Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Бөлшектің алымындағы/бөліміндегі иррационалдықтан құтылу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Сабақтың жоспары

Қысқа мерзімді жоспар :

8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру.

Бөлшектің алымындағы/бөліміндегі иррационалдықтан құтылу

Сабақтың түрі

Дағдылар мен біліктерді дамыту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.4

бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар бөлшек бөлімін иррационалдықтан босату үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білім және түсіну

Квадраттар айырымы формуласын, квадраттық түбірдің қасиеттерін біледі.

Қолдану

Квадрат түбірі бар өрнектер үшін квадраттар айырмасының формуласын және түбірдің қасиеттерін қолданады.

Бөлшектің алымын/бөлімін иррационалдықтан босату үшін өрнекті түрлендіреді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босатудың негізгі ережелерін тұжырымдайды, өз ойын жеткізу барысында математикалық терминдерді қолдана отырып, тапсырманы орындаудың кезеңдерін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір, көбейткіш, квадрат түбірлердің қосындысы/ айырмасы, квадраттардың қосындысы/ айырмасы, түйіндес өрнек

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығарады....

Бөлшектің негізгі қасиеттін қолданайық...

Бөлшектің алымы мен бөлімін ..... көбейтейік

Бөлшекті ...... қысқартайық

Екі өрнектің қосындының квадраты формуласын қолданайық...

Келесі өрнек түіндес өрнект болып табылады

Құндылықтарды дарыту

Өзіндік жұмыс дағдыларын дамыту. Құндылықтарды дамыту оқушылардың іс- әрекеті арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық байланыстар

Квадраттық түбірлермен жұмыс жасау дағдылары физикалық есептерді шешуде маңызды.

АКТі қолдану дағдылары

Материалды бейнелеу үшін презентация қолданылады.

 Бастапқы білім

Оқушылар бөлшектің бөліміндегі иррациональдықтан құтылу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3-5 мин

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

 Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарды талқылау.

Презентация Слайд 1-2

Оқушылардың дәптері

Сабақтың ортасы

20 мин

3 мин

15-18 мин

 Бұрын оқыған материалды қайталау

  Өткен тақырыпты қайталау үшін тапсырмалары бар карточкаларды дайындау. Карточкаларды үстелдің үстіне орналастырыңыз. Олардың саны сыныптағы оқушылардың санынан кем болмауы керек. Әрбір оқушы белгілі бір карточканы таңдайды. Тапсырманы орындағаннан кейін, ол оның шешу жолын айтып, өзінің атын тақтадағы тапсырманың санының астына жазады. Есепті шығарған кейінгі оқушылар шешімді мұғалімге емес, соңғы тиісті нөмерде тұрған оқушыға тапсырады.

 

 Жаңа материалды меңгеру

 Оқушыларға «Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босату» тапсырмалары беріледі. Мұғалім оқушылардың есеп шешім табу үшін әртүрлі идеяларды айтуды ұйымдастырады. Оқушыларда ережелердің өзгеріссіз болатынын, және оның бөлшектің негізгі қасиетін қолдануға негізделгені туралы түсініктер қалыптасады.

 Дағдыларды бекіту

 Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан босатуға қатысты тапсырмаларды шешуді өзбеттерінше орындайды. Кейіннен оқушыларға орындалған жұмыстың дескрипторлары беріледі. Қабілеттері жоғары оқушыларға күрделі деңгейдегі қосымша тапсырмалар беріледі.

 

Қосымша1

Слайд 3

Слайд 4-5

Қосымша 2

Слайд 6

Слайд 7

Сабақтың соңы

2 мин

 Рефлексия

 Квадраттық түбірі бар өрнектермен жұмыс жасауда кездескен қиыншылықтарды оқушылармен талқылау.

 Уй тапсырмасын талқылау.

 

Слайд 8

Қосымша 3

Дифференциация –қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қайталауға арналған тапсырмалар алдыңғы сабақпен салыстырғанда күрделірек. Сол себептен оқушылардың мұғаліммен, басқа сыныптастарымен кеңес алуға мүмкіндігі болуы керек.

Оқушылар бір-бірін меңгерілген материалдар бойынша бағалайды. Сабақтың тақырыбы қаншалықты меңгерілгенін білу үшін, бағаларды қою сызбасы сабақтың соңында берілетін болады.

Оқушыларға жүктемені азайту мақсатында әртүрлі іс әрекеттер түрі беріледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу