Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

7.4 A Шеңбер. Геометриялық салулар

Мектеп: Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Құспанғали Абзал Серікұлы

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы: Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы. Екі шеңбердің өзара орналасуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.2.12

түзу мен шеңбердің, екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын талдау;

 Сабақ мақсаттары

  • Түзу мен шеңбердің өзара орналасу жағдайларын зерттей алу;
  • Шеңберге жүргізілген жанама түзу мен қиюшыны ажырата алу;

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

  • Шеңбердің элементтерін біледі;

.• Түзу мен шеңбердің өзара орналасу жағдайларын анықтай алады;

• Шеңберге жанама жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

• шеңбердің негізгі элементтерін түсінеді және ауызша

түсіндіре алады,

• оларды анықтау үдірісін сипаттай алады.

• шеңбер мен түзудің өзара орналасу жағдайларын анықтайды

және жазбаша сипаттай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Қазақ тілінде

Орыс тілінде

Ағылшын тілінде

Шеңбер

окружность

Circle

Дөңгелек

круг

Circle

Радиус

радиус

Radius

Центр

центр

Centre

Хорда

хорда

Chord

Диаметр

диаметр

Diameter

Доға

дуга

Arc

Центрлік бұрыш

центральный угол

Central angle

Қиюшы

секущая

Secant

Жанама

касательная

Tangent

Нүкте

точка

Point

Түзу

прямая

Line

Диалогқа қажет сөз тіркестері:

Егер шеңбердің центрінен, .... түзуіне дейінгі қашықтық .... болса, онда .....

Оны қалай білесің?

Шеңбер мен түзудің орналасуының қандай жағдайлары болады?

 Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылардың бір-бірін сыйлауға, математикалық тілде сауатты сөйлеуге, өз ойларын нақты жеткізе білуге баулу. Оқушыларды ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу. Оқушылардың ойын жеткізе білуін және ой өрісін дамыту, шығармашылықпен жұмыс жасауға дағдыландыру. Әлеуметтік бейімдеу және өз мәдениеті мен тіліне деген құрмет.

 Пәнаралық байланыстар

• Оқушылар пәнге қатысты термин сөздермен қазақ, орыс, ағылшын тілдері бойынша үш тілде сабақ басында жұмыс жасайды, ал топтық жұмыс жасап жобаларын қорғаған кезде ағылшын тілінде 1-2 сөйлемнен айтып дағдыланады.

• Шеңбер мен түзудің өзара орналасуын жетік меңгерген оқушы информатика пәнінде Paint, Word, CorelDraw, т.с.с программаларды еркін сызып элементтерін орнымен пайдалана алады.

• Сабақ барысында циркуль мен сызғыштың көмегімен шеңберді, жанаманы дұрыс сызып үйрену арқылы сызу пәнінің элементтерін орындайды.

 АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану дағдыларын дамыту

Бастапқы білім

Шеңбер және оның элементтері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 минут

4 минут

Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу, сабақ мақсатын қойып тақырыпты жазғызу.

Оқушылар «Атом. Молекула» әдісі бойынша үш топқа бөліп отырады. (Мұғалім «Атом, атом, атом ...» сөзін айтқан кезде оқушылар үздіксіз қозғалып араласады, ал мұғалім «Молекула 4 атомнан тұрады» дегенде оқушылар қозғалыс кезінде төртеуден молекула құрай қалады.)

Бөлінген үш топқа өткен сабақ тақырыбы бойынша өз ойларын айтқызу. Үйге берілген тапсырманы тексеру. Сұрақтар қою. Тақырыпқа қатысты пәндік терминологияларды үйлестіріп беру, кезекпен айтқызу.

Топтық жұмыс ережелері

  • Өзара сыйластық
  • Басқаның ойын бөлмей тыңдау
  • Өз ойын сауатты, анық жеткізу
  • Топ ішінде бәсең дауыспен сөйлесу
  • Өзара ынтымақта болу, көмектесу
  • Анықтамалар мен теоремаларды нақты анық айту
  • Қарсы топты әділ бағалау
  • Сызбаларды мұқият құрастыру
  • Термин сөздерді үш тілде пайдалану

Топтарды бір–бірлерін «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалату.

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

30 минут

Топтық жұмыс. (20 мин)

Үш топ жаңа сабақ материалын игеру бойынша жұмыс жасайды

1 – топ

Түзу мен шеңбердің ортақ нүктесі жоқ.

2 – топ

Түзу мен шеңбердің бір ғана ортақ нүктесі бар.

3 – топ

Түзу мен шеңбердің екі ортақ нүктесі бар.

Үш топ жобаларын қорғайды және топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша бағалайды.

Жұптық жұмыс (5 мин)

Оқушылар жұппен түзу мен шеңбердің өзара орналасуын анықтауға геометриялық фигуралардың сызбалары мен белгілеулерін сәйкестендіріп талдау жасайды. Тапсырмаларды орындап болған соң сағат тілімен әр

бір келесі жұп бағалап рефлексия жазады.

Жұптық жұмыс ережелері:

  • Өзара сыйластықты қалыптастыру
  • Бірлесіп жұмыс жасау
  • Тапсырмада берілген бағалау критерийлерін мұқият оқу
  • Есептің шартын түсіну және бір-біріне түсіндіру
  • Өзге жұптың жұмысын бағалау критерийлеріне сай бағалау

Оқушылардың жұптық жұмысынан кейін мұғалім мен оқушылар видеоны қарап, бүгінгі өткен теорияға қорытынды жасайды.

Жеке жұмыс (5 мин)

Өзін-өзі бағалауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар

 1. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуы неге байланысты?

 2. Түзу мен шеңбердің өзара орналасуының жағдайларын атаңыз.

 3. Қандай түзу шеңберге жанама деп аталады?

 

Есеп 1. Екі шеңбердің центрлерінің арақашықтығы 20 см. Бірінші шеңбердің радиусы 10 см, ал екінші шеңбердің радиусы 22 см. Екі шеңбердің қанша ортақ нүктесі бар?

Есеп 2. Сурет бойынша үш шеңбердің радиустарын анықтаңыздар.

Есеп 3. (жеке жұмысты уақытынан бұрын орындап болған оқушыларға қосымша есеп)

k түзуі жанама болып табылады. мәні қандай болады?

Қосымша 2

Видео

Презентация

Презентация

ІІІ.Cабақтың соңы

Рефлексия

3 минут

Үй тапсырмасы

2 минут

Қорытындылау 3 минут

Таңдау рефлексиясы ( 3 мин)

Сынып:

Оқушы:

1

Мен сабақта жұмыс жасадым

белсенді

баяу

2

Сабақтағы өз жұмысыма

ризамын

риза емеспін

3

Сабақ барысында мен

шаршадым

шаршамадым

4

Менің көңіл күйім

жақсарды

жаман

5

Сабақ мен үшін .... болды

ұзақ

қысқа

6

Сабақтың маған .... болды

түсінікті

қызықты

пайдалы

түсініксіз

қызықсыз

пайдасыз

Үй тапсырмасына есептер беру. (2 мин)

Есеп 4.

А) Ортақ нүктесі болмайтындай етіп l түзуі мен с шеңберін салыңыздар. l түзуі және с шеңберімен тек бір ғана ортақ нүктесі болатындай етіп бірнеше шеңбер салыңыздар.

Б) әрі қарай с шеңберінің центрі арқылы l түзуіне перпендикуляр болатындай етіп m түзуін жүргізіңіздер. Центрі m түзуі бойында болатын, l түзуі мен с шеңберін тек бір ғана нүктеде қиятындай етіп екі шеңбер салыңыздар.

Мұғалім сабақ нәтижесі бойынша оқушыларға кері байланыс беріп, ауызша қалыптастырушы бағалайды.

Сұрақтары бар қорап

Кабинетте қорап қойылып, оған оқушылар сабақтың соңында өз сұрақтарын қалдыра алады. Бұл сұрақтар келесі сабақтың басында талқыланады.

Қосымша 3

Презентация

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады.

Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу