Квадраттық функция және оның графигі. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3A бөлім: Квадраттық функция

Мектеп: Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Сынып: 8

Сабақ 5

Мұғалімнің аты-жөні: Ковина Е.

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық функция және оның графигі

Сабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.4.1.3 түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады

Сабақтың мақсаты

Оқушылар түріндегі квадраттық функцияның қасиеттерін біледі және графигін салады.

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Квадраттық функцияның қасиеттерін біледі

Қолдану

Квадраттық функцияның графигін салады

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадраттық функциялардың графиктерін салу алгоритмін сипаттайды, қасиеттерін айта алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • квадраттық функция;
  • парабола;
  • парабола төбесі, парабола тармақтары;
  • симметрия осі;
  • функцияның нөлдері;
  • квадрат екімүшелік;
  • дискриминант;
  • параллель көшіру;
  • графиктің симметриялы бейнесі;
  • х осіне сығу;
  • х осінен созу;
  • оңға/солға жылжыту.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • парабола тармақтар …бағытталған;
  • график Ох осінен… (жоғары, төмен) орналасқан;
  • квадраттық функция графигі Оу осін… (жоғарыдан, төменнен) қияды, өйткені с …0 (>,<);
  • берілген функцияның графигін … графигін екі рет параллель көшіру арқылы алуға болады: … бірлікке … х осі бойымен (оңға, солға) жылжыту және … бірлікке … у осі бойымен (жоғары, төмен) жылжыту ;
  • k>1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен k есе созу арқылы шығады;

0< k < 1 болғандағы у = kf(х) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін х осі бойымен есе сығу арқылы шығады.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алуға бейімдеу, дұрыс шешім қабылдау, қоғамдық өмірге қатысу, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыру.

Құндылықтарды дарыту жұптық, топтық жұмыстар арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Квадраттық функцияның физикада қолдануы

АКТ қолдану дағдылары

Desmos бағдарламасы көмегімен функциялардың графиктерін салады және сипаттайды.

Бастапқы білім

y = a(x – m)2 + n түріндегі функция графигін сала алады, оның қасиеттерін анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

Амандасу . Жағымды психологиялық атмосфера ұйымдастыру.

Білімді жаңғырту

Оқушыларға сыныпқа кіргенде карточкалар үлестіріледі. Оларға карточкалар бір-бірін толықтыратындай жұп құрау керек. Жұпта оқушылар талқылау арқылы бұрын қарастырылған анықтамаларды қайталайды.

Функцияның анықталу облысы

х аргумент мәнінің жиыны

Белгіленуі: D(f) немесе D(у)

Функцияның мәндер жиыны

Тәуелді айнымалының мәндер жиыны

Белгіленуі: E(f) немесе E(у)

Функцияның ең үлкен мәні

Функция үшін мүмкін болатын ең үлкен мән

Функцияның ең кіші мәні

Функция үшін мүмкін болатын ең кіші мән

Функция нөлі

Функцияны нөлге айналдыратын x-тің мәндері

Таңбатұрақтылық аралығы

әрбір нүктесінде функция оң немесе теріс болатын интервал

Өспелі функция

< шарты орындалатын және мәндері үшін

< теңсіздігі орындалады

Кемімелі функция

< шарты орындалатын және мәндері үшін

> теңсіздігі орындалады

Презентация

Қосымша

2 слайд

Сабақтың ортасы

2 мин

2 мин

15 мин

10 мин

2 мин

3 мин

Оқушылар өткен сабақта орындаған жұмыстарын алады. Қажет болған жағдайда оқушылардың көп қате жіберген сұрақтарын талқылау ұсынылады.

Оқушылар бір жұпта үйден орындаған а теріс сан болағанда функциясының қасиеттерін талқылайды, екінші жұпта а оң сан болғандағы қасиеттерін талқылайды.

Талқылауды жалпылау үшін «Математикалық шайқас» ұйымдастырылады. Жұптар кезекпен кезек функцияның қасиеттерінің бірін айтады. Толық, дұрыс, нақты жауаптары үшін жұптарға 5 балл беріледі. Егер жауап жеткіліксіз болса, онда екінші жұп жауапты толықтырып, баллдың жартысын ала алады. жұптар айтылған қасиеттері дәптерлеріне жазып, өз жұмыстарына түзетулер мен толықтырулар енгізе алады.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Жаңа материалды меңгеру

Оқушылар мәтінге белгі қоя отырып тақырыпты өздері түсінеді. (қосымша 2), используя маркировку текста. Мәтінді оқу барысында оқушылар +, ? немесе ! белгілерін қолданады.

+ белгісі мәтіннің түсінікті жеріне, ? белгісі мәтіннің түсініксіз жеріне, ал! белгісі мәтіннің қызықты, күтпеген жерін қойылады. Сонымен бірге мәтіндегі 1-тапсырманы орындайды.

Кейін оқушылар жұпта талқылап, бір-біріне ? белгісін түсінуге көмектеседі. Оқушыларда тағы да сұрақтар болса сыныппен талқылау керек.

Жаңа материалды бекіту

Тапсырма

Берілген у = х2 - 6х + 8 функциясы үшін:

а) парабола төбесінің координатасын және симметрия осінің теңдеуін;

б) функция нөлдерін;

в) ордината осімен қиылысу нүктелерін табыңыз.

Функция графигін салыңыз.

3-4 слайдтар

Қосымша 2

5 слайд

Сабақтың соңы

3 мин

2 мин

Рефлексия

Ыстық орындық

Сыныптың ортасына бір оқушы орындыққа отырады. Қалғандары сабақтың тақырыбына байланысты сұрақтар қояды. Бұл сабақты қорытындылап, материалды меңгеру дәрежесін бағалауға мүмкіндік береді.

Үй тапсырмасы

1. Квадраттық функцияны салу алгоритміне арналған постер дайындау (шығармашылықпен, креативті түрде орындау керек).

2. функция графигін салыңыз және оның қасиеттерін жазыңыз.

1 тапсырманы орындау үшін оқушыларға А3 парақтарын үлестіруге болады. Оқушылармен бірге тапсырманың бағалау критерийлері талқыланады.

6 слайд

7 слайд

8 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Материалды меңгеру кезінде қиындық туындаған оқушыларға жеке көмектесу

Өзін-өзі бағалау және өзара бағалау

Сергіту сәті

Интерактивт тақтаны қолдану барысында санитарлық тәртіпті сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу