Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 9 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3A бөлім: Квадраттық функция | Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ | ||||||||||||
Күні: Сынып: 8 Сабақ 9 |
| ||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Квадраттық функция | ||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді қолдану | ||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше | ||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады. | ||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар айнымалыны табу үшін қандай амалдар қолдану керектігін түсіндіреді, мысалы, басқа айнымалының мәні арқылы берілген айнымалының мәнін табу үшін берілген мәнді осы функцияның формуласындағы айнымалының орнына қою керек Пәндік лексика және терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: х / у айнымалысын берілген мәнмен алмастырамыз Шыққан өрнектің мәнін табамыз Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыни ойлауын дамыту. Құндылықты дарыту оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Функциямен жұмыс жасай алу дағдысы физика, биология, экономика және т.б. пәндерді оқу барысында қажет болады | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары | ||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадраттық функция қасиеттерін біледі. | ||||||||||||
Сабақтың барысы | |||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 7 мин 2 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Білімді жаңғырту Дұрыс тұжырымды көрсетіңіз: а) Егер х = -1, онда функция у = х² - 2х + 1 мәні 4-ке тең. б) Егер у = 2х² - 3х + 1 функция мәні 16 болса, онда х = -2. в) Аргументтің 2 және -1 мәндерінде у = х² - х -3 функция мәні бірдей болады. г) (-3; 17) нүктесі у = 5х² + 6х -3 параболасына тиісті. Үй тапсырмасын тексеру Оқушылар жауап үлгісін пайдаланып, үй тапсырмаларын тексереді. | Презентация 1-2 слайдтар 3 слайд Оқушылардың сканерленген жұмыстары | |||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин 10 мин | Жұппен жұмыс Келесі тапсырмаларды орындаңыз: 1. Абсциссасы 1-ге тең у=2х2+3х–4 функция графигінің нүктесінің ординатасын табыңдар. 2. у=2х2–3х–4 функция графигінің ординатасы 5-ке тең нүктенің оң таңбалы абсциссасын табыңдар. 3. y=х2–4х–4 функция графигінің ординатасы (-8) болатын абсциссаларының айырымының модулін табыңдар. 4. Координаталары (-3;6) нүктесі арқылы өтетін у=ах2–3 функциядағы а коэффициентін табыңдар. 5. Егер парабола төбесінің координаталары (-0,5; 0,5) болса, онда у = 2х2 + bх + с функциясы үшін с коэффициентін табыңдар. 6. у = х2 + 45 және у = х2 + 5х функциялары графиктерінің қиылысу нүктесінің абсциссасын табыңдар. 7. у = 2х2 + 6х және у = 3х2 + 3х – 28 функциялары графиктерінің қиылысу нүктелерінің абсциссаларының қосындысын табыңдар. 8. у = 4х2 – 5х + 3 функция нөлдерінің квадраттарының екі еселенген айырымын табыңдар. Алынған нәтижелерді төмендегі кестеге толтырыңдар, сонда сендер еліміздің ең үлкен театрында бірінші қойылымның болған уақытын құрастырасыңдар. «жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында бірінші қойылым өтті. Мұхтар Әуезовтің либреттосына «Айман Шолпан» музыкалық комедиясы қойылды. Онда Иван Коцык өңдеген әндер мен күйлер орындалды». Дұрыс жауабы: 13.01.1934 Өзіндік жұмыс Оқушылар сабақ мақсатына жету үшін төмендегі қалыптастырушы тапсырмаларды орындайды. 1. Аргументтің мәні: а) 3; б) болғанда функциясын мәнін табыңыз. 2. Аргументтің қандай мәнінде функция мәні: а) 2; б) -10; в) 7,5 болады? Қосымша тапсырма Берілген интервалдағы функция графигін салыңыз. Квадраттық функцияны салу тәсілдерін кезектестіріп орындаңыз. Жауабы: desmos.com графикалық калькуляторы арқылы немесе слайдтағы сурет арқылы тексеріледі. Оқушылар өз жұмыстарын дескрипторлар арқылы бағалайды: Дескрипторлар - функция графигінің сұлбасын салады; - графикті берілген аралықта шектейді. | Қосымша 1 4 слайд Қосымша 2 5 слайд 6 слайд | |||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин 2 мин | Рефлексия Квадраттық функция тақырыбын өткелі тұрған оқушыға хат жаздыру. Хатта олар кеңес бере алады, неге назар аудару керектігін көрсете алады т.с.с. Үй тапсырмасы 1. у = 2х2 – 4 функция графигін салып, қасиеттерін жазыңыз. 2. функция графигін салыңыз. а) функция графигі арқылы у > 0 және y < 0 аралығын табыңыз. б) қосымша салулар жүргізбей осы функция графигінің функциясымен қиылысу нүктесін табыңыз. | 7 слайд 8 слайд | |||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар кеңесші бола алады. Сабақта ұсынылған тапсырмалар деңгейі өсіп отырады. | Мұғалім сыныпты аралап жүріп ауызша комментарий береді. | Сабақта іс-әрекет түрлері өзгеріп отырады. | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?