Теңдеулерді шешу. Модулі бар квадрат теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2A: Квадрат теңдеулер Теңдеулерді шешу | Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Муханова Анара Сандибаевна | ||||||||||||||||
Сынып: 8 Сабақ 1 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Теңдеулерді шешу Модулі бар квадрат теңдеулерді шешу | ||||||||||||||||
Сабақтың түрі | Жаңа тақырыпты меңгеру | ||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.2.2.5 |ax2+bx|+c=0; ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеулерді шешу | ||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар модулдің анықтамасын қолданады; құрамында модулі бар квадраттық теңдеулерді шешу алгоритмін біледі; квадрат теңдеуді шешудің әртүрлі тәсілдерін қолданады. | ||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар модулі бар теңдеуден құрамында модуль таңбасы жоқ теңдеуге көшу шарттарын талқылайды, түбідің шартқа сәйкес теңдеу түбірі екенін немесе бөгде түбір екенін түсіндіреді. Пәндік лексика және терминология Теңдеу, модуль, айнымалының мәні, өрнектің мәні Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Оң/теріс санның модулі Сандардың қосындысының модулі осы сандардың модульдерінің қосындысына әрқашан тең бола бермейді Сан/өрнек мәнінің екі жағдайын қарастырайық … Шыққан түбірлердің көрсетілген шектеуге сәйкестігін тексерейік | ||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ынтымақтастық, топта жұмыс жасау сияқты құндылықтарды дамыту оқушылардың сабақтағы әрекеті арқылы жүзеге асырылады. | ||||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Теңдеулерді шеше білу әртүрлі пәндерді оқу барысында қажет болады. | ||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||||
Бастапқы білім | Квадрат теңдеулерді әртүрлі әдістермен шеше алады. | ||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||||
Сабақтың басы 10 мин | Оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Алдыңғы өтілген материалды қайталау Ауызша орындауға арналған тест тапсырмалары презентацияның слайдттарында көрсетіледі. Оқушыларға А – Е әріптері басылған кеспе қағаздары таратылады (Қосымша 1). Оқушылар кеспе қағаздарын мұғалімге өздері таңдаған жауапты көрсету үшін қолданады. Мұғалім осы арқылы ұсынылған әрбір сұрақтың түсіну деңгейін бағалай алады. 8-слайдтағы тапсырманы талқылауға аса көңіл бөлу керек, өйткені модуль түсінігі осы сабақтың кілт сөзі болып табылады. Талқылау барысында модулдің анықтамасын қайталайды және жазады: | Презентация 1 – 8- слайдтар | |||||||||||||||
Сабақтың ортасы 1 мин 10 мин 2 мин 10 мин 9 мин | Мәселені шешу сатысы Тапсырма: теңдеуін шешіңіз. Шағын топта берілген теңдеуді қалай шешуге болатынын талдау үшін оқушыларға уақыт беріледі. Жаңа материалды, яғни ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеуді шешу әдісін үйрену Мұғалімнің жетелеуші сұрақтары арқылы ( жазуындағы х қандай мәндерді қабылдай алады ; модулін қалай ашуға болады) берілген теңдеуді шешу алгоритмін анықтау үшін жалпы талқылау ұйымдастырады. ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеуді шешу алгоритмі 1. Модуль таңбасынан құтылу, ол үшін теңдеулер мен теңсіздіктер жүйесінің жиынтығын жазу:
Біздің жағдайымызда: 2. Алынған квадрат теңдеулерді шешу: 3. Түбірлерді тексеру (теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелерін шешу). Бірінші теңдеуде теңдеулер жүйесінің шешімі 4-ке тең, ал екіншісінде – (-4). 4. Жауапты жазу: {-4; 4}. Оқушылардың назарын шешімнің рәсімделуіне аудару керек. Жаңа материалды бекіту Құрамында модулі бар теңдеулерді шешу дағдысын бекіту үшін оқушыларға жұпта орындауға арналған екі теңдеу ұсынылады. Жұпқа бөлу үшін кеспе қағаздары қолданылады:
Жұптық жұмысқа арналған тапсырма Теңдеулерді шешіңіз: а) ; б) . Аяқтаған соң жұптар құрамымен ауысады және шешімін талқылайды, яғни оқушылар тек бір-бірінің жауаптарын қарап қана қоймайды, жұбына бір теңдеудің шешу жолын түсіндіреді. Бұл оқушылардың тілдік дағдыларының дамуына, ортақ шешімді қабылдау үшін талқылау дағдысының дамуына көмектеседі. Мұғалім оқушылардың жұмысын қадағалайды, талқылауды тыңдайды, қажетті сөздер мен терминдерді таңдауға көмектеседі. Өзіндік жұмыс Теңдеулерді шешіңіз: а) ; б) ; в) ; г) . Мұғалім дұрыс рәсімделуі көрсетілген шешу үлгісін ұсына алады. Кейбір оқушылардың жұмыстарын жазбаша комментарий беру үшін жинап алуға болады. | 9- слайд 10- слайд Қосымша 2 11- слайд 12- слайд Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре, 8-9 классы. – М.: Просвещение, 2011. – 301б. – ил. 57 бет | |||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы 1. Теңдеуді шешіңіз: а) ; б) . 2. Өрнекті ықшамдаңыз: Сабақты қорытындылау Төменде ұсынылған бір нұсқаны таңдау арқылы бүгінгі сабақтағы өзіңіздің жұмысыңызды бағалаңыз.
| 13- слайд 14- слайд | |||||||||||||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау –оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||
Барлық оқушылар қарапайым жағдайда ax2+b|x|+c=0 түріндегі теңдеуді шешу алгоритмін қолдана алады. Оқушылардың көбі алгоритмді қолданады және күрделі теңдеулерді шешуді түсіндіреді. Кейбір оқушылар қиын теңдеулерді шеше алады, мысалы, екі модуль таңбасы бар теңдеулер. | Мұғалім ауызша есептеуге арналған әріптер жазылған кеспе қағаздарды оқушылардың алдыңғы білімдерін қалыптастырушы бағалау үшін қолданады. Сабақта шешімді жұппен талдау барысында өзара бағалау қолданылады. Сонымен қатар мұғалім жазбаша комментарий беру үшін оқушылардың дәптерлерін жинап алады. | Оқушыларға жүктемені азайту үшін әртүрлі іс-әрекеттер ұсынылады. | |||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?