Квадраттық функция. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 8

Мұғалімнің аты-жөні: Оспанова Майя Каирбаевна

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.4 аргументтің берілген мәндері бойынша функцияның мәндерін табады және керісінше

Сабақтың мақсаты

Оқушылар берілген аргументтің мәні бойынша функцияның мәнін табады және берілген функцияның мәні бойынша аргументтің мәнін табады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Графикпен немесе формуламен берілген функциялар үшін бір айнымалысы арқылы екінші айнымалысын табуды біледі

Қолдану

Функция мәнін есептейді

Аргументтің мәнін табу үшін квадрат теңдеуді шешеді

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар айнымалыны табу үшін қандай амалдар қолдану керектігін түсіндіреді, мысалы, басқа айнымалының мәні арқылы берілген айнымалының мәнін табу үшін берілген мәнді осы функцияның формуласындағы айнымалының орнына қою керек

Пәндік лексика және терминология:

  • квадраттық функция
  • функция
  • функция мәні
  • аргумент
  • аргумент мәні
  • дискриминант

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

х / у айнымалысын берілген мәнмен алмастырамыз

Шыққан өрнектің мәнін табамыз

Шыққан квадрат теңдеуді шешеміз

Құндылықтарды дарыту

Сыни ойлауын дамыту.

Құндылықты дарыту оқушылардың сабақ барысындағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыс

Функциямен жұмыс жасай алу дағдысы физика, биология, экономика және т.б. пәндерді оқу барысында қажет болады

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, Desmos немесе GeoGebra бағдарламалары

Бастапқы білім

Оқушылар квадраттық функция қасиеттерін біледі.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

7 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын хабарлайды.

Білімді жаңғырту

Оқушылар шағын тақталарға слайдта көрсетілген графиктердің формулаларын жазады. Мұғалім тапсырманы орындау сапасын бағалай алады және қажет болған жағдайда талқылау ұйымдастыра алады. Жауаптар тақтада көрсетіледі, ол оқушылардың өздерін бағалауына көмектеседі.

Презентация

1-6 слайдтар

Шағын тақталар, маркерлер

Сабақтың ортасы

15 мин

10 мин

8 мин

Жаңа материалды меңгеру

функция графигін қолдана отырып, график арқылы аргументтің берілген мәнінде функция мәнін қалай табуға болатынын, қандай қиындықтар кездесетінін талқыланады.

Дәл осылай берілген функция мәні арқылы аргумент мәнін қалай табуға болатыны талқыланады.

Оқушылардан берілген арумент арқылы функция мәнін немесе берілген функция мәні арқылы аргумент мәнін графикті қолданбай табуға бола ма, жоқ па соны сұрау.

Осы сұрақты мысалы арқылы талқылау.

Материалды бекіту

Оқушылар сабақ мақсатына жету мақсатында дайындалған тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалар төртбұрышты парақтарда жазылған. Оқушылар тапсырма мен оның жауабын сәйкестендірулері керек. Осының көмегімен олар тапсырманың дұрыс орындалуын әркез тексеріп отырады. Бұл тарсия ойыны деп аталады. Оқушылар жұпта пайда болған сұрақтарды талқылай алады.

Қайталауға арналған тапсырмалар

1. Өрнектің мәнін табыңыз:

Жауабы: 4.

2. Теңдеуді шешіңіз: .

Жауабы: 3.

7 слайд

8 слайд

9-10 слайдтар

Қосымша 1

11 слайд

Сабақтың соңы

3 мин

1 мин

Рефлексия

Оқушылар сабақты талдап, төмендегі сөйлемдерді жалғастыра отырып рефлексия жазады:

Маған ұнады

Мен мынананы түсіндім

Енді мен орындай аламын

қиын болды

Маған ұнамады

Үй тапсырмасы

1. х=2 үшін функциясының мәнін табыңыз.

2. Айнымалының қандай мәнінде

өрнегінің мәні -1-ге тең?

3. үшін табыңыз.

4. берілген. Егер , , болса, a, b, c мәндерін табыңыз.

Қосымша 2

12 слайд

13 слайд

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қаблеті жоғары оқушылар өз идеяларын пайымдайды, ұсынады, бірақ барлық оқушылар осы идеяны есептер шығару барысында қолданады.

Сабақтың басында және жаңа материалды меңгеру кезінде шағын тақталар қолданылады, бұл мұғалімге материалды меңгеру деңгейін бірден бағалауға көмектеседі. Ойын кезінде оқушылар өз жұмыстарын өздері бағалайды.

Оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу