Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері. Алгебра, 7 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар:
Қысқа мерзімді жоспар: 7.3С бөлім. Түзулердің өзара орналасуы Сабақ түрі: өзара бірлесіп білім алу сабағы | Мектеп: Өскемен қаласы химия – биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Акиева А.Б. | ||||||||||||
Сынып: 7 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||
Сабақ тақырыбы | Тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілері | ||||||||||||
Сабақтың типі | Жаңа тақырыпты меңгерту | ||||||||||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 7.3.1.25 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін дәлелдеу; 7.3.1.26 тікбұрышты үшбұрыштар теңдігінің белгілерін есептер шығаруда қолдану. | ||||||||||||
Сабақ мақсаттары |
| ||||||||||||
Бағалау критерийлері | Үшбұрыштардың теңдік белгілерін біледі; Үшбұрыштардың теңдік белгілері негізінде тікбұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілерін дәлелдейді; Тікбұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілерін есеп шығаруда қолданады. | ||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар: Тік бұрышты үшбұрыштың элементтерін атайды Катет – катет – leg (L) Гипотенуза – гипотенуза – hypotenuse (H) Бұрыш – угол - аngle (A) Тік бұрыш – прямой угол – right angle Тікбұрышты үшбұрыш – прямоугольный треугольник - right angled triangle LL – 1 белгі: Катет, катет LA -2 белгі: Катет, оған іргелес сүйір бұрыш HA – 3 белгі: Гипотенуза, сүйір бұрыш HL – 4 белгі: Гипотенуза, катет | ||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқу, өз бетімен ақпаратты табу, жағдайды талдау, жаңа жағдайларға икемделу, мәселелерді қою және шешім қабылдау, жұпта жұмыс істеу, өз жұмысының сапасына жауап беру, өз уақытын ұйымдастыра білу; | ||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Біздің қоршаған ортада бұрыштар, түзулер, жазықтықтар мен фигуралар кездеседі. Бұл түсінікті дизайн мен технология және физика үшін қолдануға болады. | ||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентацияны қолдану | ||||||||||||
Бастапқы білім | Үшбұрыштардың теңдігінің белгілері | ||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||
Уақыт | Сабақтың жоспарланған кезеңдері | ресурстар | |||||||||||
Сабақ басы 3 минут | Өткен тақырыпқа шолу жасау. Үй тапсырмасын тексеру | Дәптерлері | |||||||||||
7 минут 10 минут 10 минут 10 минут | Теориялық бөлім: Жаңа тақырып: Үшбұрыштар теңдігінің белгілерін еске түсіру, Презентация арқылы тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерін түсіндіру Мақсаты: оқушылардың тікбұрышты үшбұрыштардың теңдігінің белгілерімен таныстыру.
Жұптық жұмыс Мақсаты: Тілдік мақсаттарға қол жеткізу, ағылшын тіліндегі тапсырмаларды орындайды, бірлесіп оқуды жүзеге асыру.
Деңгейлік тапсырмалар: Дәлелдеуге ағылшын және орыс тіліндегі тапсырмалар. Бекіту тапсырмалары. Дайын сызбамен есептер | презентация Таратпа қағаздар Қосымша 1 Таратпа қағаздар Қосымша 2 Презентация Қосымша 3 | |||||||||||
Сабақ соңы 5 минут | Үй тапсырмасы 174, 182 Оқушылар сабақты қаншалықты меңгергенің келесі кейіпкерлер көмегімен көрсетеді. Өз ойларымен бөліседі: - нені білдім, нені үйрендім - нені толық түсінбедім - немен жұмысты жалғастыру қажет | ||||||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу. Барлық оқушылар А,В,С тобының есептерін шығарады. Жоғары деңгейдегі оқушы тапсырманы жылдам аяқтаса, оған қосымша тапсырма беріледі. Орта деңгейдегі оқушылар С тобы есебіне қиналса, оларға мұғалім сұрақ қою арқылы бағыттауға болады. | Жұптық жұмыста өзара бағалау жүзеге асады; Тақтада есеп шығарғанда сыныптастарына түсіндіреді, сыныптастарының бағалауы; Деңгейлік тапсырмаларда А,В тобында дайын жауаптармен өзін өзі бағалау жүзеге асады; С тобының есептерін мұғалім бағалайды; Бекіту тапсырмаларын ауызша орындайды, топ лидері бағалайды | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттерімен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары | |||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: Оқушылар үшбұрыштар теңдігінің белгілеріне сүйеніп, тікбұрышты үшбұрыштардың теңдік белгілерін қорытып шығара алды. 2: Оқушылар барлық тапсырмаларды уақытында орындады Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: оқушылардың бірлесіп білім алуы ойлау қабілеттерін дамытады, сондықтан топтық жұмысты енгізу қажет еді Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? - Жоғарғы деңгей оқушылары деңгейлік тапсырмаларды уақытынан бұрын аяқтап, қосымша есепті де шығарып үлгерді. - орта деңгей оқушылары С тобы есебін шығарып үлгере алмаса немесе шығара алмаса, мұғалімнің көмегінен гөрі тапсырманы ерте аяқтаған жоғары деңгей оқушысы тапсырманы түсіндіріп беруді келесі сабақта қолданып көру қажет. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?