Қысқаша көбейту формулалары. Алгебра, 8 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.1А Квадрат түбір және иррационал өрнек | Мектеп: Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | ||||||||||||||
Сынып: 8 | Қатысқандар саны: | Қатысқандар саны: | |||||||||||||
Сабақтың тақырыбы | Қысқаша көбейту формулалары | ||||||||||||||
Сабақтың түрі | Білімді кешенді қолдану сабағы | ||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.1.2.14 қарапайым есептеулер үшін қысқаша көбейту формулаларын қолдану 7.2.1.14 алгебралық өрнектерді қысқаша көбейту формулалары арқылы көбейткіштерге жіктеу 7.2.1.15 қысқаша көбейту формулалары арқылы алгебралық өрнектерді теңбе-тең түрлендіру | ||||||||||||||
Сабақтың мақсаты | Оқушылар: - алгебралық өрнектердегі көпмүшелерді түрлендіру үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады; - қарапайым есептеулер үшін қысқаша көбейту формулаларын қолданады. | ||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||
Тілдік мақсат
| Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын ауызша тұжырымдайды, алгебралық өрнектерді түрлендіруді ауызша түсіндіреді, есептеуге арналған тиімді жолды таңдауды пайымдайды. Пәндік лексика және терминология Бірмүше, көпмүше, айнымалы, екі еселенген көбейтінді, үш еселенген көбейтінді, қосындының квадраты, айырманың квадраты, қосындының кубы, айырманың кубы, кубтардың қосындысы, кубтардың айырмасы Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер Екі өрнектің квадраттарының айырмасының формуласын қолданамыз. … өрнектің екі еселенген көбейтіндісінің квадраты түрінде қарастырамыз … және … | ||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыни ойлау. Өз ойларын айта алу. Оқушылардың сабақтағы іс-әрекеттері арқылы жүзеге асады. | ||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Алгебралық түрлендірулер жүргізе алу және тиімді есептеулер жүргізе алу дағдылары жаратылыстану-математика бағытындағы ғылымдарды оқығанда қажет болады. | ||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар қысқаша көбейту формулаларын біледі және қолданады. | ||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | |||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 6 мин | Ұйымдастыру бөлімі Мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлайды. Білімді жаңғырту Маериалды қайталау үшін «Сыйлық жібер» ойыны ойналады. Кішкене сыйлық қағазға оралады. Әуен ойнап тұрғанда, оқушылар шеңбер бойымен бір-біріне сыйлықты береді; әуен тоқтағанда оқушы бір қабатын ашады. Әрбір қабатта сабақтың тақырыбына байланысты сұрақ болады. Оқушы сұраққа жауап береді де, сыйлықтың өзіне жеткенше ары қарай жалғастырады. Сұрақтар: Екі өрнектің қосындысының квадратының формуласын жаз және айт. Қандай екі өрнектің көбейтіндісі оның квадраттарының айырмасын береді? Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеді? Мысал келтір. Екі өрнектің кубтарының айырмасының формуласын жаз және айт. Қандай екі өрнекті көбейткенде оның кубтарының қосындысын алуға болады? Квадрат үшмүшелік деген не? | Презентация 1-2 слайдтар | |||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 12 мин 13 мин | Топпен жұмыс Әрбір жұп екі тапсырманың бірін орындайды. Кейін әртүрлі есептерді шығарған екі оқушы бірігіп, бір-біріне қалай шығарғандарын түсіндіреді. 1. Кез келген натурал n үшін өрнегі 6-ға бөлінбейтінін дәлелде. 2. Өрнектің мәнін тап: .
Дескрипторлар: - Сәйкес қысқаша көбейту формуласын қолданады - Өрнекті ықшамдайды - Сәйкес қорытынды шығарады Жеке жұмыс Оқушылар өздіктерінен жұмыстанады, кейін 6 оқушыдан тұратын топта өзара бағалау жүргізеді. Әрбір оқушы алты карточканың бірін және жауап парағын алады. Оқушылар жауап парағындағы тапсырма нөміріне сәйкес ұяшыққа жауаптарын жазады. Мұғалімнің белгісімен оқушылар тапсырманы өз тобының ішінде шеңбер бойымен барлық тапсырма орындалғанға дейін жалғастырады. Кейін мұғалім әрбір оқушыға бір тапсырманың шешімін береді, оқушылар шешімді түсініп алады да өз тобындағы барлық оқушының сол тапсырмасын тексеріп шығады. Егер шешім дұрыс болса, + таңбасы, егер қате болса – таңбасы қойылады. Тексерілген жұмыстарды оқушылар алған соң олар қатемен жұмыс орындайды. Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, жетелеуші сұрақтар қоя алады. 1. Қысқаша көбейту формуласын пайдаланып өрнегінің мәнін табыңыз. 2. Өрнектің мәнін есептеңіз: . 3. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: . 4. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: . 5. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: . 6. Өрнекті көбейткіштерге жіктеңіз: . Дескрипторлар: - Сәйкес қысқаша көбейту формуласын қолданады - Өрнекті ықшамдайды Сыныппен жұмыс Алдымен оқушылар тапсырманы өздіктерінен орындайды. 1. Өрнекті ықшамдаңыз 2. Өрнектің мәні айнымалыға тәуелді ме Қалыптастырушы бағалау үшін мұғалім оқушылардың комментарийлеріне сүйеніп шешімді тақтаға жазады. Мұғалім допты лақтырған оқушы бастайды. Ол шешімнің бір қадамын айтады, сосын допты келесі оқушыға лақтырады. Сондықтан барлық оқушылар бір-бірін мұқият тыңдап отырулары керек. Мұғалім математикалық тілдің дұрыс қолданылуын бақылайды. Дескрипторлар - Бөлшектің қосындысын / айырмасын табады - Бөлшекті көбейтуді /бөлуді орындайды - Сәйкес қысқаша көбейту формуласын қолданады - Өрнекті ықшамдайды - Сұраққа жауап береді | 3 слайд Қосымша 1 4 слайд | |||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Үй тапсырмасы 1. Егер m – n = 4 болса, m2 – 2mn + n2 – 5m + 5n – 7 көпмүшесінің мәнін табыңыз. (Жауабы: -11.) 2. х= -0,5 болғанда 64х3-144х2+108х-27 өрнегінің мәнін табыңыз. (Жауабы: -125.) 3. Өрнектің мәнін табыңыз (Жауабы: 225.) Рефлексия Нені жақсы орындадыңыз? Не қиындық тудырды? Неге ол қиын болды? Сіз оны қалай шештіңіз? | Қосымша 2 5 слайд | |||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||
Өзара оқуға мүмкіндік жасалады. | Топта өзара бағалау, тақтаға жау арқылы өзін-өзі бағалау жүргізіледі. | Оқушылар іс-әрекет түрлерін өзгертіп отырады. | |||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
| ||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?