Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A: Квадрат теңдеулер Квадрат теңдеулер | Мектеп: Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Архабаева Ж.К. | ||||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 3 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.6 Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіру әдістерін біледі, бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу жолын ауызша айтады; Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясына сүйенеді. Пәндік лексика және терминология: Бөлшек-рационал теңдеулер айнымалының мүмкін мәндер облысы бөгде түбір Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Бөлшектің бөлімін квадрат үшмүше түрінде жазайық... Бөлшектерді ортақ бөлімге келтірейік... Бұл түбір бөгде түбір болады, өйткені... . | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты қалыптастыру топпен, жұппен жұмыс арқылы жүзеге асырылады. Академиялық адалдық: өзгелердің ойы мен ұсынысын сыйлауға тәрбиелеу әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде көрініс табады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Қолданбалы математика, физика. Зерттеушілік тәсіл (не білемін, не білгім келеді, не білдім). | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Power Point презентациясы | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар квадрат теңдеулерді шеше алады, алгебралық бөлшектермен амалдар орындай алады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин 5 мин 5 мин | Ұйымдастыру кезеңі: мұғалім оқушылармен амандасады, сабаққа дайындығын тексереді. Үй тапсымасын тексеру: Оқушылар дайын үлгі бойынша үй тапсырмасын тексереді. Модулі бар теңдеулерді шешу дағдысына арналған қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын орындау Теңдеулерді шешіңіз: а) ; б) . Оқушылармен біріге отырып сабақтың тақырыбын, сабақтың мақсатын ашып алу. Ауызша тапсырмалар: 1. Бөлшектердің ортақ бөлімін табыңыз. 2. Өрнекті ықшамдаңыз. | Қосымша 1 1-5 слайдтар 6-7 слайдтар | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 15 мин 10 мин 5 мин | Жаңа материалды меңгеру 1. Оқушылардың назарына бірнеше теңдеулерді ұсыну: , , , . Алғашқы екеуі бүтін-рационал, соңғы екеуі бөлшек-рационал теңдеу екені айтылады. Сұрақтарды талқылау: Қандай теңдеу бөлшек-рационал деп аталады? Бөлшек-рационал теңдеудің бүтін-рационалдан қандай айырмашылығы бар? Осындай теңдеулерге мысалдар қарастырылады. 2. теңдеуін шешу ұсынылады. Талқылау барысында шешу алгоритмі тақтаға жазылады. 3. Осы алгоритмді бөлшек-рационал теңдеуді шешуге қолдану үшін төмендегі мысал қарастырылады: 4. Бөгде түбір ұғымы талқыланады. Алгоритмге шыққан түбірді тексеру, яғни төртінші кезең қосылады. 5. Екінші теңдеуді шешу: Айнымалының мүмкін мәндер облысын табу арқылы шешімді рәсімдеу қарастырылады. Жаңа материалды бекіту Jigsaw әдісін қолдану арқылы бөлшек-рационал теңдеуді шешудің алғашқы дағдысын қалыптастыру: 1) ; 2) ; 3) . Оқушылар шағын топтарға бөлінеді. Әрбір топ бір теңдеуді шешеді, шешімді талқылайды. Бұл командалық жұмыс топтың әрбір мүшесіне теңдеуді шешуді түсінуге бағытталған. Кейін әртүрлі теңдеулерді шешкен 3 оқушыдан жаңа топ құрастырылады. Оқушылар алғашқы топта талдаған теңдеулерін бір-біріне түсіндіреді. Өздігінен теңдеулерді шешу Теңдеулерді шешіңіз: а) ; б) . | 8-12 слайдтар Зив Б.Г., Гольдич В.А. Дидактические материалы по алгебре для 8 класса. – С.-Петербург: Петроглиф, 2010. -128 с. : ил. 42-44 б. Қосымша 1 | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақты қорытындылау: Оқушылармен сабақта жасалынған жұмыстар талқыланады: - Сабақтың қай сәттері қиын болды, неліктен? - Бұл қиындықтарды қалай жеңуге болады? Үй тапсырмасы Теңдеулерді шешіңіз: 1) ; 2) ; 3) . | 13 слайд Зив Б.Г., Гольдич В.А. Дидактические материалы по алгебре для 8 класса. – С.-Петербург: Петроглиф, 2010. -128 с. : ил. 42-43 б | |||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар материалды бекіту кезінде басқа оқушыларға көмектеседі. | Мұғалім оқушылардың белсенділігін бақылайды. Топпен жұмыс кезінде қалыптастырушы бағалау жүргізіледі. | Сергіту сәті қолданылады. Сабақ барысында оқушылар сынып бөлмесінде орын ауыстырады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?