Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 5 сабақ.
Қысқа мерзімді жоспар
8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер | Мектеп: |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: |
Сабақ тақырыбы | Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері |
Сабақ түрі | Бекіту сабағы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану |
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: - арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін квадрат түбірдің мәнін есептеуде және өрнектерді ықшамдауда қолдана алады; |
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
|
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: - түбірдің мәнін есептеуде және түбірі бар өрнектерді ықшамдауда арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдануын ауызша негіздейді. Пәнге қатысты лексика мен терминология: - квадрат түбір; - арифметикалық квадрат түбір; - көбейтіндінің түбірі және түбірлердің көбейтіндісі; - бөліндінің түбірі және түбірлердің бөліндісі; - квадрат түбір астындағы жұп дәрежелі өрнек; - түбір астындағы өрнекті толық квадрат түрінде жазу. Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: - көбейтіндінің түбірін табу үшін ... - бөліндінің түбірін табу үшін ... - жұп дәрежелі өрнектің квадрат түбірі ... - берілген санның түбірін табу үшін оны ... сандарының көбейтіндісі/бөліндісі түрінде жазамыз. - түбір астындағы өрнектен толық квадрат түрінде жазу үшін ... |
Құндылықтарды Дарыту | Сабақ өту барысында әдепті сөйлеуге, уақытты үнемдеуге баулу. Сонымен қатар еліміздің басты байлығы - тәуелсіздігіміздің тірегі болар және елбасы Н.А.Назарбаевтың «Мәңгілік ел» идеясын дамытатын білімді ұрпақ бола алатынын ұғындыру. |
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі мен әдебиеті. Оқушылар «6 сөз әңгіме» құрастырады. |
АКТ қолдану Дағдылары | Интерактивті тақта, Power Point |
Бастапқы білім | «Квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» анықтамаларын біледі және оларды ажыратады, толық квадраттан түбір алу дағдысы, арифметикалық түбірдің қасиеттері. |
Сабақ барысы.
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Басталуы 0-2 мин 2-5 мин | 1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеп, сынып тазалығы мен қажетті құрал-жабдықтарының дайындығын тексеру. 2. Үй тапсырмасын тексеру: Үйге берілген тапсырманы тексеру, оқушылар есебіндегі байқалған кемшіліктерді жою, оның пайда болу себептерін анықтау. | Презентация слайд 1-2 |
Сабақтың ортасы 5-15 мин 15-38 мин | 3. Математикалық софизм Оқушыларға 4=5 болатынын дәлелдейтін математикалық софизмді көрсетіңіз. екі жағына да санын қосайық, немесе осыдан 4=5, яғни . Оқушылардан дәлелдеудің қателігін табу сұралады. Сонда олар 4-жолдағы теңдігінің екі жағынан да түбір қате табылғанын айтады. Бұл жерде теңдіктің екі жағынан да арифметикалық квадрат түбір алынғандықтан, анықтама бойынша түбірден шыққан сан теріс емес сан болуы керек, ал . қасиеті бойынша, 4-жолдың екі жағынан да түбір алғанда ол болуы тиіс. Егер модульді ашатын болсақ, онда болады. Енді теңдік дұрыс. Қарастырылған софизмнен оқушылардан қорытынды жасауларын сұралады. Бұл қорытындыны әр оқушы «6 сөзден тұратын әңгіме» әдісі бойынша жасауы сұралады. 4. Бекіту Түбір астындағы өрнектерді түбірден шығарып, өрнектің мәнін табуға бірнеше мысалдарды шығару ұсынылады. Тапсырмалар көбінесе төмен деңгейлі тапсырмалар қатарынан алынады, сондықтан оқушылардың барлығына міндетті болып табылады. Оқушылардың естеріңе модульді ашу ережесіне аударыңыз: №1 тапсырма бойынша бағалау критерийлері:
№2. Тапсырманы шығармас бұрын, сабақ басында қарастырылған софизмге оқушылар назарын аударыңыз: Осыдан келесі жалпылама жасауға болады: Бағалау критерийлері:
№3. Тапсырманы шығару барысында оқушылар қысқаша көбейту формулаларын естеріңе түсіреді. Бағалау критерийлері:
№4 және №5. Тапсырма алдымен оқушыларға кіші топта ойланып, шығарып көруге беріледі. Кейін бұл мысалдың біреуі бүкіл сыныппен талданады. Бағалау критерийлері:
| Алгебра 10 сынып, Шыныбеков Ә.Н. Презентация слайд 3-4 Қосымша 1 Презентация слайд 5-6 Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре для 8-9 кл. Қосымша 1 Презентация слайд 7 Презентация слайд 8-9 |
Сабақтың соңы 38-40 мин | 6. Үйге тапсырмасы Үй тапсырмасын күнделіктеріне түсіреді. Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру. Рефлексия Стикер тарқатып, сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.
| Алгебра 8 сынып, Шыныбеков Ә.Н. Презентация слайд 10 |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Деңгейлік тапсырма беру арқылы және өзін-өзі оқыту стратегиясын пайдалана отырып оқушылар арасындағы диффенциялық оқытуды жоспарлаймын | Оқушыларды үй жұмысын тексеру барысында өзара бағалауды және өзін өзі бағалауды, сабақ барысында ерекше қабілет көрсеткендерге мадақтауды, мотивациялау мақсатында жеке дара жетістіктерімен ынталарын ескеріп ауызша бағалауды қолданамын. Сабақтың соңғы бөлімінде рефлексия форматында өзін-өзі бағалауды ұйымдастырамын. | Оқу процесінің барлық күйзеліс түзуші факторларын алып тастау мақсатында әр оқушы өзін еркін ұстауына, көңіл күйінің көтеріңкі болуларына жағдай туындатамын. Ол қызықты математикалық сұрақтардан тұрады. Ұялы телефондарының қалтада емес, сөмкеде дыбыссыз режимде қоюларын айтамын.
|
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?