Көпмүшелер. Қысқаша көбейту формулалары. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал. 1 сабақ.
Сабақты өткізуге әдістемелік нұсқаулар
Сабақ тақырыбы: Көпмүшелер. Қысқаша көбейту формулалары.
Сабақ түрі: Бекіту сабағы
Оқу мақсаты:
7.2.1.13
көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындау;
7.1.2.14
тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану;
Сабақ мақсаттары:
Оқушылар:
- көпмүшелерге амалдар қолдану, көпмүшелерді көбейткіштерге жіктеу арқылы алгебралық өрнектерді тепе-тең түрлендірулерді орындайды;
- тиімді есептеу үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады
Сабақ құрылымы:
- Ұйымдастыру кезеңі
- Үй тапсырмасын тексеру
- Сыныппен жұмыс.
- Ауызша есептеу.
- Тексеру жұмысы.
- Жеке өздік жұмыс.
- Үй тапсырмасы. Рефлексия.
Көрсетілім мен қауіпсіздік техникасына қойылатын нұсқаулар
Материалдың сабақ барысындағы көрсетілімі Power Point бағдарламасы көмегімен жүзеге асады. Слайдтарды мұғалімге сабақтың алдында қарап шығып, оларды бір-бірден көрсетіп отырған жөн. Жеке қосымша құжат түрінде жазылған тапсырмалар слайдта болғанымен, оларды параққа басып, әрбір оқушыға жеке ұсынған жөн. Сонымен, олардың сабақ үстінде интерактивті тақтамен жұмыс жасау уақытын үнемдеуге болады.
Сабақты ұйымдастыру бойынша қосымша әдістемелік нұсқаулықтар
Бұл сабақ белсенді оқыту әдісі негізінде құрылған, өйткені кез келген жаңа ұғым берілер алдында оқушыларға қандай да бір сұрақтар/тапсырмалар беріледі. Содан кейін оқушылардың жауаптары негізінде мұғалім олардың жауаптарын толықтырып, жаңа ұғымның анықтамасын оқушылармен бірге қорытады/жетелейді. Сабақ бойы немесе аяғында оқушылардың осы тақырып бойынша негізгі қателеріне назар аударып, оларды үнемі басты назарға алыңыз.
Саралауға арналған қосымша тапсырмалар
Қосымша тапсырмалар:
- Санды өрнектердің мәндерін неғұрлым тиімді тәсілмен табыңыз:
Формативті бағалау бойынша ұсыныстар.
Формативті бағалау сабақтың әр кезеңінде өткізіледі (өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы). Оқушылардың сабақ үстіндегі талқылауларға қатысуы мұғалімнің бақылауы бойынша ауызша кері байланыс арқылы бағаланады. Оқушыларға сабақ бойы берілетін жеке, топтық немесе бүкіл сыныптық кері байланыс олардың қателерін айқындап, алдағы уақытта болдырмауына себеп болады.
Қажетті интернет-сілтемелер мен әдебиеттер.
Алгебра. 8-сынып: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық/ Шыныбеков Ә.Н. – 3-басылымы. – Алматы: «Атамұра», 2012.
Галицкий М.Л., Гольдман А.М., Звавич Л.И. Сборник задач по алгебре для 8-9 кл. Москва «Просвещение» 2001.
Л.И. Мартышова Контрольно-измерительные материалы, алгебра 7 класс, М., ВАКО, 2010
М.К. Потапов, А.В. Шевкин , алгебра, 7 класс, дидактические материалы, Москва, «Просвеще
ние», 2009
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?