Квадрат түбірлердің мәндерін есептеу және бағалау. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары. 8 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

8.1А Квадрат түбірлер және иррационал өрнектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Квадрат түбірлердің мәндерін есептеу және бағалау

Cабақтың түрі

Бекіту сабағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.2.2 квадрат түбірдің мәнін бағалау;

 Сабақ мақсаттары

 Оқушылар:

  •  Квадрат түбірлердің мәндерін берілген дәлдікке дейін жуықтап есептей алады, соның ішінде калькулятор көмегімен;
  •  Квадрат түбірдің мәнін бағалай алады;
  •  Квадрат түбірдің мәндерін салыстыра алады.

 Бағалау критерийлері

Оқушы:

  • Квадрат түбірлердің мәндерін берілген дәлдікке дейін жуықтап есептейді, соның ішінде калькулятор көмегімен;
  • Квадрат түбірдің мәнін бағалайды;
  • Квадрат түбірдің мәндерін салыстырады.

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Квадрат түбірлерді есептеу мен бағалау жайлы ой-толғаулар жүргізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Квадрат түбір, арифметикалық квадрат түбір, толық квадрат санның түбірі, иррационал өрнек, түбір астындағы өрнек, калькулятор, жуықталған мән.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Квадрат түбірдің мәнін ... дейін жуықтап есептеңіз.

Квадрат түбірдің мәнін үтірден кейін екі тағбаға жуықтау дегеніміз ...

 Құндылықтарды дарыту

 

Құндылықтарды дарыту берілген сабақта жоспарланған іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады. Оқуға, жағдайды талдауға, жаңа шарттарға бейімделуге, мәселе қоюға және шешім қабылдауға, топта жұмыс істеуге, өзінің жұмысының сапасына жауап беруге, өзінің уақытын ұйымдастыруға дағдылану.

 Пәнаралық байланыстар

Физикамен байланысы берілген биіктіктен құлаған дененің уақытын табу жайлы қолданбалы есепте жүзеге асады.

Географиямен байланысы бақылаушының берілген жағдайы арқылы көкжиектің қашықтығын есептеу жайлы қолданбалы есепте жүзеге асады. Осыдан кейін оқушылар өздерінің шешімдерін 1975 ж теңізбен жүзу кестесі арқылы тексереді.

Геометриямен байланысы дөңгелектің берілген ауданы бойынша оның радиусын табу арқылы жүзеге асады.

Бастапқы білім

Оқушылар бұрын арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттерін оқыды, оларды есептер шешуде қолдана алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-2

2-4

4-9

  • Ұйымдастыру кезеңі. Мақсат қою

Мұғалім сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатын айтады. Оқушылармен бірге сабақ мақсаттары тұжырымдалады. Әрі қарай, мұғалім бағалау критерийлерін айтады, оқушылардың «жақын даму аймағы», сабақтың күтілетін нәтижелері айқындалады.

  • Ынталандыру сәті.

Пәнге қызығушылықты арттыру мақсатында мұғалім оқушыларға квадрат түбірдің Күні жайлы айтады.

3. Өткенді қайталау.

Оқушылар өздері арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттеріне тапсырмаларды орындайды. Тапсырманы аяқтағаннан кейін оқушылар слайдтағы дайын жауаптар бойынша өзара бағалауды орындайды.

Презентация

Слайд 1-3

Презентация

Слайд 4

Презентация

Слайд 5

Сабақ ортасы

9-17

17-27

27-34

34-43

4. Қолданбалы есептерді шешу. Жұптық жұмыс.

Мұғалім оқушыларға физикадағы, географиядағы және геометриядағы белгілі фактілермен байланысты қолданбалы есептерді шешуді ұсынады.

Оқушылар жұпта тапсырмаларды талқылайды және орындайды. Мұғалім жұмысты бақылайды. Жұмыс аяқталғаннан кейін жұптар шешімдерімен алмасып, берілген критерийлер бойынша өзара тексеру жүзеге асады. Осыдан кейін мұғалім слайдтарда дұрыс жауаптарды көрсетеді. Көкжиектің қашықтығы туралы есепте оқушылар нақты теңіз жағдайларында қолданылатын 1975 ж теңізбен жүзу кестесінің көмегімен тексеретініне мұғалім назар аударады.

Бағалау критерийлері:

Есеп 1

  • формуласынан t айнымалысын дұрыс өрнектейді;
  • Дененің құлау уақытын табу үшін алынған формуланы дұрыс қолданады;
  • Жауапты берілген дәлдікпен ұсынады.

Есеп 2

  • Көкжиектің қашықтығын табу үшін формуласын дұрыс қолданады;
  • Жауапты берілген дәлдікпен ұсынады.

Есеп 3

  • Дөңгелек ауданының формуласынан радиусты дұрыс өрнектейді;
  • Жауапты берілген дәлдікпен ұсынады.

5. Тест.

Оқушылар тапсырманы жеке орындайды. Мұғалім оқушыларға көмек көрсетпейді.

Тест аяқталғаннан кейін оқушылар тесттің кілті арқылы өзара тексеруді орындайды.

Кері байланыс ретінде оқушыларға келесі шәкіл ұсынады:

0-5 балл – «Саған мұғалімнің көмегі қажет

6-8 балл – «Өткен материалды өз бетіңмен қайтала»

9-10 балл – «Өте жақсы нәтиже, бірақ босаңсыма

6. Топтық жұмыс.

Оқушылар кіші топтарға бірігіп, тапсырмаларды орындайды. Тапсырмалардың шешімдерін постерлерге жазады. Кейбір оқушылар өздерінің шешімдерін ауызша айтады. Мұғалім топтың шешімдерін критерий бойынша бағалайды. Кейін топтарға кері байланыс беріп, топтық жұмыстың қорытындысын береді.

Бағалау критерийлері:

  • Квадрат түбірлердің мәнін бағалайды;
  • Квадрат түбірлердің мәнін бағалау арқылы өрнектің мағынасының болуы туралы қорытынды жасайды;
  • Квадрат түбірлердің мәндерін дұрыс бағалайды;
  • Теңсіздіктің шешімі болмайтын сандарды дұрыс анықтайды;
  • жуықтауы арқылы сандық өрнекке қажетті түрлендірулер жасайды;
  • Сандық өрнекті түрлендіру үшін арифметикалық квадрат түбірдің қасиетін қолданады;
  • Калькуляторды қолданбай, санның мәнін жуықтап есептейді.

7. Өздік жұмыс.

Оқушылар өз бетімен тапсырмаларды орындайды, мұғалім көмек көрсетпейді. Әрбір тапсырма үшін оқушыларға дескрипторлар ұсынылады. Тапсырмаларды орындап болғаннан кейін, мұғалім оқушылардың жұмысын бағалап, 8.1.2.2 оқу мақсатына жету бойынша шешім қабылдайды.

Бағалау критерийлері:

  • Квадрат түбірдің мәнін дұрыс бағалайды;
  • Теңсіздік қасиеттерін дұрыс қолданады;
  • Жауапқа толық негіздеме келтіреді.

Презентация

Слайд 6-9

Қосымша 1

Қосымша 2

Қосымша 3

Қосымша 4

Сабақтың соңы

43-45

  • Сабақты қорытындылау.

Мұғалім сабақ мақсаттарына қайта оралады, олардың жету деңгейін талқылайды. Келесі сабақтарды жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, неге үйрендім;

- не түсініксіз болып қалды;

- не бойынша әлі де жұмыс істеу қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылана алады.

Презентация

Слайд 10

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Сабақта өзіне сенімсіз оқушылар біршама қабілетті оқушылармен бірге жұпта жұмыс жасайтындай етіп жасалған, сонда олар қабілетті оқушылармен жұмыс жасағанда көбірек біле алады.

Қабілетті оқушылар өздерінің қабілеттерін консультант ретінде айқындай алады.

Жұптағы немесе жеке жұмыстарда Сіз өзіне сенімсіз оқушыларға көмекші сұрақтар қою арқылы көмектесе аласыз.

Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзін-өзі бағалау, мұғалімнің критерий бойынша бағалауы). Оқушылардың тапсырманы орындау барысындағы қатысуы және диалогқа қатысуын бағылау арқылы бағалау.

Жұптағы, топтағы тапсырмаларды орындауға жауапты реакция және прогресс әр оқушының үлесін бағалауға және қателердің бар болуын анықтау үшін қарастырылады.

Сабақтың барлық кезеңдеріндегі бағалау нәтижелерін ескеріп, сонымен қатар, өздік жұмыстың нәтижесі бойынша мұғалім оқушылардың мақсатқа жетуі бойынша қорытынды жасалады.

Барлық тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп алынған. Іс-әрекеттердің ауысып отыруы ең үлкен нәтижеге қол жеткізу мақсатында оқушылардың күші мен зейінін дұрыс үлестіруге ықпалын тигізеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу