Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру. Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер | Мектеп: Өскемен қ. ХББ Назарбаев Зияткерлік мектеп | |||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Нурлыбаева Т. А. | |||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіру көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу | |||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.2.3 көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу; | |||||||||||
Сабақ мақсаттары | Квадрат түбірдің қасиеттерін қолданып, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу. | |||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар санды көбейткіштерге жіктеу жолдарын, түбірдің мәнін табу және көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу жолдарын талқылайды. Пәнге байланысты лексика және терминология:
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Санды көбейтінді түрінде өректейік Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару үшін ... Көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу үшін … | |||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Жұппен және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылар өзін және өзгені құрметтеуді үйренеді. | |||||||||||
Пәнаралық байланыс | Квадрат түбірмен жұмыс істеу дағдысын меңгеру физикалық проблемаларды шешуде маңызды. | |||||||||||
Бастапқы білім | Оқыту арысында материалды бейнелеу үшін презентация қолданылады. | |||||||||||
Предварительные знания | Квадрат түбір қасиеттерін біледі. | |||||||||||
Сабақ барысы: | ||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 9 мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын ұсыну. Бұрынғы білімдерін белсендіру Оқушылармен бірге квадрат түбірдің қасиеттерін еске түсіру. Керек емес санды тап Формулаларды толықтыр: Оқушылар 6 слайдтағы жауаптардың негізінде, кейіннен өзін өзі тексеру үшін формулаларды дәптерге жазады. Оқушылармен не себептен кейбір формулаларда модуль белгісінің бар екенін, кейбіреулерінде жоқ екені талқыланады. 3 және 4 a, b – формулаларында теріс емес сандардың бар екеніне назар аударту керек. | Презентация Слайд 1-2 Слайд 3 Слайд 4 Слайд 5-6 | ||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 8 мин 8 мин 10 мин | Жаңа тақырыпты түсіндіру және оның алғашқы бекітілуі. Оқушыларға осы формулаларды пайдалану арқылы, әртүрлі квадрат түбірлерді арылту амалдарын орындауда әртүрлі өрнектерді түрлендіруге болатын айту керек, мысалы, көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару және көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына алу Бірнеше мысалды қарастырып көрейік. Анимацияны пайдалану осы өзгерістерді орындау және алгоритмді әзірлеу процесін біртіндеп талқылауға мүмкіндік береді. Алгоритмнің жаңа тәсілдерін бекіту Жұпта жұмыс Оқушылар тапсырмаларды жұппен орындайды, олар өзара орындалған іс әрекеттерін түсіндіреді: біреуі түсіндіреді, екіншісі шешімді жазады. Әрбір тапсырмадан кейін слайдта шешім пайда болады, оқушылар өз жазбаларын тексереді. Оқушылар шешімдерді слайдта көрсетілгендей етіп жазу қажет. Тақта алдында жеке жұмыс Слайдтағы өрнектерді ықшамдау және сандарды салыстыру үшін тапсырмалар көрсетілген. Оқушылар жасаған іс-әрекеттеріне түсініктеме бере отырып, тақтада жұмыс жасайды, мұғалім жаңа терминдерді дұрыс қолдануға көмектеседі. Өздік жмұыс 1 – 10 тапсырмаларында дұрыс жауаптың астын сыз
Өрнекті ықшамдаңдар: 11) ; 12) ; 13) . Есепте: 14) ; 15) . Мұғалім оқушылардың дәптерлерін жинап алады. | Слайд 7-8 Слайд 9 Слайд 10-11 Презентация Қосымша 1 | ||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин 2 мин | Рефлексия Оқушылар берілген сөйлемдерді жалғастырып, сабаққа рефлексия жасайды. Бүгінгі сабақта мен _______________ білдім. Сабақта қарастырылған тапсырмалар мен үшін ______________ Сабақтың тақырыбын мен _______________ Үй жұмысы 1. Көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығар: а) ; б) ; в) . 2. Көбейткішті квадрат түбір белгісінің астына еңгіз: а) ; б) ; в) . 3. Салыстыр: а) және ; б) және 3 . | Слайд 12 Қосымша 2 Ершова А.П., Голобородько В.В., Ершова А.С. Самостоятельные и контрольные работы по алгебре и геометрии для 8 класса. – М.: ИЛЕКСА, 2006 |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||
Жұпта жұмыс жасау кеңес беруді қажет етеді. Ол тапсырмаларды іске асыру үшін идеяларды ұсынуға мүмкіндік беру арқылы жоғары деңгейлі дағдыларды дамытуға болады | Слайдтта өзін-өзі бағалауды ұйымдастыруға арналған шешімдерді ұсынылады, сабақтың соңында мұғалім сабақ мақсатына қол жеткізу деңгейіне қатысты шешім қабылдау үшін оқушылардың жұмысымен дәптерлерін жинайды. | Іс әрекет түрлерін өзгерту | ||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың мақсаты/ оқытудың мақсаты шынайы болды ма? Барлық оқушылар оқытудың мақсатына қол жеткізді ме? Егер жоқ болса, неліктен? Сабақта деңгейлеп оқыту дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдерді сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды және неге? |
| |||
Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі қыры жақсы өтті (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? 1: 2: Сабақты жетілдіруге не көмектесе алады (оқыту және оқу туралы ойлаңыз)? 1: 2: Сабақ туралы немесе жеке оқушылардың жетістіктері / қиындықтары туралы сабақта не білдім, келесі сабақтарда неге назар аудару керек? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?