Виет теоремасына кері теорема. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


8.2А Квадрат теңдеулер

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ильясова С.А.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы

Виет теоремасына кері теорема

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.4

Виет теоремасын қолдану;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасын біледі;

Виет теоремасын және оған кері теореманы тұжырымдау, есеп шығарғанда қолдану

Виет теоремасын қолдана отырып есептер шығаруға оқушыларды баулу және дағдыландыру.

 Бағалау критерийлері

келтірілген квадрат теңдеудің анықтамасын біледі;

Виет теоремасын және оған кері теореманы тұжырымдайды, есеп шығарғанда қолданады

Виет теоремасын қолдана отырып есептер шығарады

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат үшмүшенің түбірлері, түбірлер саны жайлы Виет теоремасына негізделген ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Келтірілген квадрат теңдеу;

Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысы;

келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің көбейтіндісі;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысын табу үшін…;

Келтірілген квадрат теңдеудің түбірлерінің көбейтіндісін табу үшін …;

Берлген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбалары әр түрлі өйткені … ;

Берлген квадрат теңдеудің түбірлерінің таңбалары бірдей өйткені … ;

Құндылықтарды дарыту

 

Керекті ақпаратты табу, топта жұмыс істеу, өзінің жұмыс сапасына жауапты болу, уақытты дұрыс пайдалану, құндылықтарды дарыту сабақтың барысында жоспарланған жұмыстар арқылы жүзеге асырылады

Пәнаралық байланыстар

физика

Бастапқы білім

Квадрат теңдеудің анықтамасы; квадрат теңдеудің түрлері; квадрат теңдеудің түбірлерінің жалпы формуласы; Виет теоремасы

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

0-3 мин

а) Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары құрастырылып айтылады.

b) Оқушылар екі сыныптастарының шешімдерін қолданып, өз бетінше үй жұмысын тексереді. Оқушылар олардың жұмыстарына ауызша кері байланыс береді.

2-3 оқушының жауабын тыңдаңыз.

Презентация

Сабақтың ортасы

4-38 мин

«Виет теоремасы» тақырыбы бойынша қайталау ретінде «Пазл» жұптық жұмысыты ұйымдастыруға болады.

Сынып оқушылары топтарға бөлінеді(4 адманан аспайтын). Оқушылар топта 1-10 тапсырмаларын орындайды. Топтығы әр оқушы бір тапсырма орындауға жауапты болады. Кейін тотпың ішінде оқушылар әр тапсырманың шешімін талқылайды. Тексеру үшін оқушылар орындаған тапсырма бойынша жаңа топтар құрайды. Жаңа топтарда оқушылар шешімдерін тексереді.Мұғалім әр оқушының топта жұмыс істеу қабілетін бағалайды, керек кезде кеңес береді

1. мен квадрат теңдеудің түбірлері равны Түбірлері төмендегі өрнектер болытындай теңдеуді жазыңыз:

2. -ның қандай мәндерінде теңдеуді түбірлерінің түбірлерінің қосындысы ең кіші мән қабылдайды.

3. теңдеуі берілген. -ның қандай мәнінде берілген теңдеудің түбірлерінің айырымы 2-ге тең?

4. -ның қандай мәндерінде теңдеуі түбірлерінің квадраттарының қосындысы ең кіші мән қабылдайды?

5. теңдеуі берілген. b-ның қандай мәнінде берілген теңдеудің бір түбірі екіншісінен 6 есе артық болады?

6. теңдеудің түбірлерін табыңыз, егер

7. теңдеудің түбірлерінің айырмасы 20-ға тең.

с коэффицентін табыңыз.

8.Теңдеуді шешпей-ақ, теңдеудің түбірлерінің таңбаларын табыңыз:

a);

b) ;

c) ;

d) ;

e);

f) ;

g) ;

h) .

9. Түбірлері келесідей болатын теңдеуді құрыңыз:

a);

b) ;

c) ;

d) .

10. Бір түбірі төмендегі сан болатындай квадрат теңдеуді құрыңыз:

a); b); c) ; d) .

Дескриптор: Білім алушы

  • квадрат теңдеудің түбірлерінің қосындысын табады;
  • квадрат теңдеудің түбірлерінің көбейтіндісін табады;
  • квадрат теңдеуді құрады.
  • Виет теоремасын қолданады;
  • өрнекті түрлендіреді;
  • өрнектің мәнін табады.

Алгебра.8 класс: учебник для общеобразовательных учреждений/ [Ю.Н.МакарычевН.Г.Миндюк, К.И. Нешков, С.Б.Суворова]; под редакцией С.А. Теляковского. – М.:Просвещение, 2013.

Қосымша 1

Сабақтың соңы

39-40 мин

Мұғалім үй жұмысын интеракивті тақтада көрсетеді.

Үй жұмысы:

1. теңдеуінің бір түбірі -ке тең. Екінші түбірі мен q коэффициентін табыңыз.

2.теңдеуінің бір түбірі -ге тең. Екінші түбірі мен р коэффициентін табыңыз.

Рефлексия «Пікірлер қоржыны»

Оқушылар қағаздарға есімін жазбай сабаққа қатысты өз ойларын жазып қоржынға (қорапқа) салады. Мұғалім таңдаған бір оқушы қоржыннан бір қағазды алып, дауыстап оқып, оқушылармен тақылайды немесе қорытынды жасайды.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу