Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 4 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Теңдеулерді шешу

Мектеп: Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арыстанова А.М.

Сынып: 8

Сабақ 4

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың түрі

Тақырыпты бекіту сабағы

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.6 Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу

Сабақтың мақсаты

Оқушылар бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіру әдістерін біледі, бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді.

 Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Бөлшек-рационал теңдеулерді ажыратады

Қолдану

Бөлшек-рационал теңдеулерді квадрат теңдеулерге келтіреді

Бөлшек-рационал теңдеулердегі айнымалының мүмкін мәндер облысын табады

Талдау

Бөгде түбірлерді анықтайды.

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар квадрат және бөлшек-рационал теңдеулерді шешу жолын ауызша айтады;

Бөлімнің пәндік лексикасы мен терминологиясына сүйенеді.

Пәндік лексика және терминология:

Бөлшек-рационал теңдеулер

айнымалының мүмкін мәндер облысы

бөгде түбір

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Бөлшектің бөлімін квадрат үшмүше түрінде жазайық...

Бөлшектерді ортақ бөлімге келтірейік...

Бұл түбір бөгде түбір болады, өйткені... .

 Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық: ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру және сындарлы көзқарасты дамыту топпен, жұппен жұмыс арқылы жүзеге асырылады.

Академиялық адалдық: өзгелердің ойы мен ұсынысын сыйлауға тәрбиелеу әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасау кезінде көрініс табады.

Пәнаралық байланыс

Қолданбалы математика, физика.

Зерттеушілік әдіс (не білемін, не білгім келеді, не білдім).

АКТ қолдану дағдылары

Power Point презентациясы

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеулерді, бөлшек-рационал теңдеулерді шеше алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

3 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. Дайын жауаптар арқылы біріге отырып үй тапсырмасын тексеру.

Өткен сабақты қайталау ретінде оқушыларға ауызша сұрақтар қойып, ауызша жауаптар алынады:

1. Бөлшек-рационал теңдеу дегеніміз … ?

2. ММЖ деген не?

3. Бөлшек-рационал теңдеуді шешу алгоритмі.

1-3 слайдтар

Сабақтың ортасы

20 мин

5 мин

9 мин

Білімді бекіту үшін «Аялдамаларда» берілген тапсырмаларды орындаймыз.

Әрбір оқушыға «Жауап парағы» мен жүру маршруты таратылады.

Әрбір оқушы белгілі бір маршрут бойынша жүріп, Аялдамаларда бөлшек-рационал теңдеулерді шешуге берілген тапсырмаларды дәптерлерінде орындап, жауаптарын жауап парағына жазады.

№1 Аялдама.

x = 0,5, x≠ -

№2 Аялдама.

x1=5, x2= - 0,25 x ≠ 0

№3 Аялдама.

x1=12, x2 = - 3 – б.т. x≠ - 3

№4 Аялдама.

x1=4, x2= - 7 x ≠ 1, х ≠ -

№5 Аялдама.

x1=8, x2= - 10 x ≠ 4, х ≠ - 6

№6 Аялдама.

x1=3,6, x2= - 5 x ≠ 2, х ≠ 0, х≠ - 2

№7 Аялдама.

x1= 5, x2= - 6 x ≠ 2, х ≠ - 4

№8 Аялдама.

x1= -4, x2= 2 – б.т. x ≠ 0, х ≠ 2

Өзара бағалау:

1) оқушылар дәптерлерімен, жауап парақтарымен алмасады;

2) дайын жауаптармен тексереді;

3) қате жіберген кезде дәптердегі шешу жолын тексереді (қажет болғанда комментарий береді);

4) дәптер мен жауап парағын қайтарады, біріге отырып кері байланысты талқылайды.

Жұппен жұмыс:

Оқушылар жұпқа бөлінеді, әрбір оқушыға 1 есеп беріледі, олар есепті шығарады, тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады, болған соң әркім өз есебінің шешімін жұбына түсіндіруі керек.

1. Түбірлерінің қосындысын табыңыз: -.

2. Теңдеуді шешіңіз: .

Қосымша 1

Қосымша 2

4 слайд

Қосымша 3

5 слайд

Сабақтың соңы

3 мин

Үй тапсырмасы

Теңдеулерді шешіңіз:

Рефлексия:

Оқушылар мына сұрақтар төңірегінде ойланып, жауап берулері керек:

  • Не білемін?
  • Нені орындай аламын?
  • Нені білуім керек?
  • Ол үшін қандай тақырыпты қайталауым керек?
  • Ол үшін қандай тапсырмаларды орындауым керек?

Қосымша 4

6 слайд

Саралауоқушыларға қалай көбірек

қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай

міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау сабаққа тапсырмалар таңдау кезінде жүргізіледі. Қабілеті жоғары оқушылар бірінші орындап болса, қосымша тапсырма беріледі.

Өзін-өзі бағалау, өзара бағалау ұйымдастырылады.

Қажет болған жағдайда сергіту сәтін қолдану ұсынылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу