Иррационал сандар және нақты сандар. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал.


 Сабаққа әдістемелік нұсқаулық

 тақырыбы/бөлімшесі «Нақты сандар»

 «Квадрат түбір және иррационал өрнек» бөлімі

 

Сабақтың тақырыбы: Иррационал сандар және нақты сандар

Оқу мақсаты:

8.1.1.1 иррационал және нақты сандар ұғымдарын меңгеру.

Бұл сабақта оқушылар иррационал және нақты сандар ұғымдарымен танысады.

 

 Теориялық материал.

Теорема 1. Q рационал сандар жиынының маңызды ерекшелігі оның қосу, азайту, көбейту, бөлу (нөлден өзге), натурал дәрежеге шығару амалдарының тұйықтылығы болып табылады. Рационал сандарға қолданылатын осы амалдардың нәтижесінде біз қайтадан рационал сан аламыз.

Анықтама:

Иррационал сан деп кез келген шексіз периодсыз ондық бөлшекті айтамыз. Иррационал санды қатынасы түрінде және керісінше жаза алмаймыз. түріне келтірілмейтін кез келген сан иррационал сан болады.

 Сабақты ұйымдастыруға арналған нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық

 

 Сабақтың құрылымы мен ұйымдастырылуы оқушылардың сабақты меңгеруге белсенді араласуына негізделген. Сабақ оқушылардың бұрынғы өткен материалдарын қолдану арқылы жаңа материалды өздіктерінен меңгеруге бағытталған. Осыған орай мұғалім оқушыларға жоғары деңгейдегі сұрақтар қойып, олардың ойлануына уақыт бөлу арқылы олардың жаңа білімді меңгеруіне көмектеседі.

 Материалды таныстыру PowerPoint презентациясы арқылы және bilimland сайтын қолдану арқылы жүргізіледі.

 Қалыптастырушы бағалау сабақтың әрбір кезеңінде жүргізіледі. Өзін-өзі бағалау, критерий бойынша мұғалімнің бағалауы, сонымен бірге бақылау арқылы. Оқушылардың жұмысты орындауға белсенділігін және диалогқа қатысуын бақылау арқылы бағаланады.

 

 Қосымша тапсырмалар

 

1. Натурал сандарға 3 мысал келтіріңіз.

2. Бүтін сандарға 3 мысал келтіріңіз.

3. Рационал сандарға 3 мысал келтіріңіз.

4. Көршілерімен жауаптарынды салыстырып, талқылаңыз . Эйлер шеңбері арқылы қандай сандард білетіндеріңізді көрсетіңіз:

N ⊂ Z ⊂ Q . Q= { ;,mZ ,nN}

Рационал сандар жиыны: қысқармайтын бөлшектер жиыны. Сонда жазу мына түрде болады:

Q = {,mZ ,nN;НОД(m;n)=1}.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу