Бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 3 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

Қысқа мерзімді жоспар: 8.1А: Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп: НЗМ ХББ , Шымкент қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Архабаева Ж.К.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылту

Cабақтың түрі

Жаңа материалды меңгеру

7 сабақ сериясының №3 сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.4

бөлшек бөлімін иррационалдықтан арылта алады

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар алгоритмді қолданып бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді

Бағалау критерийлері

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Білім және түсіну

Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту тәсілін анықтайды

Қолдану

Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту үшін квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіреді

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- бөлшектің бөлімі мен алымын иррационалдықтан арылтудың тәсілдерін ауызша түсіндіреді;

Қысқаша көбейту формулалар мен квадрат түбірдің қасиеттерін қолданғанын ауызша түсіндіреді

- комментировать преобразования иррациональных выражений.

Иррационал өрнектерді түрлендіргенде терминдерді қолданады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбірдің қасеттері.......Көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару тәсілі ...Көбейткішті түбір таңбасының астына алу тәсілі ...

  • Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару үшін ... керек

Көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу үшін ... керек

Бөлшектің бөлімі мен алымын ... көбейтейік

Бөлшектің бөлімін/ алымын иррационалдықтан арылту үшін ... керек

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмысты орындау кезінде өзара қолдау және өзара сыйлау сияқты құндылықтарды қалыптастыру жүзеге асады .

Пәнаралық байланыстар

Физика және экономикамен пәнаралық интеграция: физика және экономика сабақтарында есептерді жасау, формулалармен жұмыс істеуде квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру дағдылары қажет.

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат түбірдің қасиеттерін біледі, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығаруды, көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алуды біледі, квадрат түбірі бар өрнектер үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдана алады. Білімді белсендіру сабақтың басында ауызша жұмыс арқылы жүзеге асады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

1 мин

2 мин

4 мин

3 мин

 1. Ұйымдастыру кезеңі

 Сәлемдесу. Сабаққа дайындықты текстеру.

 2. Алдыңғы сабақта өткен материалды қайталау

 Ауызша жұмыс. Ұран: «Қайталауоқудың анасы»

 Оқушыларға жаңа материалды меңгеру үшін алдыңғы сабақтарда оқылған материалдардан сұрақтар қойылады.

 Бастапқы дағдылар мен біліктерді тексеру

 Оқушылар жұппен жұмыс істейді. Жұптарға бөлу үшін оқушыларға карточкалар беріледі (1-қосымшадағы кесте 10 карточкаға бөлінеді). Оқушылардың санына байланысты кестені бірнеше рет пайдалана аласыз. Тиісті карточкалардың көмегімен оқушылар жұп құрайды.

 Оқушылар «Амалдарды орында» тапсырмасын орындайды.

 Жұмысты аяқтағаннан кейін, бағалау жұпта өзара тексеру арқылы жүзеге асырылады: оқушылар тапсырмаларды алмастырады және слайдтағы жауаптарды пайдаланып бір-бірінің жұмысын тексереді.

 Мұғалім жауап парақтарында орындалған тапсырмаларды жазады. Қажет болса, жеке тапсырмалардың шешімдерін талқылауға болады.

 3. Мақсат қою

  Мұғалім оқушылармен келесі сұрақтарды талқылайды:

Орындалған тапсырмаларда не ортақ? Қандай формулаларды қолдандыңыз?

 Оқушыларға тапсырма ұсынылады: Берілген өрнектердің қайсысын есептеу оңайырақ

  Содан кейін сабақтың мақсаттары мен оқу мақсаттары талқыланады.

Презентация

Слайд №1

Слайд №2

Қосымша1

Слайд №3

Слайд №4

Слайд №5-6

Сабақтың ортасы

3 мин

4 мин

8 мин

5 мин

1 мин

7 мин

2 мин

 4. Жаңа материалмен жұмыс

 Ұран: «Кітап қажет, ал ойлау аса қажет»

 Оқушыларға келесі тапсырма ұсынылады: Көбейтіндіде квадрат түбір белгісі болмайтындай қажетті көбейткішті анықта. Оқушылар шағын тақталарда тапсырмаларды орындап, жауаптарын бір біріне көрсете алады.

 Мұғалім немесе сыныптастар кейбір жауаптарға түсініктеме бере алады.

Мұғалім тақтаға бөлімдері алдыңғы тапсырмада қарастырылған өрнектерден тұратын екі үш бөлшекті жазады. Берілген бөлшектердің бөлімдерін иррационалдықтан арылту жолдарын талқылайды. Талқылау барысында оқушылар алгоритмді құрастырады, оның соңғы нұсқасы слайдта ұсынылатын болады.

 Жұпта жұмыс істеу барысында оқушылар теориялық материалдар мен мысалдарды дербес зерттейді. Одан кейін оқушыларды тағы да топтармен орындарын ауыстырып, әрбір оқушы серіктесіне қандай да бір типтегі есептерді қалай шешуге болатынын түсіндіреді. Видео-ролик көруді ұсынуға болады.

 5. Меңгерілген материалды бекіту

 Оқушыларға бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылтуға арналған тапсырмалар беріледі. Кейін осы тапсырмалардың толық шешімі слайдта көрсетіледі, оқушылар әрбір есептің шешуін дұрыс жазылуына назар аударып, жауаптарын тексеріп,

 Көзге арналған жаттығулларды орындау

 - Басыңды бұрмай, сыныптың қабырғаларын сағат тілінің бағытымен, ал сыныптың тақтасын сағат тілінің бағытына қарсы бағытпен қарап шық. Басыңызды солға бұрып, көкжиек желісіне қараңыз, енді мұрныңыздың ұшына қараңыз. Көзіңізді жабыңыз, 5-ке дейін санаңыз, көзіңізді ашыңыз және ...

 Алақанымызды көзге қояйық,

 Аяғымызды алшайтып тұрайық

 Оңға бұрылайық

 Маңғазданып қарайық.

 Алақанның астынан

 Тағы- оңға! Тағыда

 Сол иықтан тағыда!

 Енді жұмыс жалғасады.

 Оқушыларға өрнектерді сәйкестендіруге тапсырма беріледі. Әрбір оқушы кестесі бар карточканы толтырады. Оқушылар екі бағандардағы өрнектердің сәйкестігін сызып көрсетеді, жауаптарда қателіктер туындаса, оқушылар оларды тауып, түзету керек. Слайд көрсетілімінің негізінде өзін өзі тексеру.

 

 Келесі тапсырма оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дағдысын дамыту үшін беріледі.

Слайд №7

Слайд №8

Қосымша 2

Слайд №9

Қосымша 3

Слайд №10

Слайд №11

Сабақтың соңы

3 мин

1 мин

1 мин

  Сабақты қорытындылау

 Оқушылар сұрақтарға жауап береді. Фронталды сұрау.

 - Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту дегеніміз не?

 - Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылту амалын не үшін білу керек?

 - Ол үшін біз қандай алгоритм қолдана аламыз?

 

 7. Рефлексия

 Оқушыларға сұрақтарға жауап беру ұсынылады

 СҰРАҚ ПАРАҒЫ

 Оқушының аты жөні_______________________

 1Сабақтың басындағы көңіл күй:

 а) б) в)

 2. Сабақтың тақырыбын қабылдау:

 а) барлығын түсіндім; б) жеткілікті түсіндім; в) жекелей түсіндім, көмек қажет.

 3. Мен сабақта жұмыс істедім:

 а) өте жақсы; б) жақсы; в) қанағаттанарлық;

 г) қанағаттанбайтындай.

 4. Мен өз жұмысымды __ (+; - қойыңыз )бағалаймын

 5. Мен сабақты__ (+; - қойыңыз ) бағалаймын

 6. Сабақтың соңындағы көңіл күй:

 а) б)в)

 

Үй жұмысы

1. Бөлшектің бөлімін иррационалдықтан арылт:

а) ; б) ; в) .

2. Өрнекті ықшамда:

а); б) 1-.

3. Қайталауға арналған тапсырмалар:

Моторлы қайық көлдің бойымен 10 км, ал су ағысына қарсы 4 км қашықтықты жүріп, барлық жолға 1 сағ уақыт жұмсады. Егер су ағысының жылдамдығы 3 км/сағ болса, қайықтың жылдамдығын тап.

.

Қосымша 4

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация жұптық тапсырмаларды орындау кезінде жүзеге асырылады. Мұнда неғұрлым қабілетті оқушылар, қалғандарына осы тапсырмаларды түсіндіреді. Егер бұл тапсырмалар оқушылармен орындалмаса, мұғалім осы сұрақтарды шешуге көмектеседі.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде жүзеге асырылады (жұптағы өзара бағалау, өзін-өзі бағалау және мұғалімнің бағалауы). Сабақтың басталуында алдын-ала сұрақ түрінде бағалау жүргізіледі.

Көзге арналған жаттығулар

Рефлексия по уроку

Сабақтың мақсаты/ оқытудың мақсаты шынайы болды ма?

Барлық оқушылар оқытудың мақсатына қол жеткізді ме? Егер жоқ болса, неліктен?

Сабақта деңгейлеп оқыту дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдерді сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге?

Осы бөлімді сабақ туралы ойлау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы сабақ туралы ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың барлық кезеңдері жаңа материалды белсенді және саналы оқытуға бағытталған.

Оқыту мақсатына жету үшін әртүрлі жұмыс стратегиялары пайдаланылды: фронталды (жаппай), жұптық, топтық.

Тапсырмалар деңгейленіп таңдалады. Сабақтың барлық кезеңдері сақталған. Сыныптағы мұғалім кеңесші қызметінде болады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

1: Жұптағы бірін бірі түсіну.

2: Жаңа материалды дербес меңгеру коллаборативті ортаны қалыптастыруға ықпал етеді

Сабақты жетілдіруге не көмектесе алады (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)?

1: Оқушыларға сабақта ыңғайлы жағдай жасау

2: Деңгейленген тапсырмаларды таңдау.

Сабақ туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы сабақта не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару керек?

Келесі сабақты жоспарлағанда рефлексиядағы оқушылардың жауаптарын ескеру



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу