемдері қандай болу керек?

https://brightrich.ru/upload/iblock/e88/br-melnic-03.jpg

3) Фонтанның су ағыны ең үлкен 1,2 м биіктікке вертикаль ағын өтетін О нүктесінен 1 м қашықтықта жетеді. О нүктесінен 0,6 м қашықтықтағы ағынның биіктігін анықтаңыз.

http://sobinova44.ru/sites/default/files/fontan.JPG

Қосымша тапсырма

Егер көлік 120 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда 100 км жолға 6 л жанармай жағады, ал егер оның жылдамдығы 150 км/сағ болса, онда 100 км жолға 9 л жанармай жағады. Тұжырым дұрыс па:

а) Жалдамдығы 120 км /сағ 8 литр жанармай 150 км жолға жетеді.

б) Жанармайдың көлемі бірдей болғанда, 120 км/сағ жылдамдықпен 150 км/сағ жылдамдыққа қарағанда 50% артық жол жүреді.

в) 120 км/сағ жылдамдықпен жүргендегі 5 литр жанармай 45 минут жолға жетеді.

г) Егер көлік 300 км жолға 21 литр жанармай жақса және x км жолды 120 км/сағ жылдамдықпен, ал қалған жолды 150 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, онда .

Жауабы: а) жоқ; б) ия; в) жоқ; г) ия.

Үй тапсырмасы

4) Физика курсынан білетініміздей тігінен жоғары лақтырылған заттың t уақытта жеткен h биіктігі формуласымен беріледі, мұндағы - заттың алғашқы биіктігі, - заттың лақтырылғандағы биіктігі, g – еркін түсу үдеуі, .

Допты 3 м биіктіктен 9м/с бастапқы жылдамдықпен тігінен жоғары лақтырды. Доп ең үлкен қандай биіктікке жетті және жерге қашан құлады?

5) а параметрінің қандай мәнінде параболасының абсцисса осімен екі ортақ нүктесі болады?



Толық нұсқасын 27 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
Пікір жазу