Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің анықтамасы. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.


 1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық тақырыбы/бөлімшесі

 «Квадрат теңдеу»

  «Квадрат теңдеулер» бөлімі

 

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу. Квадрат теңдеудің анықтамасы

 Оқу мақсаты:

 8.2.2.1

 квадрат теңдеудің анықтамасын біледі.

 

 Бұл сабақта квадрат теңдеу ұғымы енгізіледі, оның түрлері қарастырылады.

 

 Теориялық материал

  (a ≠ 0) түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп аталады, мұндағы a, b және с – берілген сандар, ал х – айнымалы.

 а – бірінші коэффициент, b - екінші коэффициент, ал с – бос мүше деп аталады.

 Егер x = u саны кваадрат теңдеудің сол жағын нөлге айналдырса, яғни болса, онда u саны квадрат теңдеудің түбірі деп аталады.

 Егер а коэффициенті 1-ге тең болса, онда келтірілген квадрат теңдеу деп аталады.

 Егер b немесе с коэффициенттерінің ең болмағанда біреуі нөлге тең болса, толымсыз квадрат теңдеу деп аталады.

 

 

 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға нұсқаулық

 Сабақтың басында көбейткіштерге жіктеуді қайталауға арналған ауызша тапсырмалар жүргізіледі. Өйткені, көбейткіштерге жіктеу дағдысы толымсыз квадрат теңдеулерді шешуде қажет болады.

 Квадрат теңдеулер ұғымын енгізу үшін оқушыларға өздіктерінен квадрат теңдеудің анықтамасын құрастыруға көмектесетін алдын-ала тапсырмалар беріледі. Осы анықтаманы түсінуін дамыту үшін ұсынылған теңдеулердің ішінен квадрат теңдеулерді ажыратып алуға тапсырма беріледі. Неліктен бірінші коэффициент, яғни а коэффициенті, нөлге тең бола алмайтыны, ал b немесе с коэффициенттері нөлге тең бола алатыны жөнінде талқылау жүргізу керек.

 Коэффициенттердің мәнін жазуға берілген кестені толтырып болған соң толымсыз квадрат теңдеу ұғымы енгізіледі. Сонымен бірге сабақта келтірілген квадрат теңдеу ұғымы енгізіледі және теңдеудің түбірі ұғымы қайталанады.

 Сабақта берілетін материал қиын болмағандықтан, бұл сабақта оқушылардың өздігінен жұмыстануын ұсынуға болады.

 

 Жауаптары мен шешуі

 4) Теңдеулерді түріне келтіріңіз:

 а) ;

 б) ;

 в) ;

 г) .

 Шешуі.

а)

б)

в)

г)

 

 

 

 Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі:

  • Шыныбеков А.Н. Алгебра: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Атамұра, 2011. – 288 б.
  • Мордкович А.Г. Алгебра. 8 кл.: Учеб. для общеобразоват. учреждений. – М. : Мнемозина, 2001. – 223 с. : ил. Страница 112.
  • Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г. Алгебра. Дидактические материалы. 8 класс: пособие для шк. с углубл. изучением математики – М. : Мнемозина, 2010. – 157 с. : ил.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу