Квадрат үшмүше жіктеу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 2 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Квадрат үшмүшені жіктеу
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгеру
Оқу мақсаты:
8.2.1.2 үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөлу;
8.2.1.3 квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу;.
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
- Квадрат үшмүшеден екімүшенің толық квадратын бөліп алады;
- Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктейді.
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі. Сабақ мақсатын қою
- Бұрынғы білімдерін белсендендіру
- Жаңа тақырыпты меңгеру
- Есеп шығару.
- Сабақты қорытындылау. Рефлексия
Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.
Теорема: Егер x1 және x2 сандары квадрат үшмүшесінің түбірлері болса, онда .
Теоремаға ескерту. Егер квадрат үшмүшесінің дискриминанты нөлге тең болса, яғни (еселі түбір), онда дәлелденген формула мына түрде жазылады: .
Теорема. Егер квадрат үшмүшенің түбірлері болмаса, онда оны сызықтық көбейткіштерге жіктеуге болмайды.
Егер квадрат үшмүшенің түбірлері бар болса, онда оны көбейткіштерге жіктеуге болады.
Кері тұжырым да дұрыс: егер квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу мүмкін болса, онда оның түбірлері бар болады.
Квадрат үшмүшенің жіктелуі болып келесі жазба аталады:
ах2 + bх + с = а(х – х1)(х – х2),
мұндағы х1 , х2 – квадрат үшмүшенің түбірлері.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Презентация слайдтарында анимациялар бар, олар экранға шешімдер мен жауаптарды біртіндеп шығаруға немесе қойылған сұрақтарға жауаптарды көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан презентацияны көрсету барысында тапсырма немесе сұрақты көрсеткеннен кейін үзіліс жасау керек, сөйтіп оқушыларда оларды орындауға және ойлануға уақыттары болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың жаңа тақырыпты оқу кезінде өнімді әс-әрекетін көздеген, материалдың пассивті қабылдауын болдырмай. Осыған байланысты мұғалімге оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтарды қою керек, оларды «жаңалық ашуға» және жаңа материалды меңгеруге итермелейтін, сол уақытта оларға ойлануға қажетті уақытты да ұсыныңыз.
Саралауға арналған қосымша деңгейлік тапсырмалар
Базалық деңгей
Күрделі деңгей
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.
Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.
Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.
Тапсырмалардың жауаптары сабақтың презентациясында жазылған, олар өзін-өзі бағалауға және өзара бағалауға пайдалы болады.
Әрбір тапсырманың бағалау критерийлері сабаққа қосымшаларда және қысқа мерзімді жоспарда жазылған.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-класс: Учебник для 8 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения/ А.Н. Шыныбеков – 3-издание. – Алматы: «Атамұра», 2012. 288 с.
Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,
2010.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?