Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 6 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.1 арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолдану;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  • Квадрат түбірдің мәнін есептеу үшін және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруде, теңдіктерді дәлелдеуде арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін біледі;
  • Квадрат түбірдің мәнін есептеу үшін және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруде, теңдіктерді дәлелдеуде арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Арифметикалық квадрат түбір және оның қасиеттері жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір, арифметикалық квадрат түбір, толық квадрат санның түбірі, иррационал өрнек, түбір астындағы өрнек, көбейтіндінің түбірі, бөліндінің түбірі, жұп дәрежелі санның түбірі.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Теріс емес көбейткіштердің көбейтіндісінің түбірі ... тең болады.

Бөлімі оң сан, ал алымы теріс емес болатын бөліндінің түбірі ... тең болады.

Жұп дәрежелі санның түбірін табу үшін ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Анатомиямен: тістің түбірі – ол бізге көрінбейтін ауыз қуысындағы тістің бөлігі, ол жақтың альвеоле деп аталатын арнайы тереңдігінде орналасады.

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сабақта арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін оқыған және оларды есеп шығару барысында қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

2-4

  • Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою.

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі, олардың сабаққа дайындығын тексереді. Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары жасалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады. Мұғалім оқушылардың психологиялық мобильдігіне ықпал етеді, оқушыларды диалогке даярлығын орнатады.

Мұғалім ғылымның басқа салаларында кездесетін «квадрат емес түбірлер» туралы қысқаша ақпарат береді.

  • Сауалнама.

Мұғалім оқушылардан арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін айтуды сұрайды. Кейбір оқушылар қасиеттерді формула түрінде тақтаға жазады, кейін мұғалім басқа оқушылардан оны тексеруді сұрайды. Бағалау кезінде мұғалім оқушылардың математикалық тілді қолдануларына назар аударады, қасиеттерді слайдта көрсету арқылы түзетулер жасайды.

Бағалау критерийлері:

  • Сандардың көбейтіндісінің квадрат түбірі туралы теореманы дұрыс айтады және формуласын дұрыс жазады;
  • Бөлшектің квадрат түбірі туралы теореманы дұрыс айтады және формуласын дұрыс жазады;
  • Санның (өрнектің) квадрат түбірі туралы теореманы дұрыс айтады және формуласын дұрыс жазады;
  • Жұп дәрежелі саннан қалай квадрат түбір алу керектігін түсіндіреді.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Сабақ ортасы

6-10

10-27

27-43

3. Ширату. Тест.

Мұғалім оқушыларға тесттік тапсырмаларды орындауды ұсынады. Оқушылар тестті жеке орындайды. Мұғалім көмек көрсетпейді.

Тест аяқталғаннан кейін, оқушылар өздерін тесттің кілті бойынша тексереді. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушылармен бірге типтік қателерді талдайды.

4. Есеп шығару. Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға жұпта тапсырмаларды орындауды ұсынады. Қажет болған жағдайда мұғалім оқушыларға кеңес беру ретінде көмек көрсете алады.

Кейін мұғалім оқушылардың жұмысын тексеріп, оларға кері байланыс береді. Қиындық туғызған тапсырмалар тақтада талданады. 2 және 3 тапсырмаларының шешімдері презентацияға қосылған.

Бағалау критерийлері:

  • Квадрат түбірдің мәндерін есептеуде арифметикалық квадрат түбір қасиеттерін қолданады;
  • Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді түрлендіруде арифметикалық квадрат түбір қасиеттерін қолданады;
  • Құрамында квадрат түбірі бар теңдіктерді дәлелдеуде арифметикалық квадрат түбір қасиеттерін қолданады;

5. Өздік жұмыс.

Оқушылар жеке тапсырмаларды орындайды, мұғалім бұл уақытта көмек көрсетпейді. Әрбір тапсырма үшін оқушыларға дескрипторлар ұсынылады. Тапсырмаларды орындау аяқталысымен мұғалім оқушылардың жұмысын бағалап оқушының 8.1.2.1 оқу мақсатына жетуін анықтайды.

Бағалау критерийлері:

Квадрат түбірдің мәнін есептеу үшін және квадрат түбірлері бар өрнектерді түрлендіруде, теңдіктерді дәлелдеуде арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады.

Қосымша 1

Қосымша 2

Презентация

Слайд 6-8

Қосымша 3

Сабақтың соңы

43-45

  • Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

Келесі тұжырымдарды толықтырыңыз:

  • Бүгін мен білдім...
  • Қызықты болды ...
  • Қиын болды ...
  • Мен ... тапсырмаларын орындадым
  • Енді мен ... істей аламын.

Презентация

Слайд 12

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу