Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Сабақты өткізуге арналған әдістемелік нұсқау
Сабақ тақырыбы: Мәтіндік есептер шығару
Cабақтың түрі: Білімдерін бекіту сабағы
Оқу мақсаты:
8.4.2.1 квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығару;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
квадрат теңдеулердің көмегімен мәтіндік есептер шығарады.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақ тақырыбын, оқу мақсатын және бағалау критериін анықтау.
2. Өзіндік жұмыс.
3. «Карусель» дидактикалық ойыны.
4. Сабақьы қорытындылау. Рефлексия.
Сабаққа теориялық материал, ұғымдарға және т.б. анықтама
Квадрат теңдеу көмегімен мәтіндік есептерді шығару алгоритмі:
1.Белгісізді әріппен белгілеңіз және есеп шарты бойынша теңдеу құрыңыз;
2. Құрылған теңдеуді шешіңіз;
3.Есеп шартына сәйкес жауапты жазыңыз.
Техника қауіпсіздігін көрсететін инструкциялар .
Материалдарды көрсету PowerPoint презентациясы көмегімен орындалады.
Презентацияны көрсету барысында тапсырманы көрсетіп сұрақтар қойылғаннан кейін, ойлануға мүмкіндік болатындай үзіліс жасап отыру керек.
Жеке қосымшада берілген тапсырмаларды оқушыларға басып шығарып, таратып беру керек.
Сабақты ұйымдастыруға арналған қосымша әдістемелік нұсқаулықтар.
Оқушылар үй тапсырмасын дайын шешіммен тексереді, өзіндік бағалап, салыстырады. Жіберілген қателіктер болса, оларды шешу жолдарын қарастырады.
Формативтік бағалау мәтіндік есептерді шығаруда жіберілген олқылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Қарастырылған материалды бекіту орта деңгейдегі мәтіндік есептерді шығару барысында орындалады, бірақ барлық есептерді орындауға оқушыларға жақсылап ойлану керек және елеулі күш салу қажет болады. Күрделілік теңдеудің түбірін тауып қана қоймай оның «мағынасына» сәйкестігін тексеруде болады.
«Карусель» дидактикалық ойыны шешім қабылдау, командалық жұмыс дағдыларды қалыптастырады. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасайды, нақты қойылған сұрақтарға жауап іздестіреді, басқа топ жұмыстарын жауапкершілікпен бағалайды, өздерінің нақты, соңғы жауаптарын қалыптастырады.
Сабақта есепті алгебралық тәсілмен шығару біліктіліктері дамиды.
Формативтік бағалауға нұсқаулық.
Формативтік бағалау сабақтың әр кезеңінде жүргізіледі.
Мұғалім сабақ бойы оқушылар жұмыстарын қадағалауды жүзеге асырады, кері байланыс береді, қысқа мерзімді жоспарға жеке оқушылардың нәтижелерін жазып қояды.
Мұғалімге сабақ бойы қажет:
- Оқушыларға жүйелі түрде сабақ мақсаты мен жұмысты бағалау критерилері туралы ескертіп отыру.
- Сабақ мақсаты мен жұмысты бағалау критерилерін стендте, тақтада және т.б. жерлерге оқушыларға көренетіндей жазып қою немесе орналастыру.
Сабаққа қасымша материалдар, тапсырмаладың критерилері, жауаптары.
Сыныпта орындалатын тапсырмалардың бағалау критерилері :
Оқушы:
- есеп шартын сауатты жаза алса;
- есеп шартын пайдаланып квадрат теңдеуді дұрыс құрса;
- квадрат теңдеуді дұрыс шешімін тапса;
- есеп жауабын дұрыс жазса
оқу мақсатына жетеді.
Сыныпта орындалатын тапсырмалар жауаптары:
1.11 және 12
2. 30см
3. 5 см немесе 8 см.
4. 15 см
5. 26 қатар
6.48см және 120см
Үй жұмысына арналған тапсырмалар жауаптары:
1. 16см және30см;
2. екі шешім 1) -17, -16, -15; 2) 15, 16, 17.
Литература: Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?