Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің анықтамасы. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.2A: Квадрат теңдеулер

Мектебі:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Сабақ 2

Қатысқандар саны:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеу

Квадрат теңдеудің түрлері

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгеру

Осы сабақта қол

жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.2

квадрат теңдеудің түрлерін ажырата алады

Сабақтың мақсаты

Оқушылар квадрат теңдеудің түрлерін біледі

Бағалау критерийлері

Дағды

Бағалау критерийлері

Білу және түсіну

Толымды және толымсыз квадрат теңдеулерді ажырата алады

Толымсыз квадрат теңдеуді классификациялай алады

Қолдану

Толымсыз квадрат теңдеуді шешеді

Анализ және синтез

Толымсыз квадрат теңдеуді шешу әдістерін ұсынады

 Тілдік мақсат

 

Оқушылар толымсыз квадрат теңдеуді шешу әдісін негіздейді, әрбір жағдай үшін түбірлер саны туралы ойларын айтады.

Пәндік лексика және терминология:

Квадрат теңдеу

толымсыз квадрат теңдеу

коэффициент

түбір

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Теңдеудің сол жағындағы өрнекті көбейткіштерге жіктейік

Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығарайық

… түбірді шығарайық

Түбірлердің бірі … шыққан арифметикалық квадрат түбірге тең, ал екіншісі – оған қарама-қарсы

Түбірлерінің бірі нөлге тең

Құндылықтарды дарыту

Өздіктерінен оқу, ақпаратты жинау, жағдайды талдау, жаңа жағдайға бейімделу, мәселе қойып, оны шешу, топта жұмыс жасау, өз жұмысының сапасына жауап беру.

Құндылықтарды дарыту осы сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық байланыс

Квадрат теңдеулер шын өмірде бірнеше процесстердің математикалық моделі болып табылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта таныстырылым және жазу тақтасы ретінде пайдаланылады .

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат теңдеу түсінігін біледі, екімүшені көбейткіштерге жіктей алады, сызықтық теңдеулерді шешеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

5 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Мұғалім оқушыларға өткен сабақта орындаған жұмыстарын тексеріп таратады. Оқушылар өздерінің тексерілген жұмыстарын қолданып өткен сабақта кеспе қағаздарын ауыстырып алған оқушының үй тапсырмасын тексереді.

Білімді жаңғырту

Өткен сабақтағы материалды қайталау ойын түрінде жүргізіледі. Жәшікке немесе дорбаға сұрақтар жазылған парақтар салынады.

Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, көңілді әуенмен жәшікті бір-біріне ұсынады. Мұғалім әуенді тоқтатқан кезде қолында жәшігі қалып қойған оқушы қораптан парақты алып, сұрақты оқып, оған жауап береді. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, кішкене сыйлықпен марапаттауға болады.

Презентация

1-2 слайдтар

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

7 мин

2 мин

15 мин

10 мин

Жаңа материалды меңгеру

Жұппен жұмыс

Мұғалім оқушыларға квадрат теңдеулер жазылған парақтарды таратады. Оқушылар бұл теңдеулерді топтарға бөліп тастайды және бос параққа әрбір топтағы теңдеудің түрін жазады. Кейін оқушылар берілген теңдеулерді қандай белгі бойынша топтастырғанын түсіндіреді.

Тақтаға және дәптерлеріне әрбір топтағы теңдеудің жалпы түрін жазады:

бірінші топта түріндегі теңдеу,

екіншісі - ,

үшіншісі - ,

төртіншісі - .

Оқушыларға бүгінгі сабақта толымсыз квадрат теңдеулерді шешу әдістерімен танысатындығы жөнінде айтылады.

Тақтада жазылған түріндегі теңдеудің шешу барысы, осындай теңдеудің түбірлерінің саны қанша болатыны талқыланады.

Жұппен жұмыс

Кейбір жұптарға жасыл шаршыда жазылған теңдеулерді, яғни түріндегі теңдеулерді шешу барысын, ал басқаларына – сары шаршыдағы, яғни түріндегі теңдеулерді шешу барысын талқылау ұсынылады. Сонымен бірге оқушылар өздерінің барлық теңдеулерін шешуі және олардың түбірлерінің саны жөнінде ойланулары керек.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды, көмектеседі, бағыттайды. Кейін жалпылай талқылау ұйымдастырылады.

Жаңа тәсілді бекіту

Оқушылар басқа жұптың теңдеулерін шешеді.

Шешімді өзара тексереді.

Жеке жұмыс

А деңгейі

1. Теңдеулерді шешіңіз:

а) ;

б) ;

в) ;

г) ;

д) ;

е) .

В деңгейі

2. с-ның қандай мәнінде және екімүшесінің мәндері тең?

С деңгейі

3. b-ның қандай мәнінде теңдеуі толымсыз квадрат теңдеу болады?

Қосымша 2

3 слайд

4 слайд

5 слайд

Қосымша 3

Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г. Алгебра. Дидактические материалы. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Мнемозина, 2010. – 157 с. : ил.

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақты қорытындылау:

Білгіш Асан түріндегі теңдеуді шешпей-ақ, оның түбірі бар ма, жоқ па бірден айтады. Ал сіз солай жасай аласыз ба?

Сонымен бірге Білгіш Асан теңдеуін шешпей-ақ оның бір түбірін бірден айтады. Ал сіз солай жасай аласыз ба?

Үй тапсырмасы:

1. Теңдеулерді шешіңіз:

а) ;

б) ;

в) ;

г) ;

д) ;

е).

2. Теңдеудің түбірлерін табыңыз:

6 слайд

Шуба М.Ю. Занимательные задания в обучении математике: Кн. Для учителя. М. : Просвещение, 1994. – 222 с. : ил.

7 слайд

Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай

тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік

техникасының сақталуы

Саралау тапсырмаларды таңдағанда, сонымен бірге оқушылардан әртүрлі жауап алынуын күту арқылы жүргізіледі.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды.

Сабақта үнемі іс-әрекеттің түрі өзгеріп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары

дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол

жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды

ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар

болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін

пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу