Квадрат түбір. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Қысқа мерзімді жоспар

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Сабақ тақырыбы

Квадрат түбір

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады;

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • «квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының айырмашылығын түсіндіре алады;
  • арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
  • түріндегі теңдеулерді шешеді.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • .

 Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

- квадрат түбір;

- арифметикалық квадрат түбір;

- радикал;

- иррационал өрнек;

- түбір астындағы өрнек;

- толық квадраттың түбірі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

- арифметикалық квадрат түбір дегеніміз ...;

- квадрат түбір дегеніміз ...;

- арифметикалық квадрат түбір мен квадрат түбірдің айырмашылығы ...;

- берілген квадрат түбірдің мәні ... тең болады;

- арифметикалық квадрат түбір өрнегінің мәні болу үшін ...

Құндылықтарды дарыту

Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар, еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ қана бола алатынын ұғындыру. Топтарға біріктіре отырып, бір-бірімен ой бөлісуге, бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, сыныпта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыруды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

География

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, Power point

Бастапқы білім

«Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын білуі, , мұндағы , түріндегі теңдеуді шеше алуы.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Басталуы

0-5 мин

5-15 мин

1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушыларға ауызша кері байланыс ұсыну, негізгі пайда болған кателіктердің пайда болу себептерін анықтау.Оқушыларды сабақ тақырыбымен және оқу, сабақ мақсаттарымен таныстыру.

2. Бұрынғы білімдерін белсендіру

Өткен сабақтағы білімді белсендіру мақсатында оқушыларға «Математикалық сағатты» жасау ұсынылады. Бұл тапсырмада оқушылар санды дәрежеге шығару мен саннан түбір алуды қайталайды. Сонымен қатар, оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін де дамыта алады, яғни олар өздерінің басқа жауаптарын ұсына алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Санның дәрежесін қалданып табады;
  • Толық квадраттан түбір алады.

Өткен сабақтағы ұғымды тексеру мақсатында оқушыларға мынадай тапсырма ұсынылады:

Мектеп ауласындағы егілген қызанақ шаршы пішіндес жерге егілді. Оның ауданы 16 м2. және болғандықтан, 4 пен -4 сандары 16 санының квадрат түбірлері болып табылады. Неліктен бұл екі жауап та шаршының ұзындығы бола алмайтындығын түсіндіріңіз?

Бұл тапсырма көмегімен оқушылардың негіздеу, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамытылады.

Анықтамаларды тексеру мақсатында №3-4 тапсырмалар беріледі. Бұл тапсырмаларды орындауда оны шешу қажет емес, тек қана дұрыс/бұрыс екенін анықтау керек.

Бағалау критерийі

Оқушы:

  • Арифметикалық квадрат анықтамасын біледі;
  • Толық квадраттан түбір алады.

Қосымша 1

Презентация слайд 1-3

www.discoveryeducation.com

Презентация

слайд 4-7

Зубарева И.И., Мильштейн М.С., Алгебра 8 класс, Рабочая тетрадь 1, Москва, «Мнемозина», 2014.

Сабақтың ортасы

10-15 мин

15-18 мин

18-22 мин

22-38 мин

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Оқушылар алдына келесі сұрақты қою арқылы басқа түрдегі теңдеуді шешу енгізіледі. Сұрақ мынадай: Санның квадрат түбірі 6-ға тең. Осы мәнмәтінді қолданып, х айнымалысы арқылы теңдеуді құрастырып, жазыңыз. Сонда оқушылар түріндегі теңдеуді жазулары тиіс. Оқушыларға х-тің қандай мәнінде осы теңдеу дұрыс болатындығы жайлы сұралады. Осы жерде өткен сабақта қарастырылған теңдеуі мен теңдеулерінің айырмашылығы айтылады.

4. Бекіту

№1 Тапсырма. Алдында қарастырылып өткен теңдеуді шешуді бекіту мақсатында келесі тапсырмалар оқушыларға жеке орындауға беріледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Теңдеуді түріне келтіреді;
  • Түбір астындағы белгісіз санды табады.

№2 Тапсырма. Бұл тапсырма алдыңғы тапсырманың кеңейтілуі болып табылады. Тек шешу жолында сызықтық теңдеу алынып, кейін ол шешіледі.

Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Түбір астындағы белгісіз өрнектің мәнін анықтайды;
  • Сызықтық теңдеу құрастырады;
  • Сызықтық теңдеуді шешеді.

Бұл тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушыларға алдағы уақытта «иррационал теңдеулер» тақырыбын өту барысында осындай түрдегі теңдеулерді шешу жолын қарастыратыны айтылады.

Сараланған тапсырмалар ұсыну

Оқушыларды деңгей бойынша жұпқа бөліп, оларға өз деңгейлері бойынша тапсырмаларды орындау ұсынылады. Егер қандай да бір жұп тапсырманы орындай алмаса, онда одан бір деңгей төмен деңгейді орындайды. Қажетінше оқушылар мұғалім көмегін ала алады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында бағалау мұғалім тарапынан жұргізіледі. Бағалау критерийлері тапсырмалар берілген Қосымша 3 парағында жазылған. Бұл тапсырмалар 2 сабақ бойы өтілген материалды қамтиды.

Қосымша 2

www.discoveryeducation.com

Қосымша 2

Презентация слайд 8-9

Колягин Ю.М., Ткачева М.В., Федорова Н.Е., Шабунин М.И., Алгебра 8 класс, Рабочая тетрадь 1, Москва «Просвещение», 2014.

Қосымша 3

Сабақтың соңы

38-40 мин

6. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді.

Рефлексия Оқушылар 3-2-1 үшбұрышын толтырады:

Шыныбеков Ә.Н. 8-сынып Алгебра

Презентация слайд 10

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын

Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын.

Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу