Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 2 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат түбір

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.2 санның квадрат түбірі және арифметикалық квадрат түбірі ұғымдарын біледі және ажыратады;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • «квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының арасындағы айырмашылықты түсіндіре алады;
  • Толық квадрат саннан арифметикалық түбір ала алады;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді шешеді.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбір ұғымдарының анықтамаларын біледі;
  • Квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбірдің арасындағы айырмашылықты түсіндіреді;
  • Толық квадрат саннан арифметикалық квадрат түбір алады;
  • , мұндағы түріндегі квадрат теңдеулерді шешеді.
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді шешеді.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Санның квадрат түбірі мен арифметикалық квадрат түбірі жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір, арифметикалық квадрат түбір, толық квадрат санның түбірі, иррационал өрнек, түбір астындағы өрнек.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

25 санынан квадрат түбірді есептейік, -25 санынан квадрат түбір анықталмаған, өйткені ...

Теріс емес а санының квадрат түбірі деп … айтады.

Теріс емес а санының арифметикалық квадрат түбірі деп … айтады.

Квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбір ... бір-бірінен ерекшеленеді.

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Мұғалім басқа ғылым салаларында кездесетін «квадрат емес түбірлер» туралы қысқаша ақпарат береді.

Филология. Түбір – морфема, сөздің лексикалық мағынасын білдіреді;

Биология. Түбір - осьтік, көп жағдайда тамырлы өсімдіктердің жерасты мүшесі.

Орыс әдебиетіндегі белгілі афоризм: Зри в корень! Козьма Прутков

Бастапқы білім

Оқушылар квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын біледі және оларды айыра алады, , мұндағы түріндегі теңдеулерді шеше алады.

Білімді белсендіру кезеңінде теориялық материалдың қайталауы блиц-сұрақ арқылы жүзеге асады, сонымен қатар санның квадрат түбірін алу дағдысын бекітуге және арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын қолдануға тапсырмалар орындалады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3

3-7

7-10

10-13

  • Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, оқуышлардың сабаққа дайындығын тексереді. Мүғалім сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын айтады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтып, оқушылардың «жақын даму аймағын», күтілетін нәтижелерді анықтайды.

Мұғалім басқа ғылым салаларында кездесетін «квадрат емес түбірлер» туралы қысқаша ақпарат береді.

  • Оқушылардың білім мен біліктерін белсендіру.

Блиц-сұрақ. Оқушылардың өтілген материал бойынша меңгерілген білімдерін тексеру үшін сабақтың осы кезеңінде теория бойынша блиц-сұрақ өткізіледі, бұл кезде оқушылар жеке жұмыс істейді.

Оқушыларға таза бланктер беріледі, оған олар арифметикалық квадрат түбірге қатысты теориялық сұрақтарға жауаптарын жазады.

1. белгісі қалай аталады?

2. Теріс емес а санының квадрат түбірі деп ...

3. Теріс емес а санының арифметикалық квадрат түбірі деп ...

4. теңдеуін шешіңіз, егер

  • а>0 ____________
  • a=0 ____________
  • a<0 ____________

Тапсырманы орындап болғаннан кейін, оқушылар презентацияда берілген дайын жауаптарға сүйеніп өзара тексеру орындайды. Өзін бағалау кезінде дұрыс жауапты көрсетер алдында міндетті түрде оқушылардың бірі өз жауабын ауызша айтады, сөйтіп оқушылардың есту және сөйлеу қабілеттеріне назар ауадарылады. Қажетінше мұғалім оқушылардың жауаптарын түзетеді.

Бағалау критерийлері:

  • квадрат түбір мен арифметикалық квадрат түбір анықтамаларын дұрыс құрастырады;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді дұрыс шешеді;
  • түріндегі теңдеудің а-ның мәніне қатысты шешімдер саны туралы қорытынды жасайды.

Ширату. Мұғалім оқушыларға тапсырманың үш нұсқасының бірін таңдауды ұсынады. Олар санның квадрат түбірін табу дағдысын орындауға арналған. Тапсырмалар кесте түрінде берілген, оқушылар оны толтырады. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, мұғалім жұпта өзара тексеруді ұйымдастырады, дұрыс жауаптар слайдтарда көрсетіледі.

Бағалау критерийлері:

  • Нақты сандарға амалдарды дұрыс орындайды (қосу, квадраттау);
  • Толық квадрат саннан арифметикалық квадрат түбірді дұрыс шығарады.

«Дұрыс па?» тапсырмасы. Оқушылар жұпта жұмыс істейді. Тапсырманы орындап болғаннан кейін, слайдтағы дұрыс жауаптар бойынша өзін-өзі бағалау орындалады. Сонымен қатар, мұғалім оқушыларға өз жауаптарын қысқаша негіздеп берулерін сұрайды.

Бағалау критерийлері:

  • Теңдіктерді тексеру кезінде арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын дұрыс қолданады;
  • Толық квадрат саннан арифметикалық квадрат түбірді дұрыс шығарады;
  • Дұрыс емес теңдіктерді жауабын негіздей отырып, дұрыс белгілейді.

Презентация

Слайд 1-5

Презентация

Слайд 1

Презентация Слайд 6

Қосымша 1

Презентация

Слайд 7

Қосымша 2

Презентация

Слайд 8

Қосымша 3

Сабақ ортасы

13-19

19-27

27-34

34-43

  • Мысалдарды талдау.

Оқушылар мұғаліммен бірге толық квадрат санның квадрат түбірін алу мысалын талдайды (квадраттар кестесіз және калькуляторсыз).

Мысал. Есептеңіз .

Әрі қарай оқушылар мұғаліммен бірге белгісізі түбір астында болатын теңдеуді шешу әдісін қарастырады.

Теңдеулерді шешіңіз:

және .

4. Тапсырманы жұпта орындау.

Оқушылар жұпта тапсырманы орындайды. Мұғалім олардың жұмысын бақылайды, сөйтіп жұптағы оқушылардың әрқайсысының үлесін анықтайды. Бағалау мұғалім тарапынан жүзеге асады.

Бағалау критерийлері:

  • Толық квадрат саннан арифметикалық квадрат түбірді дұрыс алады;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді дұрыс шешеді;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді дұрыс шешеді.

5. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау. Оқушылар өз бетімен тапсырманың деңгейін таңдайды, содан кейін оларды жеке орындайды, мұғалім оқушыларға көмек көрсете алады. Егер оқушы берілген тапсырманы тез орындаса, онда мұғалім оған барлық үш тапсырманы орындауды ұсына алады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды.

1 тапсырманың бағалау критерийлері:

  • Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын дұрыс қолданады;
  • Берілген өрнектердің ішінен мағынасы болатын өрнектерді дұрыс анықтайды;
  • Берілген өрнектердің ішінен мағынасы болмайтын өрнектерді дұрыс анықтайды;
  • Бұл өрнектердің неліктен мағынасы болмайтынын түсіндіреді.

2 тапсырманың бағалау критерийлері:

  • Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын дұрыс қолданады;
  • Айнымалының қандай мәнінде берілген өрнектердің мағынасы болатынын дұрыс анықтайды;
  • Өрнектердің осы мәндерде неліктен мағынасы болатынын түсіндіреді.

3 тапсырманың бағалау критерийлері:

  • Арифметикалық квадрат түбірдің анықтамасын дұрыс қолданады;
  • Берілген өрнектердің ішінен дұрыс теңдіктерді дұрыс анықтайды;
  • Берілген өрнектердің ішінен дұрыс емес теңдіктерді дұрыс анықтайды;
  • Екінші бағандағы теңдіктердің ылғы дұрыс емес екендігі жайлы дұрыс ой-толғаулар жүргізеді;
  • Дұрыс емес теңдіктер дұрыс болатындай, айнымалыға дұрыс шарттарды қояды.

6. Өздік жұмыс.

Оқушылар жеке тапсырмаларды орындайды, бұл жағдайда мұғалім көсек көрсетпейді. Әр тапсырма үшін оқушыларға дескрипторлар ұсынылады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін мұғалім оқушылардың жұмысын бағалайды және оқушының 8.1.1.2 оқу мақсатына жетуі туралы шешім қабылдайды.

Бағалау критерийлері:

  • Толық квадраттан арифметикалық квадрат түбірді дұрыс шығарады;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді шешеді;
  • , мұндағы түріндегі теңдеулерді шешеді;
  • «квадрат түбір» мен «арифметикалық квадрат түбір» ұғымдарының айырмашылығына сүйене отырып, пен теңдіктері арасындағы айырмашылықты түсіндіреді.

Презентация

Слайд 9-10

Қосымша 4

Қосымша 5

Қосымша 6

Сабақтың соңы

43-45

  • Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, неге үйрендім;

- не түсініксіз болып қалды;

- не бойынша әлі де жұмыс істеу қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Презентация

Слайд 11

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Саралау білімді белсендіру және оқылғанды бекіту кезеңдерінде деңгейлік тапсырмаларды қолдану арқылы жүзеге асады.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу