Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Нақты сандарды салыстыру. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 7 сабақ.


Сабақтың жоспары

Қысқа мерзімді жоспар :

8.Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы

Квадраттық түбірі бар өрнектерді түрлендіру

Нақты сандарды салыстыру

Сабақтың түрі

Меңгерілген білімді жүйелеу және жалпылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.3

көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу;

8.1.2.4

бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту;

8.1.2.5

құрамында түбір таңбасы бар өрнектерді түрлендіруді орындау;

8.1.2.6

нақты сандарды салыстыру;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар көбейткішті түбір белгісінің ішіне еңгізу және алдына шығару, бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту сияқты түрлендірулер орындай алады. Оқушылар квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіре алады.

 Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Қолдану

Өрнекті түрлендіру үшін түбірдің қасиеттерін қолданады

Анализ және синтез

Белгісіз жағдаяттарда математикалық тәсілдерді қолдана алады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді ықшамдауға арналған алгоримтдердің орындалуын түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір, көбейткіш, квадрат түбірлердің қосындысы/ айырмасы, квадраттардың қосындысы/ айырмасы, түйіндес өрнек

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Көбейткішті жақша сыртына шығарайық....

..... формуланы қолданайық

Бөлшектің алымы мен бөлімін ..... көбейтейік

Бөлшекті ...... қысқартайық

Амалдарды орындау тәртібін анықтайық

Құндылықтарды дарыту

Өздік жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Оқушыларға құндылықтарды дарыту іс әрекет арқылы жүзеге асады.

Пәнаралық

байланыстар

Квадрат түбірлермен амалдар орындау дағдылары физикалық есептерді шешуде маңызды.

АКТі қолдану дағдылары

Материалды бейнелеу үшін презентация қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар квадраттық түбірдің мәнін бағалай алады, квадраттық түбірі өрнектермен барлық амалдарды орындай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

 Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттарымен таныстыру.

 

 Ауызша жұмыс

 Үй жұмысына шолу жасау. Оқушылар жұппен үй тапсырмасын талқылайды.

 

Презентация Слайд 1-2

Оқушылардың дәптері

Сабақтың ортасы

15 мин

20 мин

 Есептерді шығару

 Оқушылар тапсырмаларды орындайды (математикалық лото): оқушыларға квадрат түбірі бар өрнектің мағынасын табу мысалдары ұсынылады. Жауаптарды екінші карточкаға жазу керек.

 Оқушы тапсырмаларды орындағаннан кейін, мұғалім оған жауаптарымен карточкаларды береді. Жауаптарды хаттың немесе суреттің ішкі жағына жазған дұрыс. Оқушылар олармен тиісті тапсырмалары бар ұяшықтарды «жабады», егер қателіктер жіберілсе, оқушы оларды табуға және түзетуге тиіс. Егер барлық тапсырмалар дұрыс орындалса, барлық ұяшықтарды жапқаннан кейін (жауаптар төмен орналасқан), сурет жасалады. Осылайша, оқушы өз жұмысын тексеріп, түзетулер жасай алады. Мұғалім кейбір оқушылардың жұмысын дәптерінен тексеруі мүмкін.

 

 Өздік жұмыс

 Мұғалім үстелінде оқу мақсатына жету деңгейін бағалау үшін тапсырмалары бар 4 жиынтық карточкалары бар. Мұғалім оқушылармен әр оқу мақсатына бағалау критерийлерін талқылайды. Талқыланғаннан кейін оқушылар өздігінен жұмыс істейді. Әрбір оқушы кез келген жиынтықтан бір карточканы таңдайды. Дәптерге шешімін жазған соң, кеңесшіге келіп, өзінің шешімін түсіндіреді. Кеңесші, оқушы оқу мақсатына жеткен жағдайда оқушының бағалау парағында белгі қояды, басқа жағдайда жұмысты жетілдіру бойынша кеңес береді.

 Соңғы жағдайда, оқушы басқа жиынтықтан картаны таңдап, тапсырма орындауды жалғастырады. Оқушы барлық оқу мақсаттарына тапсырманы орындамағанша, бүкіл циклді қайталайды.

Тапсырманы сәтті немесе ерте орындаған оқушылар, лотоны дұрыс жинағанда пайда болатын, басқатырғышты шеше алады (1 және 1.03 сандар арасында шексіз көп қарапайым бөлшектердің бар екендігін дәлелдеңіз, олардың алымы бөлімінен 1-ге артық) немесе қайталауға арналған тапсырмаларды орындайды.

Қосымша 1

Қосымша 2

Слайд 3-6

Қосымша 3

Слайд 7

Сабақтың соңы

4 мин

1 мин

 Рефлексия

 Оқушыларға бағалау схемасын пайдалана отырып, өз жұмысын бағалауға шақырыңыз. Оқушылар өздерінің жұмысы туралы жазбаша түрде пікір алмасуы керек.

 Егер оқушы тапсырманы дұрыс орындаса немесе жасалған қателіктерді түзетіп, шешімді түсіндіре алса, онда оқушы оқу мақсатына жетті деп санаймыз.

 Үй тапсырмасын талқылау

 

Қосымша 3

Слайд 8

Дифференциация –қандай жолмен Сіз қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілет деңгейі неғұрлым жоғары оқушыларға қандай міндеттерді қоюды жоспарлайсыз?

Бағалауоқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушылар өздігінен жұмыс істейді. Мұғалім оқушыларға алдын-ала орындалған тапсырмаларға қатысты жетекші сұрақтар мен сілтемелер түрінде қолдау көрсетеді.

Оқушылар өз жұмыстарын пікірталас барысында бағалайды.

Оқушыларға жүктемені азайту үшін сабақтың ортасында жаттығулар орындауға болады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу