Қысқаша көбейту формулалары. Алгебра, 8 сынып, қосымша материал.
№1 сабаққа әдістемелік нұсқаулық
7 сынып курсын қайталау үшін
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулалары
Оқу мақсаттары:
7.1.2.14 қарапайым есептеулер үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану
7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу
7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру
Сабақты ұйымдастыруға арналған нұсқаулық. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулық
Сабақтың басында қысқаша көбейту формулаларын қайталауға арналған ойын ұйымдастырылады. Мұғалім сыныптың деңгейіне байланысты өз сұрақтарын қоя алады.
Сабақтың басындағы жұппен жұмыс оқушыларға берілген есепті шығару идеясын бірге еске түсіруге, ал шешімді серіктесіне түсіндіру материалды бекітуге көмектеседі.
Жеке жұмысты өзара бағалау оқушылардың бір-біріне кемшіліктерді дұрыстауға көмектеседі. Оқушылар қателерді тауып, оларды түзетулері маңызды.
Сабақтың соңында оқушыларға өздіктерінен орындауға уақыт беріледі, кейін тапсырмаларды тексеру жүргізіледі.
Сабақ бойы оқушылардың тілдік мақсатқа жетуіне көп назар аудаылады. Әрбір кезеңдегі жұмыс ауызша түсіндіріледі.
Әртүрлі деңгейдегі қосымша тапсырмалар
В деңгейі
1) Теңдеуді шешіңіз (3х + 1)2 – 9(х + 1)(х – 1) = 0.
Жауабы: – .
2) Өрнекті ықшамдаңыз (3 – 2а)2 – 4(а – 2)(2 + а) – (а + 3)(9 + а2 – 3а).
Жауабы: – а3 – 12а – 2;
С деңгейі
1) Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз а3 + 18 – 2а2 – 9а .
Жауабы: (а – 3)(а – 2)(а + 3).
Жауаптары мен шешімдері
Топпен жұмыс
1. Кез келген натурал n үшін өрнегі 6-ға бөлінбейтінін дәлелдеңіз.
Шешуі.
Екі қосылғыштың біреуі ғана 6-ға бөлінетіндіктен, шыққан өрнек 6-ға бөлінбейді.
2. Өрнектің мәнін табыңыз .
Жауабы: 81.
Жеке жұмыс
1. Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып өрнегінің мәнін табыңыз.
Шешуі.
2. Өрнектің мәнін есептеңіз: .
Шешуі.
.
3. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: .
Шешуі.
4. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: .
Шешуі.
5. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: .
Шешуі.
6. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: .
Шешуі.
Қажетті сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
- Макарычев Ю.Н., Миндюк Н.Г., Нешков К.И., Феоктистов И.Е. Алгебра. 7 класс : учеб. для учащихся общеобразоват. учреждений – М. : Мнемозина, 2008.
- Ганенкова И.С. Математика. 8-9 классы: многоуровневые самостоятельные работы в форме тестов. – Волгоград: Учитель, 2008.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?