Мәтіндік есептер шығару. Алгебра, 8 сынып, дидактикалық материал. 2 сабақ.


Қосымша 3

1 топ тапсырмасы:

1. Екі тізбектес санның көбейтіндісі олардың қосындысынан 109 – ға артық. Осы сандарды табыңыз.

2. Тік төртбұрыш тәріздес тақтаның ауданы 4500 см2. Тақтаны біреуі квадрат, ал екіншісі тік төртбұрыш болатындай етіп екіге кесті. Егер кесілген тік төртбұрыш ұзындығы 120 см болса, квадраттың қабырғасын табыңыз.

2 топ тапсырмасы:

1. Ұзындығы 26 см тік төртбұрыш тәріздес картон парақтың екі шетінен қабырғасы парақтың еніне тең квадраттар кесіп алынды. Қалған бөліктің ауданы 80 см2 . Картон парақтың енін табыңыз. Есептің екі шешімі болатындығын көрсетіңіз, және әр жағдайға сызба сызыңыз (1:2 масштабпен).

2. Тік бұрышты үшбұрыштың катеттерінің біреуі гипотенузадан 3 см кіші, ал екіншісі гипотенуздан 6 см кіші. Гипотенузаны табыңыз.

3 топ тапсырмасы:

1.Кинотеатрда қатардағы орындар саны қатарлардан 8–ге артық. Егер кинотеатрда барлығы 884 орын бар болса, неше қатар бар?

2. Тік төртбұрыштың қабырғалары 2:5 қатынаста. Егер тік төртбұрыш ауданы 5760 см2 , болса, қабырғаларын табыңыз.

Үй жұмысына арналған тапсырма:

1.Есепті шешіңіз. Тік төртбұрыштың қабырғаларын табыңыз, егер оның диагоналі 34 см, ал қабырғаларының біреуі екіншісінен 14 см кіші болса.

2. Квадраттарының қосындысы 770 болатын тізбектес үш санды табыңыз.

Әдебиеттер:

1.Ерина Т.М. Рабочая тетрадь по алгебре: 8 класс к учебнику «Алгебра.8 класс» для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. / Т.М.Ерина. – М.:Издательство «Экзамен», 2013.- 160с.

2. Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу