Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.4B Алгебралық бөлшектер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің ТАӘ:

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Алгебралық бөлшек және оның негізгі қасиеті

Сабақтың түрі

Жаңа тақырыпты меңгерту

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.1.16

алгебралық бөлшектерді танып білу;

7.2.1.17

алгебралық бөлшектегі айнымалылардың мүмкін мәндер жиынын табу;

7.2.1.18 алгебралық бөлшектің негізгі қасиетін қолдану: ;

Сабақ

 мақсаттары

Оқушыларда алгебралық бөлшектер ұғымы туралы білімді қалыптастыру және олардың негізгі қасиеттерін қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Бағалау

 критерийлері

  • 1. Алгебралық бөлшек ұғымын біледі;
  • 2. Алгебралық бөлшектердің негізгі қасиеттерін біледі;
  • 3. Есептер шығаруда алгебралық бөлшектердің негізгі қасиетін қолданады;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар :

тақырыптық сөздікті дәл пайдаланып алгебралық бөлшек және оның мүмкін мәндер жиыны ұғымдары туралы өз қорытындысын талқылай алады.

Пәндік лексика және терминология

- айнымалы;

- бөлшек

- алымы;

- бөлімі;

- мүмкін мәндер жиыны;

- мүмкін болмайтын мәндер жиыны;

- алгебралық бөлшек;

- алгебралық бөлшектің негізгі қасиеті.

Құндылықтарды

  дарыту

Қазақстанның әсем табиғаты Қайыңды көлі туралы ақпарат алу арқылы Отанымыздың қоршаған ортасына деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

Жұппен, топпен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке тәрбиелеу.

Пәнаралық

 байланыстар

География (Қазақстанның әсем табиғаты Қайыңды көлі туралы ақпарат алу).

АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдысын дамыту

Бастапқы білім

Жай бөлшектің негізгі қасиеті, жай бөлшекті қысқарту

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

  • мин

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындау.

3.Үй жұмысын тексеру (Үйге берген тапсырмалардың жауаптары интерактивті тақтада көрсетіледі және оқушылар жұптарымен дәптерлерін алмастырып, бір-бірін тексереді және бағалайды).

Жауабы:

1 – 6 2 – 7 3 – 1 4 – 5 5 – 2 6 – 3 7 – 4

Презентация

Сабақтың ортасы

2 мин

5 мин

8 мин

10 мин

10 мин

4. «Миға шабуыл» Сұрақ белгісінің орнына керек фигураны қойыңыз? Жауабы : +

5. Тапсырма орындау

Берілген өрнектердің ішінен алгебралық бөлшектерді табыңыз.

Қ

А

Б

Й

Ң

Ы

Д

Т

Ы

Е

Дұрыс жауабы: ҚАЙЫҢДЫ

 Қайыңды көлі - Қайыңды көлі көшкін жылжығанның нәтижесінде бір ғасыр астам бұрын пайда болған. Күнгей Алатауында орналасқан. Жолаушының көз алдында біршама сюрреалистік көрініс тұрады: суға батқан кемелерге ұқсас Тянь-Шань шыршаларының діңгектері тура судың ішінен 15 метрге дейін көтерілгендей. Алайда, суға түсем дегендерді өзгеше көрініс күтуде: олардың көз алдарына желдің самалымен есілген су бетінде шағылып, күн сәулесінен тараған кемпірқосақтың барлық түстерімен ойнақтаған саз балшықпен басылған ағаштар діңгектері көрінеді.

6. Жаңа тақырып.

Мұғалім жаңа тақырыпты түсіндіреді, мысалдарды оқушылармен талдайды.

Анықтама:

Айнымалының мүмкін мәндері- өрнектің мағынасы болатындай айнымалының мәндері. Ал өрнектің мағынасы болмайтын айнымалының мәндері  айнымалының мүмкін болмайтын мәндері деп аталады.

Мүмкін мәндер жиыны (ММЖ) деп белгілі өрнек үшін айнымалының мүмкін мәндерінің жиынын айтады.

Мысал 1. Алгебралық бөлшектің болғандағы мәнін табыңыздар:

Жауабы:

Мысал 2. Алгебралық бөлшектің болғандағы мәнін табыңыздар:

Жауабы:

Мысал 3. Алгебралық бөлшектің болғандағы мәнін табыңыздар:

Жауабы: шешімі жоқ

Оқушылардан мысалдардағы алгебралық өрнектердің мүмкін болатын мәндерін анықтауды сұрау қажет.

Анықтама енгізілгеннен кейін оқушылардан алгебралық бөлшектердің негізгі қасиетін жай бөлшектердің негізгі қасиеті арқылы тұжырымдауды сұралады.

Бөлшекті қысқарту дегеніміз - бөлшектің алымы мен бөлімін бірдей көбейткішке бөлу. Рационал бөлшектерді қысқартудың жай бөлшектерді қысқартудан айырмашылығы бар.Рационал бөлшекті қысқарту кезінде өрнектерді түрлендірудің әр түрлі тәсілдері, оның ішінде, қысқаша көбейту формулалары қолданылады. Бұл жерде бөлу амалын бөлгішке кері өрнекке көбейтумен алмастырған дұрыс.

Мысал 1

Алгебралық бөлшекті қысқартыңыз:

Мысал 2

Алгебралық бөлшекті қысқартыңыз:

«Түрткі болу» сұрақтары:

Алгебралық бөлшек деген не?

Алгебралық бөлшектің мәні деген не?

Бөлшекті қысқарту деген не?

Бөлшектің негізгі қандай қасиеті бар?

Алгебралық бөлшектің жай бөлшектен қандай айырмашылығы бар?

Алгебралық бөлшектерді қысқартуға бола ма және қандай жолдарын білесіз?

Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

Көпмүшені көбейткіштерге қалай жіктеуге болады?

7. Ауызша тапсырма

; ; ; ;

8. Жұппен жұмыс

Бөлшекке кіретін әріптердің мүмкін мәндерін табыңыздар.

Айнымалының қандай мәнінде алгебралық өрнектің мағынасы болмайтынын көрсетіңіз:

1.3.

8.Жұппен жұмыс

Айнымалының қандай мәнінде алгебралық бөлшектің мағынасы болмайтынын көрсетіңіз:

1.4.

1.5.

Оқушылар бір-бірін тексеру арқылы бағалайды.

9. Жеке жұмыс

Берілген алгебралық бөлшектерді қысқартыңыздар:

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

Презентация

Презентация

Қосымша

Сабақтың соңы

5 мин

Үй жұмысы.

1.6 Алгебралық бөлшекті қысқартыңыз:

Сабақты қорытындылау

Рефлексия

«Артықшылығы»

«Кемшілігі»

«Қызық болғаны»

Қосымша

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұпта жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындалған.

Өзін-өзі бағалау және бір-бірін бағалау түрлері қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс және жеке жұмыс ұйымдастырылады.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу