Бөлшек - рационал теңдеулерді шешу. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 3 сабақ.


Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар

Сабақ тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешу. Бөлшек-рационал теңдеулерді шешу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру сабағы

Оқу мақсаты:

8.2.2.6 бөлшек-рационал теңдеулерді шешеді;

Сабақ мақсаттары: Бөлшек- рационал теңдеудің анықтамасымен таныстыру, рационал теңдеудің оқшау түбірлерін анықтау, бөлшек- рационал теңдеуді квадрат теңдеуге келтіру;

Сабақ құрылымы:

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Сабақ мақсатын қою
  • Ой түрткі
  • Жаңа тақырыпты түсіндіру. Алгоритмді толықтыру
  • Бекіту
  • Сабақты қорытындылау. Рефлексия

Сабаққа қажетті теориялық материал, анықтамалар және т.б.

Жаңа тақырыпты ашу

Тақтадағы теңдеулерге мұқият назар аударыңыз. Берілген теңдеулердің барлығын шешуді білесіз бе? Білмесеңіз не себепті? сұрақтары қойылады.

Теңдеулерді шешу үшін пропорцияның негізгі қасиетін қолдануға болады.

, яғни a • n = b • m

  • Теңдеуді шешіңіз

Пропорцияның негізгі қасиетін қолданамыз.

9х = 18∙5, 9х = 90, х = 90:9, х = 10

Жауабы: 10.

  • Теңдеуді шешіңіз

теңдеудің екі жағын да бөлшектің бөліміне көбейтеміз.

3х-3+4х = 5х

7х-5х = 3

2х = 3

х = 3:2

х = 1,5

Жауабы: 1,5.Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар

Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жауабы бар слайдтарды тек оқушылар өздерінің жауаптарын тексеру үшін ғана қолданыңыз.

Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақыты азаяды.

 Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар

Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сондықтан, оқушылардың жұптағы/топтағы/бүкіл сыныппен ойларымен бөлісуін қолдаңыз, сұрақ қойылғаннан кейін ойлануға уақыт беріңіз (1-2 мин).

 Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.

 Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.

 

 Жауаптар, тапсырмаларға қойылатын бағалау критерийлері, сабаққа қосымша материалдар.

Қосымша 2

Жауаптар:

 Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.

Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012. 14-бет.

Алгебра. 8 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений / Ю. Н. Макарычев, Н. Г. Миндюк, К. И. Нешков, И. Е. Феоктистов. — 10-е изд., испр. — М. : Мнемозина,

2010. — 384 с. : ил.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу